file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Қазақстанда өмір сүру ұзақтығы 2,5 жылға ұзарды

Қазақстанда өмір сүру ұзақтығы 2,5 жылға ұзарды

Қазақстанда өмір сүру ұзақтығы соңғы бес жылда 2,5 жылға ұзарып отыр деп мәлімдеді ҚР Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында.

"Республикада сүру ұзақтығы соңғы бес жылда 2,5 жылға ұзарып отыр. Мемлекеттік бағдарламада 2015 жылға қарай 70 жасқа жеткізу қарастырылған болатын", - деді Қайырбекова.

Үкімет басшысының пайымынша, бүгінгі қарастырылған ана мен бала өлімін төмендетуге арналған мәселелер жаман көрсеткішті паш етіп отырған жоқ. Дегенмен, әрбір өңірге ана мен бала өлімін төмендетуге мүмкіндік беретін іс-шараларды тыңғылықты атқаруға тапсырма беру қажет.

"Ана мен бала өлімі төтенше жағдай ретінде қарастырылуы тиіс. Денсаулық сақтау министрлігі әрбір оқиғаны зерттеуі керек. Дегенмен, сараптама өте тыңғылықты жүргізілуі қажет", - деді Ахметов.

Оның сөзіне қарағанда, 1970 жылдан бері республикада ана мен бала өлім-жітімі шамамен 4 есеге төмендеп отыр.
Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру