ЦентрКредит Банкі баспана алуға бағытталған жаңа бағдарлама шығарды
ЦентрКредит Банкі баспана алуға бағытталған жаңа «#Ипотека» тұрғын үй заемын іске қосты, деп хабарлайды Dauletten.kz.
Аталмыш бағдарлама арқылы 100 млн теңгеге дейін табыс көзін растамай, еліміздің кез келген өңірінен баспана алуға болады. Азаматтар жылжымайтын мүлікке несиені бастапқы және қайталама нарықтан, сондай-ақ құрылысқа үлескер ретінде қатысу арқылы рәсімдей алады.
«Банктің жаңа ипотекалық өнімі несие алушыларға қойылатын бірқатар талаптарды алып тастады. Бағдарлама аясында баспананы бастапқы және қайталама нарықтан да алуға болады. Сонымен қатар, азаматтың бұған дейін сатып алынған баспанасы болуы маңызды емес. Ипотека рәсімдер алдында клиенттің алғашқы жарнасы жоғары болған жағдайда табыс көлемін растамай баспаналы болуға болады. Несиені 15 жылға дейін алуға мүмкіндік бар», - деді ЦентрКредит Банкінің басқарма төрағасы Ғалым Хусаинов.
Банк мамандарының айтуынша, бұл бағдарлама банк клиенттеріне барынша қолжетімді әрі икемді болмақ. Басқа бағдарламалармен салыстырғанда ипотека шарттары да әлдеқайда жеңіл. Құжаттардың минималды пакеті, қолданыстағы ипотекалық тұрғын үй қарыздары бар клиенттерге шектеу жоқ. Алғашқы жарна 30%-тен басталып, жылдық 11% сыйақымен, 15 жылға дейін беріледі.
Бағдарлама жайлы толығырақ ЦентрКредит Банкінің ресми сайтынан танысуға болады.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру