file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Мұқағали Мақатаев (О капитан Капитаным!)

 Мұқағали Мақатаев (О капитан Капитаным!)

О, капитан! Капитаным!
Не сұмдықтан өткен ек,
Қазына тауып,
Қарсы тұрдық дауылменен бетпе-бет.
Қалың нөпір,
гавань күтіп,
қоңыраулатып төңірек,
Жабыла бір қарайды кеп,
сенің кәрлі кемеңе!
Жүрек, жүрек,
жүрек,
жүрек, алайда,
Жан тапсырған палубаңда
бара жатыр қан ойнап,
О, каптиан! Капитаным!
Шаттануда жағалау,
Дабыл тулар...
Тұршы орныңнан!
Бәрі соның саған-ау!
Венок гүлдер, халық саған ұмтылған,
Саған,
Саған арналуда,
барлық жүздер нұр тұнған.
Қолыма әкеп басынды қой,
әкем, менің мақтаным!
Жоқ, бұл түсім,
Сенің суық, сұлқ түсіп жатқаның!
Еріндері қимылсыз,
капитаным қатпады үн,
Сезінбейді қолымды,
үнсіз әлсіз, жатбауыр,
Жауынгер, жалғыз кемесін,
Гаваньға дейін жеткізген,
Қазынасын халқына,
дауылдан аман өткізген,
Шаттаныңдар жағада,
дуылдаңдар, не етейін,
Палубаны ол өлген,
Мұңмен шолып өтейін

Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру