"Келін" фильмінде төсек сахналарын ойнаған актриса Ермек Тұрсыновтың "өтіріктерін" елге жайып салды
Атышулы "Келін" фильмінде басты рөлді сомдаған актриса Гүлшарат Джубаева фильмді түсірген Ермек Тұрсыновты "өтірік айтты" деп айыптап отыр.
Бұл туралы ол 31-арнадағы "Ұят емес" бағдарламасында айтты.
Актриса Гүлшарат Джубаева бүкіл қазақ қоғамын дүр сілкіндірген фильмде төсек сахналарына қалай түскенін ашып айтты.
- Ол кадрларға түспеймін деп айттым, тоқтатпақ болдым. Фильмнің ортасына келгенде өзімді экраннан көріп қалдым да, қарсылық білдірдім. Ол кездегі "Қазақфильмнің" басшылары мені сол үшін ортаға алып, "ойлан, өйткені бұл мемлекеттік қаржыға түсіріліп жатыр, әуесқой фильм екен деп ойлама, мен дардай сценарист, мен дардай режиссер сенің алдыңда ойнап жүр екенбіз ғой" деген сияқты ауыр сөздер келді.
"Мемлекеттің қаржысына екі ай түсесің де, жол ортаға келгенде қарсы болып, түспей қоятын кімсің сен" деді олар. Басында мемлекеттік қаржыға түсіріліп жатыр, ол жаман болуы мүмкін емес деген үміт те болды. Бірақ ортасына келгенде өзімді экраннан көріп қалдым да, қорқып кеттім. Жауып қоямыз, перде болады деп алдаусыратқан еді. Бұлай қатты ашық түсіреді деп ойлаған жоқпын. Дегенмен, артқа қайтар менде жол болған жоқ. Өйткені ауылға қайта алмадым. Осыған дейін көрген қаншама қиыншылықтардан кейін ауылға сүмірейіп барып тұрғым келмеді. Атырау қаласына келіп, біреудің үйінде үй қызметшісі де болдым. Кафеде де, дүкенде де істедім. Істемеген кәсібім қалмады. Тіпті подъезде түнеген күніміз де болды.
Қазір елдер ақша үшін істеді деп айтады ғой. Бірақ кім ақша үшін істемейді? Содан тапқан ақшаның барлығы, шыны керек, өзімнің еміме кетті. Бұл фильмнен кейін қатты, өте қатты ауырдым, асқазаным ауырды. Қытайға барып емделіп, ақшаның барлығы соған кетті", - деді актриса.
- Менің естуімше, бұл фильмге түсу үшін саған ащы су берген дейді?
- Жоқ олай емес. Бұл сөз өткен жылы шықты. Гипноз істепті деген сияқты сөздер тарап кетті. Егер өйтетін болсам, мен ары қарай киноға түспес едім. Мамандар біледі ғой, экран алдамайды. Экранда мен ащы су ішіп ойнайтын болсам, ол көрініп тұрар еді. Ары қарай үдеткім келген жоқ бұл әңгімені. Әйтпесе бұл сөзге жауап беруім керек еді. Бұл фильм режиссерінің жылдар өткеннен кейін қайтадан соны сенсация қылғысы келіп, жасаған пиар қадамы десем болар еді.
- Сен сонда Ермек Тұрсыновқа режулісің бе? Осы айтқан сөздері үшін?
- Әрине ренжулімін, әрине. Бір жағынан маған өте ауыр тиді. Мен қазір біреудің жарымын, екі баланың анасымын. Келінмін. Жылдар өткеннен кейін мен сөйтіп түсірдім деп мақтанып, болмаған затты болды деп, Атырауда тойда билеп жүрген жерінен алып келдім деп, бүкіл шындықты ысырып қойып интервью етіп берген. Ол сұхбатының қай жері өтірік, қай жері шын екенін мен дәлелдеп бере алам.
Құжаттар да жинай алам. Себебі, мені режиссер есебінде бекіткен ол емес. Оған дейін басқа режиссер болатын. Бүкіл актерлік құрам бөлек болатын. Бұл фильмді түсіріп бастағанда, бастапқыда мұндай ашық түсірілімдер болған да жоқ. Жақсы түсіріліп бастаған. Бірақ фильмнің алғашқы нұсқасын көркемдік жетекшілер көргеннен кейін, ол өтпей қалды. Ол нұсқа екі ай түсірілген болатын. Қайтадан актерлерді ауыстырды, режиссер де ауысты. Сценаристің өзі Ермек Тұрсынов болып келді. Мені қалдырды, қайны рөліндегі актерді қалдырды. Басқалары ауысты.
- Көптеген сұхбатында Ермек Тұрсынов келіспейтін, өтірігі көп айтты деп отырсың. Ол қандай әңгімелер?
- Мені Атыраудан билеп жүрген кезінен алып келдім деп айтатынға ұқсайды. Мен оқыдым мұның барлығын. Мен одан ары қарай шу шығарғым келмеді. Жайыма қалдырғанын қаладым. Маған тыныштық керек. Шын мәнінде біраз адамдарға барып, жүгіріп те көрдім. Сұхбатында айтқан сөздерін қайта алып, кешірім сұрайтындай не істеуге болады деп ойландым.
Бірақ мені кезінде үгіттеген адамдардың ішінен "осылай саған жала жабылып жатыр екен ғой, сені мас қылып түсірдім деп жатыр екен ғой. Ол өтірік сөз, мен қасында болдым ғой" деп айтатын ешкім табылған жоқ.
- Осы бағдарлама шыққаннан кейін қаншама сөз болатынын сезіп отырсың. Оларға не деп жауап берер едің?
- Кім неге сенсе, соған сене берсін. Мен ешкімнің алдында ештеңе де дәлелдегім келмейді.

Қарап көріңіз 👇
kz | Жаңалықтар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: кейін, айтты, Ермек, Бірақ, режиссер, жатыр, өтірік, болатын, қарай, болды, деген, кетті, керек, қатты, Гүлшарат, болдым, фильмді, Джубаева, актриса, келгенде