Қазақстанда көпбалалы аналарға қандай көмек көрсетіледі
Көпбалалы аналарға бала дүниеге келгенде берілетін біржолғы жөргекпұлдан бөлек, әр балаға ай сайын жәрдемақы төленеді, деп хабарлайды Елорда Инфо.
Алдымен бала 1 жасқа толамын дегенше оның күтіміне егер отбасында 4 және одан да көп бала болған жағдайда ай сайын 22 473 теңге жәрдемақымен қамтылады.
Сонымен қатар, 4-ші және одан кейінгі бала туылғанда 159 075 теңге біржолғы жөргекпұл беріледі.
Одан бөлек, «Көпбалалы отбасы» санаты бойынша баспана кезегіне тұруға және тұрғын үйді меншіктеу үшін ай сайын орташа есеппен 4 мың теңгеге дейін төлем төленеді.
Сондай-ақ, «Алтын алқа» таққан анаға (7 және одан да көп бала) - 16 160 теңге, «Күміс алқа» иесіне (6 бала) - 16 160 теңге және 4-5 баласы бар анаға 10 504 теңге (01.01.2018 жылға дейін рәсемделген жағдайда) көлемінде әлеуметтік қолдау көрсетіледі.
Және де 8 наурыз (Халықаралық әйелдер күні) мерекесіне орай 2,5 АЕК яғни 6313 теңге сомасында біржолғы ақшалай төлем қарастырылған. Бұнымен қоса, көпбалалы отбасыдан шыққан балаларға 92 991 теңге көлемінде оқу ақысын төлеуге қаржылай қолдау бар.
Еске салсақ, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет жанынан азаматтардың өмір сүру сапасын арттырумен, сондай-ақ көпбалалы отбасыларды қолдау шараларын пысықтаумен айналысатын арнайы жұмыс тобы құрылды.

Қарап көріңіз 👇
kz | Жаңалықтар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру