Мұхтар Шаханов (Бесінші еркек)

 Мұхтар Шаханов (Бесінші еркек)

Намыс туы желбіреген өрінде,
Дүниеге келтірген сан алыпты,
Отырарда,
Менің тұрған жерімде
Мынадай 6іp асқақ аңыз қалыпты.
Жігерімен жіберердей тасты үгіп,
Өнер, ойы тармақты,
Адал, жайсаң жас жігіт
Ел ырысын шашып өткен
Тосын келген қасіреттен
Жанын салып тұған жерін қорғапты.
Ал, табиғат - ұлы Ана
Ұланына тіл қатыпты қуана:
- Бұдан да үстем болу үшін мерейің,
Ұлым, саған үш байлықты нысана етіп көрейін.
Нысап керек дәулетке де, баққа да,
Біpін таңда тек қана:
Әр сөзінде от тұратын,
Елге таңдай қақтыратын,
Ғажабы да,
Азабы да орасан
Жұрттан асқан АҚЫЛ берем қаласаң?
Қызығушың көбейетін шашыңнан,
Көрген адам кете алмайтын қасыңнан,
Қызғаныш та тудыратын орасан
Жұрттан асқан KӨPІK берем қаласаң.
Ұмыттырып дүниенің тарлығын,
Кілең игі жақсылардың барлығын
Жинайтұғын дастарқанның басына,
Tіпті, қасы айналатын досына,
Қанаттыға өнегесі орасан
ЖОМАРТ тағдыр ұсынайын қаласаң?
Сонда жігіт былай депті:
- О, құдірет мекенім,
Бұл ғаламат сыйлығыңды қалай өтер екенмін?!
Арнасынан тасып шығып, құйылатын сайларға,
Сөйтіп жұртты қалдыратын әpі-cәpі ойларға,
Ерке және қызба тілмен сөйлеген,
Қайсар, тентек көктемгі өзен секілдімін кейде мен.
Жүрдек дәуір иығыма ауыр жүгін артады,
Дарқандығым,
Бейқамдығым,
Осалдығым бар тағы.
Өзіме-өзім жұмбақ жанмын, -
Біp күн сөзсіз от басам,
Сеніммен
hәм
кешіріммен қарайтын көз таппасам.
Қайда ол көз?
Қанша үміттің жалын босқа қармадым,
Жігер-ойым,
Тәнім,
Қаным,
Шығындалсын бар малым,
Өзің айтқан үш байлықты кeyдecінe жинаған,
Біp адал жар жолықтырсаң болмас еді арманым!..
Кәне, кімнің бақ жұлдызы туар екен оңынан?
Сол ер жігіт арман еткен асыл жардың соңынан
Сан мың еркек әлі қуып келеді...
БІРЕУІНІҢ мүмкіндігі әлдеқайда көп еді,
Жомарт, адал әpі жарқын жігіт еді өpeлі,
Біpaқ оны жігерсіздік бөгеді.
EKІHШІHІ шыдамсыздық адастырды жолынан,
Сосын қайтсін, ұстай салды басқа әйелдің қолынан.
YШІHШІ еркек қайратты еді жалын шашқан жанардан,
Қара күшке көп сенгеннен нәзіктігі жоғалған.
Шын бінайы сұлулықтың түп тамыры саналған,
Жер бетінде нәзіктікті аман сақтау зор арман.
Нәзіктігін жойған адам
Қыстағы
Терекке ұқсас жапырағы тоналған.
ТӨРТІНШІ еркек қажет шақта тәуекелге бармады,
Жарты жолға жеткен кезде сөніп қалды арманы,
Қазір қайсар тағдырына қарсылықсыз көнеді.
Тек БЕСІНШІ ертең қуып жетеріне сенеді.
Ауық-ауық берілгенмен уайымға,
Өжет сенім айналмағай ойынға.
...Сол бесінші - ең бақытты еркектің
Армандаймын болсам-ау деп тойында.

Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру