Тұрсынғалиды қызы Күләйдің жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті)
Асқарым, әке, сен едің,
Балдырғаның мен едім.
Қайғымды сөзге тізбектеп,
Көз жасымды төгемін.
Есіктің алды тал шынар,
Бастарын сипап күн шығар.
Әкелеп мен жүгірсем,
Алдымнан күліп кім шығар?!
Бетімнен менің кім сүйер,
Еңсесін маған кім иер?
Жығылып кетсем сүрініп,
Қолтығымнан кім сүйер?
Әкемнің өртеп күйігі,
Мен болдым қазір бұйығы.
Әке арманын атаймын,
Асылдың болып сынығы.
Көтердің көкке басыңа,
Деуші едің ылғи: «Жасыма!»
Тәрбиелеп, мәпелеп,
Кім келер енді қасыма?
Деуші едің мені «Өсе гөр,
Мұратыңа жете гөр!»
Қадіріңді білмесем,
Кеше гөр, әке, кеше гөр.
Қызығымды, әке, көрмедің,
Ұзақ бір ғұмыр сүрмедің.
Басыма қайғы түспесе,
Мен мұндай зарды дер ме едім.
Әкем менің ақ сұңқар,
Әке рухы бізде бар.
Әкеден қалдық төрт жетім,
«Әке көрген оқ жонар».
Әкемді зарлап жоқтайын,
Шерімді төгіп тастайын.
Қапыда кеттің әкешім,
Аузымнан қайтып тастайын?!
Балдырғаның мен едім.
Қайғымды сөзге тізбектеп,
Көз жасымды төгемін.
Есіктің алды тал шынар,
Бастарын сипап күн шығар.
Әкелеп мен жүгірсем,
Алдымнан күліп кім шығар?!
Бетімнен менің кім сүйер,
Еңсесін маған кім иер?
Жығылып кетсем сүрініп,
Қолтығымнан кім сүйер?
Әкемнің өртеп күйігі,
Мен болдым қазір бұйығы.
Әке арманын атаймын,
Асылдың болып сынығы.
Көтердің көкке басыңа,
Деуші едің ылғи: «Жасыма!»
Тәрбиелеп, мәпелеп,
Кім келер енді қасыма?
Деуші едің мені «Өсе гөр,
Мұратыңа жете гөр!»
Қадіріңді білмесем,
Кеше гөр, әке, кеше гөр.
Қызығымды, әке, көрмедің,
Ұзақ бір ғұмыр сүрмедің.
Басыма қайғы түспесе,
Мен мұндай зарды дер ме едім.
Әкем менің ақ сұңқар,
Әке рухы бізде бар.
Әкеден қалдық төрт жетім,
«Әке көрген оқ жонар».
Әкемді зарлап жоқтайын,
Шерімді төгіп тастайын.
Қапыда кеттің әкешім,
Аузымнан қайтып тастайын?!
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: қазақ ауыз әдебиеті Тұрсынғалиды қызы Күләйдің жоқтауы өлең казак ауыз адебиети казакша олен, қазақ ауыз әдебиеті өлеңдері, олен Турсынгалиды кызы Кулайдин жоктауы казак ауыз адебиети стихи, казак ауыз адебиети олендери, Тұрсынғалиды қызы Күләйдің жоқтауы