Көкшетауда Димаш Құдайбергеннің мұзды мүсіні пайда болды (фото)

Көкшетауда Димаш Құдайбергеннің мұзды мүсіні пайда болды (фото)

Көкшетау қаласында Димаш Құдайбергеннің мүсіні пайда болды. Алайда, ол мәңгілік ескерткіш емес, мұздан жасалған уақытша туынды болып шықты. Әншінің мұзды мүсіні жаңа жылдық қалашықта орналастырылған деп жазады "КТК" арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

"Әрине, уақытша туынды. Алайда, табиғи материал болғаны да жақсы. Мен оны табиғатпен байланыстырғым келген еді. Біздің әсем сұлу жерімізде жаңа жыл алдында көпшілікті қуантсын деген ниет болды" , - деді мүсінші Манарбек Бұрмағанов.


Анықталғандай, жергілікті мүсінші Димаш Құдайбергеннің жанкүйері болып шыққан. Ол әншінің мүсінін мұздан жасалған аққулармен қоршап, оның микрофон ұстап тұрған бейнесін жасаған.

Манарбек Бұрмағанов Димаштың "Любовь уставших лебедей" әніне таңдай қағып, әншінің шығармашылығына сүйсінген.

Оған қоса, бастапқыда әншінің мұзды мүсіні жаңа жылдық қалашық сызбасында болмаған. Алайда, жергілікті билік мүсіншінің бастамасына қолдау білдіріп, алаңда мұзды Димашқа орын тауып берген.

Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу