Мұқағали Мақатаев (Өмірге серт)
Келдім, өмір, қойыныңды аш, енейін,
Ашты-тәтті тамағыңнан өбейін.
Тартылмаған талабымды қуат қып,
Соқпағыңмен мен де алысып көрейін.
Көрген күнім егерде қараң болса,
Оған менің жетпесе бойда күшім.
Қан орнына жүрекке қайғы толса,
Жас жанымды қиямын соның үшін!
Жас жанымды бере алмаспын бекерге,
Арпалысып азабыңды алармын.
Жер бетінде жақсы тіршілік етерге,
Өзіме лайық бақытымды табармын.
Бақыт іздеп соңғы сәулем сөнгенше,
Азабыңмен аянбай-ақ алысам!
Сенің түрткі күндеріңе көнгенше,
Мәңгі дымқыл төсегіммен табысам!
Ашты-тәтті тамағыңнан өбейін.
Тартылмаған талабымды қуат қып,
Соқпағыңмен мен де алысып көрейін.
Көрген күнім егерде қараң болса,
Оған менің жетпесе бойда күшім.
Қан орнына жүрекке қайғы толса,
Жас жанымды қиямын соның үшін!
Жас жанымды бере алмаспын бекерге,
Арпалысып азабыңды алармын.
Жер бетінде жақсы тіршілік етерге,
Өзіме лайық бақытымды табармын.
Бақыт іздеп соңғы сәулем сөнгенше,
Азабыңмен аянбай-ақ алысам!
Сенің түрткі күндеріңе көнгенше,
Мәңгі дымқыл төсегіммен табысам!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: мұқағали мақатаев Өмірге серт өлең мукагали макатаев олен, мұқағали мақатаев өлеңдері, мукагали макатаев стихи на казахском, мукагали макатаев стихи на казахском языке, Өмірге серт