Тегін азық-түлік себеті таратылып жатыр

Тегін азық-түлік себеті таратылып жатыр

Елорда әкімдігі Наурыз мерекесіне орай 600-ден артық отбасыға азық-түлік себетін таратса, қалған 1400-ге жуығына алдағы күндері тарататын болады.


Азық-түлік себеті 22-24 наурыз күндеріндегі «Қайырымды істер» жобасы аясында жағдайы төмен отбасыларға беріліп жатыр.


«Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы құтты болсын! Жыл басынан бері «30 игі іс» аясында көптеген іс-шара өткізіп келеміз. Мұндай акциялар 1 наурыз Алғыс айту күнінде де, 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні де атқарылып, екі мыңнан аса отбасыға азық-түлік себеттері табысталды.


Қала басшылығының тапсырмасымен Наурыз мейрамында да екі мыңға жуық отбасыны қамтуды жоспарлап отырмыз. Оның барысында зейнеткерлер, қарт адамдар, көпбалалы, жағдайы төмен және мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар қамтылады. Бұл іс бүгін қаламыздың төрт орнында жалғасып жатыр», – деді Астана әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен.


Сондай-ақ әкім орынбасары қайырымдылыққа атсалысып, мұқтаждарға қол ұшын беруге шақырды.  


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу