Жамбыл Жабаев (Батыр туы)

 Жамбыл Жабаев (Батыр туы)

Туы тұрса қадаған
Ердің туған жерінде;
Атын айтпай оны адам
Қалай қыйсын өлімге?
Амангелді батырым
Сен тірісің өмірде!
Алысың мен жақының
Күнде сені көруде;
Қару-жарақ бойында,
Семсер, қылыш белінде.
Жүрсің жеңіс жолында,
Басшы болып шеруге.
Арыстандай долданып,
Қан майданның төрінде.
Алдаспанды қолға алып,
Ұран салып жеңуге.
Сен жүр демей не дейін,
Рух берсең өренге!
Тасытсаң ер мерейін
—Батыр бабам! — дегенде.
Ұрпағына бел болған,
Батырлар көп ел-елде.
Мұзбалақтай толғанам
Мен де сені көрем де.
Шолсам байтақ еліңді
Күш өреді денемде.
Осындай құт жеріңді
Жауға өренің берер ме?
Кілең батыр, жас берен
Достығы берік келеңде.
Елің еркін, өскелең
Жете бермек дегенге!
Қызыл туың желбірер,
Ленин берген, төбемде.
Жеңуі — хақ, сенеді ел
Ұлы СТАЛИН кемелге

Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру