Әбділда Тәжібаев (Шабытым жайсын қанатын)
Өткеннің бәрі өткен ғой,
Алыстап кейін қалатын.
Есіме кейде алатын
Болады сирек сағатым.
Есімде нәзік бір сәуле:
Көңліме жарық жағатын,
Жадырап жаным жаятын
Қағуға алтын қанатын.
Жайылса жанның қанаты
Жүрегім жүрдек соғатын.
Сонда бір дауыс ішімнен
Дейтұғын: - Кәне, төк, ақын.
Есімде... Сонда қолыма
Ұшып кеп шымшық қонатын,
Бөлмемнің іші сыңғырлап,
Сиқырлы күйге толатын.
Көңілді кірбең баспасын
Көбейші, сондай сағатым.
Жаңа бір жырлар бастасын,
Шабытым жайсын қанатын.
Алыстап кейін қалатын.
Есіме кейде алатын
Болады сирек сағатым.
Есімде нәзік бір сәуле:
Көңліме жарық жағатын,
Жадырап жаным жаятын
Қағуға алтын қанатын.
Жайылса жанның қанаты
Жүрегім жүрдек соғатын.
Сонда бір дауыс ішімнен
Дейтұғын: - Кәне, төк, ақын.
Есімде... Сонда қолыма
Ұшып кеп шымшық қонатын,
Бөлмемнің іші сыңғырлап,
Сиқырлы күйге толатын.
Көңілді кірбең баспасын
Көбейші, сондай сағатым.
Жаңа бір жырлар бастасын,
Шабытым жайсын қанатын.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: әбділда тәжібаев Шабытым жайсын қанатын өлең олен абдильда тажибаев стихи на казахском, әбділда тәжібаев өлеңдері, әбділда тәжібаевтың өлеңдері, әбділда тәжібаев өлеңі, абдильда тажибаев олени, абдильда тажибаев стихи на казахском, Шабытым жайсын қанатын