Қазақстанда 2013 жылы 16-17 млн тонна астық жиналады деп болжануда

Қазақстанда 2013 жылы 16-17 млн тонна астық жиналады деп болжануда

Қазақстанда 2013 жылы 16-17 миллион тоннадай астық жиналады деп болжануда, деп хабарлады сейсенбіде ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы Сақташ Хасенов.

"Облыс әкімдіктерінің деректері бойынша астық 16-17 миллион тонна деңгейінде күтіледі", - деді Хасенов Ауыл шаруаылығы министрлігінің брифингінде.

"Республиканың оңтүстік, батыс және шығыс өңірлерінде егін жинау жұмыстары жалғасып жатыр. 12 тамыздағы облыстық ауыл шаруашылығы басқармаларының мәліметтері бойынша диқандар 704,5 мың га алқаптағы астықты жинап алды. Бұл барлық егіс алқаптарының 30,2 %-н құрайды", - деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

Осы күні 1160,6 мың тонна бидай бастырылған. Астықтың орташа шығымдылығы гектарына 16,5 центнерді құрап отыр.

Өткен жылмен салыстырғанда биыл астық шығымы орташа алғанда 2 есе жоғары.

"Өткен жылмен салыстырғанда астық шығымы орташа алғанда 2 есе жоғары. Егер өткен жылы Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Алматы облыстарында орташа шығымдылық 8 центнерден сәл асқан болатын, қазір – 16. Ақтөбе облысында астық шығымдылығы сәл төмен. Көп ұзамай астықты аудандар – Хромтау, Қарғалы егін оруға кіріседі. Бұл осы өңірдегі егін шығымдылығын айтарлықтай арттырады", - деді ол.

Мұнымен қатар, комитет төрағасы, бүгінде шегірткемен күрес толық аяқталғанын атап өтті. "Республика бойынша 3,6 млн гектар жер өңделді. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармаларының мәліметі бойынша, егіске зиян келмеді", - деп толықтырды ол.
Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру