Мұқағали Мақатаев (Сағатым қайда сағатым)
Қалған ба тағы таң атып?!
Жайған ба жасыл қанатын?!
...Таусылмас менің тағатым
Соқ, соқ, соқ, менің сағатым!
Келген бе тағы күн шығып?!
Күн шығып,
Жерге құлшынып,
Енген бе тағы тіршілік?!
Армысың, асау тіршілік!
Тұрмысқа қажет табатын,
Беретін және алатын,
Мезгіл де болып қалған ба,
Алатын жерге баратын?!
Таусылмас менің тағатым
Соға бер,
Соқ, соқ, сағатым!
Жайған ба жасыл қанатын?!
...Таусылмас менің тағатым
Соқ, соқ, соқ, менің сағатым!
Келген бе тағы күн шығып?!
Күн шығып,
Жерге құлшынып,
Енген бе тағы тіршілік?!
Армысың, асау тіршілік!
Тұрмысқа қажет табатын,
Беретін және алатын,
Мезгіл де болып қалған ба,
Алатын жерге баратын?!
Таусылмас менің тағатым
Соға бер,
Соқ, соқ, сағатым!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: мұқағали мақатаев Сағатым қайда сағатым өлең мукагали макатаев олен, мұқағали мақатаев өлеңдері, мукагали макатаев стихи на казахском, мукагали макатаев стихи на казахском языке, Сағатым қайда сағатым