Жамбыл Жабаев (Аттандыру)
Атаңнан бата ал, балам,
Алшайып атқа мін, балам.
Ақ сақалым желбіреп
Артыңнан қарап мен қалам.
Құлағыңда құлыным,
Дауысым жүрсін жырлаған:
Алғадайым арлы едің,
Ата сөзін сыйлаған;
Перзентімнің алды едің
Көңілімді қыймаған.
Аттандырдым майданға,
Аман-есен жүр балам!
Абыройға ие бол,
Ағат баспа бір қадам.
Атақ берген атаңа
Ел қадірін біл балам!
Ел ерлігі, ел бірлігі
Сынға түскен бұл заман!
Саған айтқан сөзімнен
Сабақ алсын тыңдаған.
Айтылған сөз деп ұқсын,
Аңғарлы жан «бұл маған!»
Хош, хош балам! Хош айттым,
Қолымды міне, шошайттым!
Алшайып атқа мін, балам.
Ақ сақалым желбіреп
Артыңнан қарап мен қалам.
Құлағыңда құлыным,
Дауысым жүрсін жырлаған:
Алғадайым арлы едің,
Ата сөзін сыйлаған;
Перзентімнің алды едің
Көңілімді қыймаған.
Аттандырдым майданға,
Аман-есен жүр балам!
Абыройға ие бол,
Ағат баспа бір қадам.
Атақ берген атаңа
Ел қадірін біл балам!
Ел ерлігі, ел бірлігі
Сынға түскен бұл заман!
Саған айтқан сөзімнен
Сабақ алсын тыңдаған.
Айтылған сөз деп ұқсын,
Аңғарлы жан «бұл маған!»
Хош, хош балам! Хош айттым,
Қолымды міне, шошайттым!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: жамбыл жабаев Аттандыру өлең стихи на казахском жамбыл жабаев олен казакша, жамбыл жабаев өлеңдері, жамбыл жабаев олендери, жамбыл жабаев стихи на казахском, Аттандыру