Анджелина Джоли жезтырнаққа айналып кетті

Анджелина Джоли жезтырнаққа айналып кетті

Белгілі актриса Анджелина Джоли жезтырнаққа айналып кетті. Ол Роберт Стромбергтің "Малефисента" фильмінде жауыз көз байлаушы әйелді сомдаған деп жазады loveradio.ru.

Джоли ұйқыдағы аруды улаған зұлым күш иесінің рөлін сәтті ойнап шықты. Айта кететін жайт, аналарымен бірге эпизодтық рөлдерге Джоли мен Питтің балалары Захара, Пакс пен Вивьен де түскен. Анджелинаны жалмауыз кейпінде көрген балалар одан қатты қорқыпты.

"Түсірілім алаңына балаларымен келген ата-аналар менің тек кейіпкерімді ойнағанымды түсінетін шығар деп ойлайтынмын. Сол оймен балаларға келіп амандастым. Олар айғайлап, жан-жаққа қашып кетті.

Тіпті, бір балақай: "Мама, мына жалмауызға менімен ойнама деп айтшы" демесі бар ма?! Тек менің 4 жастағы қызым қорыққан жоқ" дейді актриса.

Әртіс бала Малефисентаның образына ғашық болғанын айтады. Голливуд жұлдызы жағымсыз кейіпкерін қаншалықты аша алғанына 2014 жылдың шілде айында куә боласыз.
Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру