file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Бұрынғы премьер-министр Серік Ахметов 10 жылға бас бостандығынан айырылды

Бұрынғы премьер-министр Серік Ахметов 10 жылға бас бостандығынан айырылды

Бүгін Қарағанды облысының қылмыстық істер бойынша ауданаралық соты Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Серік Ахметовті мүлкін тәркілеп, 10 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды nur.kz тілшісі.

«Сот қылмыстық істің мәліметтерімен танысып, дәйектерді зерттей отырып, түсінік берген куәгерлердің сөздерін сарапқа салу барысында, айыпталушы Серік Ахметовтің ауыр жемқорлық қылмыстарын жасағанына көз жеткізді және бар мүлкін тәркілеп, ортақ колониялық режимге 10 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарады”, – деп мәлімдеді сот төрешісі Исламхан Есенбаев.

Ахметовтен өзге, сот алдында 2о-ға жуық мемлекеттік және коммерциялық құрылымдардың бұрынғы басшылары жауапқа тартылды. Олар шартты түрде бас бостандықтарынан айырылып, айыппұл төлейтін болады.

Сондай-ақ, Қарағанды облысының бұрынғы әкімі Бауыржан Әбдішев бар мүлкі тәркіленіп, 5 жылға сотталды. Қарағандының экс-әкімі Мейрам Смағұлов және “Сарыарқа” құрылымының бұрынғы қызметкері Матаев 3 жылға бас бостандығынан айырылды.

Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру