Мұқағали Мақатаев (Жүрек демін алғанда)
Сандалғаны-ай санамның сан бөлініп,
Тамырымда тулайды қан желігіп.
Бара жатыр көлшіктер көлге айналып,
Бара жатыр төбелер тау көрініп.
Құмды құшқан қу тақыр баққа айналып,
Суық аяз күйдірген оттай қарып,
Әлсіз жүрек әл жиып алатындай,
Аракідік лып етіп, тоқтай қалып.
Тас көшеге табанмен сына қағып,
Қайда асығып барады мына халық?!
Абыр-сабыр ағылған адамдарға,
Айғай салғым келеді тұра қалып.
Көшелер де теңселіп баратқандай,
Машиналар шоршиды шабақтардай.
Бәрі қалқып барады сағым болып,
Барлығын да сағымнан жаратқандай.
Сағыммен сағым боп, еріп барам,
Көңіл сұрар пенде жоқ келіп маған.
Анда-санда көзімді бір ашқанда,
Алатаудың ақ басын көріп қалам
Тамырымда тулайды қан желігіп.
Бара жатыр көлшіктер көлге айналып,
Бара жатыр төбелер тау көрініп.
Құмды құшқан қу тақыр баққа айналып,
Суық аяз күйдірген оттай қарып,
Әлсіз жүрек әл жиып алатындай,
Аракідік лып етіп, тоқтай қалып.
Тас көшеге табанмен сына қағып,
Қайда асығып барады мына халық?!
Абыр-сабыр ағылған адамдарға,
Айғай салғым келеді тұра қалып.
Көшелер де теңселіп баратқандай,
Машиналар шоршиды шабақтардай.
Бәрі қалқып барады сағым болып,
Барлығын да сағымнан жаратқандай.
Сағыммен сағым боп, еріп барам,
Көңіл сұрар пенде жоқ келіп маған.
Анда-санда көзімді бір ашқанда,
Алатаудың ақ басын көріп қалам
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: мұқағали мақатаев Жүрек демін алғанда өлең мукагали макатаев олен, мұқағали мақатаев өлеңдері, мукагали макатаев стихи на казахском, мукагали макатаев стихи на казахском языке, Жүрек демін алғанда