Ғафу Қайырбеков (Ғали Ормановқа)
«Бүркітті» шыңның басында
Кезіккен кетпес естен күн.
«Баянжүрек» басында
Бақытты сағат кешкен күн.
Үш ақын едік онда біз,
(Ұласып ұрпақ өспей ме?)
Ұшатын едік онда біз
Қиялмен қия төскейге.
Ортада - менмін. Баста - Сіз,
Балапан жырау сәл артта.
Самғаушы едік бастап біз
Сәріде, сәтті сағатта.
Жоңғардың аппақ шындары:
«Жол болсын» дейтін кіл бізге.
Өлеңнің өршіл ұлдары
Шығушы ек шұғыла - күмбезге.
Самғауық әулет, сан ұрпақ –
Самұрық, бүркіт құстарың,
Қалатын еді таңырқап
Адамның көріп ұшқанын.
Қайтатын едік содан біз
Сақайып, шабыт, әл жинап.
Саптыаяқ толы cap қымыз
Қанына қайрат, нәр құймақ.
Ақын - достық қызық-ақ –
Серуен қиял - серікпіз.
Күн сәулесін үзіп ап,
Өлең жасаушы едік біз,
Шебер жасаушы - едік біз
Кезіккен кетпес естен күн.
«Баянжүрек» басында
Бақытты сағат кешкен күн.
Үш ақын едік онда біз,
(Ұласып ұрпақ өспей ме?)
Ұшатын едік онда біз
Қиялмен қия төскейге.
Ортада - менмін. Баста - Сіз,
Балапан жырау сәл артта.
Самғаушы едік бастап біз
Сәріде, сәтті сағатта.
Жоңғардың аппақ шындары:
«Жол болсын» дейтін кіл бізге.
Өлеңнің өршіл ұлдары
Шығушы ек шұғыла - күмбезге.
Самғауық әулет, сан ұрпақ –
Самұрық, бүркіт құстарың,
Қалатын еді таңырқап
Адамның көріп ұшқанын.
Қайтатын едік содан біз
Сақайып, шабыт, әл жинап.
Саптыаяқ толы cap қымыз
Қанына қайрат, нәр құймақ.
Ақын - достық қызық-ақ –
Серуен қиял - серікпіз.
Күн сәулесін үзіп ап,
Өлең жасаушы едік біз,
Шебер жасаушы - едік біз
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: ғафу қайырбеков Ғали Ормановқа өлең стихи на казахском гафу каирбеков олен казакша, ғафу қайырбеков өлеңдері, гафу каирбеков олендери, гафу каирбеков стихи на казахском, Ғали Ормановқа