Мұқағали Мақатаев (Табиғат)
Табиғат, Жанымды алсаң, Алшы менің.
Бір түйір жерге түскен тамшың едім.
Мұқағали жоғалса кайтер дейсің,
Артымда қалсын жерім, Қалсын елім.
Мен де бір жүріп кеткен сағымдаймын,
Қалдыр деп, Саған, сірә, жалынбаймын.
Мәңгілік мекеніме жету үшін,
Күніне қаншама рет адымдаймын.
Кім білсін, Қаншама әлі шырқарымды,
Кім білсін, Қай күні сен қырқарыңды.
Мұқағали жоғалса қайтер дейсің,
Жоғалтпасаң болғаны ұрпағымды.
Бір түйір жерге түскен тамшың едім.
Мұқағали жоғалса кайтер дейсің,
Артымда қалсын жерім, Қалсын елім.
Мен де бір жүріп кеткен сағымдаймын,
Қалдыр деп, Саған, сірә, жалынбаймын.
Мәңгілік мекеніме жету үшін,
Күніне қаншама рет адымдаймын.
Кім білсін, Қаншама әлі шырқарымды,
Кім білсін, Қай күні сен қырқарыңды.
Мұқағали жоғалса қайтер дейсің,
Жоғалтпасаң болғаны ұрпағымды.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: мұқағали мақатаев Табиғат өлең стихи на казахском мукагали макатаев казакша олен, мұқағали мақатаев өлеңдері сайты, стихи на казахском языке мукагали макатаев, мукагали макатаев олендери, мукагали макатаев все стихи на казахском языке, мұқағали мақатаев өлеңдері, мукагали макатаев стихи на казахском, мукагали макатаев стихи на казахском языке, мұқағали мақатаев өлеңдер жинағы, м.мақатаев өлеңдер жинағы, Табиғат, мукагали макатаев табигат туралы олен, табигат, табигат туралы олен жолдары, табиғат туралы өлеңдер