Фариза Оңғарсынова (Қоштасарда)
Қоштасу кезі келгенде
жаутаңдап маған қарадың.
"Жүрмейсің бірге сен неге?"
Дегендей болды жанарың.
Елжіреп тұрды жас жүрек,
жеңе алмай күшін сезімнің.
Кеудеме жалын түсті кеп
жаныңдай ыстық өзіңнің.
Перронға шықтың, қарадың,
тұрсың ба мені қия алмай?
Сыр ашпай қалай қаламын,
"сәулешім" дер ме ем ұялмай?!
Айта алмай қалдым. Жалынға
өртеніп кеудем тұрды-ау бір...
Қалды да қойды жанымда
жауғалы тұрған бір жаңбыр.
жаутаңдап маған қарадың.
"Жүрмейсің бірге сен неге?"
Дегендей болды жанарың.
Елжіреп тұрды жас жүрек,
жеңе алмай күшін сезімнің.
Кеудеме жалын түсті кеп
жаныңдай ыстық өзіңнің.
Перронға шықтың, қарадың,
тұрсың ба мені қия алмай?
Сыр ашпай қалай қаламын,
"сәулешім" дер ме ем ұялмай?!
Айта алмай қалдым. Жалынға
өртеніп кеудем тұрды-ау бір...
Қалды да қойды жанымда
жауғалы тұрған бір жаңбыр.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: фариза оңғарсынова Қоштасарда өлеңі, фариза оңғарсынова өлеңдері, фариза оңғарсынова өлеңдер, фариза онгарсынова олендери, фариза онгарсынова стихи, фариза онгарсынова стихи на казахском языке, фариза унгарсынова стихи на казахском, Қоштасарда