Мұқағали Мақатаев (Елім, саған ғашықпын!)

Елім!
Саған ғашықпын.
Ғашықпын саған:
Құмарымды қандырмап едім.
Батыр болып, бақ қонып, асып тұрса адам,
Қаруы жоқ құлың ғой алдыңда сенің.
Мен іздеп жүрген жер-көкте,
Арманым менің, ақылым менің.
Елім - уілдеп жатқаи жөргекте
Сәбиім менің, батырым менің.
Өмірдің қосын доғарып,
Бітсе екен сенің туыңда демім.
Жүз рет өшіп, жоғалып,
Қайыра тағы оңалып,
Табылған елім!
Бауырмал елім!
Саған ғашықпын.
Ғашықпын саған:
Құмарымды қандырмап едім.
Батыр болып, бақ қонып, асып тұрса адам,
Қаруы жоқ құлың ғой алдыңда сенің.
Мен іздеп жүрген жер-көкте,
Арманым менің, ақылым менің.
Елім - уілдеп жатқаи жөргекте
Сәбиім менің, батырым менің.
Өмірдің қосын доғарып,
Бітсе екен сенің туыңда демім.
Жүз рет өшіп, жоғалып,
Қайыра тағы оңалып,
Табылған елім!
Бауырмал елім!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: мұқағали мақатаев Елім саған ғашықпын өлеңі, мукагали макатаев все стихи на казахском языке, мұқағали мақатаев өлеңдері, мукагали макатаев стихи на казахском, мукагали макатаев стихи на казахском языке, мұқағали мақатаев өлеңдер жинағы, м.мақатаев өлеңдер жинағы