Жамбыл Жабаев (Балама хат)

 Жамбыл Жабаев (Балама хат)

Хатыңды, ботам, оқыдым,
Халіңді білдім сапардан.
Қуанып саған отырмын
Гвардеец атанған.
Сұраншы, Саурық секілді
Болыпсың, балам, қаһарман:
Қайтармай жаудан бетіңді,
Қаптаған қолға қасқарған.
Жазыпты сәлем достарың,
Сөздері семсер секілді
Құрыштан құрап қақталған;
Қыруар елден тоғысып
Жігіттер еді аттанған.
Қаймықпай жаумен соғысып,
Хабарын айтқан қайтарған.
Жазыпты бәрі хатыңда
«Құртамыз жауды жаһаннан.
Болмағы кәміл жақында
Жауыздың орны жаһаннам!»
Есіңде, балам, бар шығар,
Айтқаным Отан әмірін:
Шегінбе жаудан, жанды сал!
Шешілмек содан тағдырың.
Айнымай, балам, антыңнан
Әкеңнің тілін алыпсың.
Түсіндім түгел хатыңнан,
Тайынбай жауға барыпсың.
Өзіңді қыйып өлімге,
Арыңды сақтап қалыпсың.
Қамалын жаудың опырып,
Қоршаған шебін жарыпсың.
Өлігін жолға толтырып,
Табанға таптап салыпсың.
Көрері сол деп нәжістің,
Хатыңда, балам, жазыпсың.
Рыйзамын, балам, рыйзамын,
Рыйзамын ердің бәріне!
Аталық сөзім бұл, жаным,
Құлағын салсын кәріге:
Тыншығар күндер жеткен жоқ,
Майдан көп, балам, әлі де.
Қалтырар әлі жер мен көк
Төзе алмай халық кәріне.
Жауызға жасыл жарқылдар.
Найзағайдай сүзіліп,
Көк бұлыттан сарқылар.
Кіреріне жер таппай,
Залымдар сасып қалтырар.
Дауысың жарқын саңқылдар,
Мәртәбәң басып артылар.
Айбатың асар дұшпаннан,
Жауыздың күшін жапырар.і
Аянба, балам, аянба!
Бәлекет сонда аршылар.
Алғадай, ылғый алда бол.
Аянған адам болмақ қор!
Бәйгеге барын тігемін,
Сендерге арнап осы жол.
Достарыңа осыны айт:
Жауларыңды жеңіп қайт!
Айтарым, арнап саған сол

Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу
Пікірлер 5
  1. Оқырман ЖАНСАЯ
    Оқырман ЖАНСАЯ 02.04.2021 19:01
    2 + 0 -
    НЕГЕ ГОЙ ЭТО МАНЕРЛЕП ОКЫГАН ГА ОСЫ НОРМОЛЬНО
    1. Оқырман Нұрай
      Оқырман Нұрай 21.04.2021 20:49
      2 + 2 -
      Кетші
  2. Оқырман Инкар
    Оқырман Инкар 23.02.2021 19:17
    2 + 0 -
    Цитата: Әсел
    Өте керемет.Сіздерге көп рақмет.Әитпесе бүны таппай жүр.Рақмет сіздерге .????????
    1. Оқырман Инкар
      Оқырман Инкар 23.02.2021 19:20
      2 + 4 -
      0+0=0
    2. Тұйғынбек Шыңғыс
      3 + 0 -
      Өте жақсы???