Мұқағали Мақатаев (Күзгі кеште)

 Мұқағали Мақатаев (Күзгі кеште)

Төңірекке тұрмын қарап,
Дымқыл сызды күзгі кеште.
Күн батарда қызыл жолақ
Әр нәрсе әкеп түсірді еске.
Күздің салқын күні батты,
Күрең тартты жер беті,
Тауларда өркеш бұлттар жатты,
Құдды қыстың келбеті.
Сол бұлттардың ызғарынан,
Түсіпті тауға жұқа қар.
Таудың шыңырау құздарынан,
Соққандай боп түр зәрлі ызғар.
Күзгі кеште біраз тұрып,
Еске алдым сүйген жарымды.
Суреті келіп, сүйкімді қылық
Тербеді ұзақ жанымды

Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру