file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

15 млрд теңге көлемінде пара алған шенеунік қызметінен шеттетілді


ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі "Қазақстан Ғарыш Сапары" Ұлттық компаниясы" АҚ-ның президенті Ғ.Т. Мырзақұловқа қатысты қылмыстық іс қозғауына байланысты ол ҚР Ұлттық ғарыш агенттігінің 2013 жылғы 6 тамызындағы бұйрығымен қызметінен шеттетілді.

Бұл туралы Қазғарыштың баспасөз қызметінен хабарлады. "Қазғарыштың 2013 жылғы 6 тамыздағы бұйрығы бойынша "Қазақстан Ғарыш Сапары" Ұлттық компаниясы" АҚ президентінің міндетін атқару компанияның бірінші вице-президенті М.Р. Нұрғожинге жүктелді.

Компанияның іске асырудағы жобалары бойынша орындауға тиіс шарттық міндеттері мен жұмыс жоспарларының сақталуына бағытталған шаралар қабылданды", делінген таратылған мәліметте.

Еске салайық, 2013 жылғы 1 тамызда Қаржы полициясы агенттігінің қызметкерлері аса ірі көлемде пара алды деген күдікпен "Қазақстан Ғарыш Сапары" ұлттық компаниясы" АҚ президенті Ғ.Мырзақұловты ұстаған болатын.

Оған жалпы құны 15 млрд теңгеден асатын Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросын құрастыру-сынау кешені құрылысының жұмыстарын жүргізуге байланысты өткен конкурста "Құлагер" құрылыс компаниясы" ЖШС мүдделеріне әрекет етіп, сол үшін аталған кәсіпорынның басқарма төрағасы Т.Егенбаевтан сенімді адамы - Е.Асылбеков арқылы 272 мың АҚШ доллары және 75 млн 300 мың теңге көлемінде пара алды деген айып тағылып отыр.

"Құлагер" ҚК" ЖШС-нің басқарма төрағасы Т.Егенбаев және "Сұңқар Күзет" ЖШС директора Асылбеков те ұсталды. Егенбаев аса ірі көлемде пара берді деп, ал Асылбеков пара алуға көмектесті деп айыпталуда.

3 тамызда Мұрзақұлов пен Асылбеков сот санкциясымен қамауға, Егенбаев - үйқамаққа алынды. Қылмыстық іс тергелуде, өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайды.


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру