Ғафу Қайырбеков (Біз гүл едік)

Біз гүл едік
Ортақ майда көктеген,
Көп гүл едік
Көктем берген леппенен.
Достық деген
Алтын арқан байланып,
Қосақталып
Бір қазықтан кетпеген.
Обалың не –
Бірдей қатар дүзедік,
Махаббаттан
Жүз тіріліп, жүз өліп.
Ығы-жығы Жәрмеңкенің төсінде
Сырнайлатқан
Сырбаздарың біз едік.
Тауға қарап
Ақша бұлттар көшкенде,
Дария бойлап,
Ақ қайықтар ескенде,
Біз екен – деп
Ойлап қалам елегзіп,
Я - сен – деп
Қоштамайды еш пенде.
Тек төбемнен
Жауып өткен ақ нөсер –
Мұнда сенің
Жас мінезің бар десер.
Ортақ майда көктеген,
Көп гүл едік
Көктем берген леппенен.
Достық деген
Алтын арқан байланып,
Қосақталып
Бір қазықтан кетпеген.
Обалың не –
Бірдей қатар дүзедік,
Махаббаттан
Жүз тіріліп, жүз өліп.
Ығы-жығы Жәрмеңкенің төсінде
Сырнайлатқан
Сырбаздарың біз едік.
Тауға қарап
Ақша бұлттар көшкенде,
Дария бойлап,
Ақ қайықтар ескенде,
Біз екен – деп
Ойлап қалам елегзіп,
Я - сен – деп
Қоштамайды еш пенде.
Тек төбемнен
Жауып өткен ақ нөсер –
Мұнда сенің
Жас мінезің бар десер.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: ғафу қайырбеков Біз гүл едік өлең стихи на казахском гафу каирбеков олен казакша, ғафу қайырбеков өлеңдері, гафу каирбеков олендери, гафу каирбеков стихи на казахском, Біз гүл едік