Жамбыл Жабаев (Сәлем саған комсомол)

 Жамбыл Жабаев (Сәлем саған комсомол)

Көзімнің нұры секілді,
Сталин көсем өрені!
Сендерді айтсам, бұрқырап
Бойда қуат өреді.
Тас бұлақтай сырқырап.
Көңілге өлең келеді.
Басқа хауіп төнгенде,
Тұтасып жау келгенде,
Қаһар шашып, ұмтылдың
Кек бұрқырап кеудеңде.
Көк болатты киіндің,
Жауар күндей түйілдің,
Нажағайдай жарқылдап,
Тастүлектей шүйілдің.
Басты тіктің өлімге,
Қамал болдың еліңе;
Жауды бөгеп иірдің,
Өлігін жолға үйдірдің,
От, жалынға күйдірдің.
Қалғанын қайта жосылттың,
Жандарынан шошыттың.
Жас қаһарын таныттың,
Жалыныңа қарылттың.
Жесір қатын, кемпір, шал,
Жас бөбекке болып жар,
Құл-бұғаудан ағыттың!
Байтақ Отан бесігің,
Бахытқа ашқан есігің,
Бұл Отанның барында,
Балам, артық несібің!
Сендер Отан жанындай,
Тамырдағы қанындай,
Заводтағы жалындай,
Шахтыдағы сарындай,
Егіндегі дабырдай,
Әндетіп мал бағудай,
Дүбіріңді естимін
Дүбірлеген дауылдай.
Ұйым болып құралып,
Қуат болып келеге,
Толған айдай нұрланып,
Жыйырма беске келгенде,
Той жасатып, қуанып,
Қызығыңды көргенде:
Сәлем саған комсомол! —
Тойларыңды құттықтап,
Ән шырқаймын мен елде!
Тойларыңның үстінде
Бүкіл халық атынан
Рыйза болып Сталин
Алғыс айтар сендерге!

Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру