Қайрат Жамалиевтің "Ламборджини" көлігі 47 миллион теңгеге саудаға қойылды (видео)
Әліби Жұмағұловты айуандықпен ұрды деп 13 жылға сотталған Қайрат Жамалиевтің дүние-мүлкі сатыла бастады деп хабарлайды 31 арна.
Астана қалалық мемлекеттік мүліктер және жекешелендіру департаменті Жамалиевқа тиесілі болған "Ламборджини" көлігін саудаға қойып отыр.
Айып тұрағында полицейлер қасында суретке түсетін, шығарылғанына 3 жыл ғана болған қымбат көлік енді сатылмақшы. Әлі күнге Жамалиев мырзаға тиесілі қымбат нөмірі де шешілмеген. Экс-бизнесменнің темір тұлпары 47 миллион теңгеге бағаланып отыр.
Қарапайым халыққа 47 миллион қол жетпес арман болса, кейбір жандар үшін қалыпты жағдай сияқты. Өйткені, аукцион ағылшын әдісімен өтетіндіктен, "Ламборджинидің" құны әлі де өсуі мүмкін. Бәссауда 5 ақпанға белгіленген. Қымбат көлікті алғысы келетіндер алдын ала 7 миллион теңге жарна өткізуі керек.
Жаңа "Ламборджини Галлардо" көлігі 2-3 жыл бұрын 400 мың долларға бағаланыпты. Яғни, Жамалиев мырзаның мінгені жарты құнын жоғалтты деген сөз. Соның өзінде Астанадағы 3 немесе 4 бөлмелі пәтердің бағасымен пара-пар екен.
Бұдан бөлек Қайрат Жамалиевтің тағы 2 көлігі тәркіленген болатын. Онымен қоса әртүрлі бизнестегі үлестері тағы бар. Мемлекет иелігіне алынған бұл активтердің қашан және қаншаға сатылатыны әзірге белгісіз.
Еске сала кетсек, "Әліби ісі" деген атпен елді шулатқан сот процесіне қатысты соңғы шешім былтыр 7 тамызда шыққан болатын. Сол кезде судья басты айыпталушы Қайрат Жамалиевті кінәлі деп танып, 13 жылға бас бостандығынан айырған еді. Онымен қоймай Жамалиевтің әртүрлі бизнестегі үлестерін тәркілеп, жеке мүліктерін де мемлекет иелігіне алу туралы үкім айтқан-ды.

Қарап көріңіз 👇
kz | Жаңалықтар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: Қайрат, Жамалиевтің, Әліби, миллион, жылға, тиесілі, болатын, болған, иелігіне, деген, Онымен, бизнестегі, Жамалиев, Ламборджини, қымбат, дүние, сотталған, айуандықпен, Жұмағұловты, мүлкі