2017 жылы енгізілетін Ұлттық бірыңғай тестілеуде қандай өзгерістер болады?
Бүгiн Үкiмет отырысынан кейiн өткен баспасөз мәслихатында ҚР Бiлiм және ғылым министрi Ерлан Сағадиев ұлттық бiрыңғай тестiлеу жүйесiнде қандай өзгерiстер болатынын мәлiм еттi.
Министр атап өткендей, бұл жоба қазiр дайын, ол шағын құрамдағы педагогтар қауымдастығына талқыға ұсынылған.
«Қазiр соңғы жоба жоқ. Әзiрге дайын жоба педагогикалық қауымдастыққа талқыға ұсынылады. Мектепте түлектер бiрқатар пән бойынша емтихан тапсырады. Ал Ұлттық бiрыңғай тестiлеу бұрынғыша өткiзiле бередi. Тек сұрақтар құрылымы өзгередi. Жоба бойынша 60 сұрақ стандартты болады. 60 сұрақ 30-дан екi блокка бөлiнедi, олар мамандыққа байланысты болады. Мәселен, түлек медициналық мамандықты таңдаса, 60 стандартты сұраққа жауап бередi, осыған қоса 60 сұрақ болады, 30-ы биология, 30-ы химия бойынша. Қалған тәртiпке айтарлықтай өзгерiс енгiзiлмейдi», — дедi Ерлан Сағадиев.
Министр атап өткендей, бұл жоба қазiр дайын, ол шағын құрамдағы педагогтар қауымдастығына талқыға ұсынылған.
«50-ге жуық мектеп директоры, ректорлар талқылауға қатысып жатыр. Осыдан кейiн жобаны министрлiктiң сайтына iлемiз. Содан кейiн сол жерде пiкiрлердi жинап, қарастырамыз»,-деді министр.
Қарап көріңіз 👇
kz | Жаңалықтар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: кейiн, бiрыңғай, Сағадиев, тестiлеу, Ерлан, бойынша, сұрақ, болады, отырысынан, талқыға, мәлiм, ғылым, Бүгiн, Үкiмет, стандартты, бередi, болатынын, дайын, жүйесiнде, өзгерiстер, Ұлттық бірыңғай тестілеу, Ұлттық бірыңғай тестілеу 2017 жыл, ұбт 2017 жыл