file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Димаштың суреті Нью-Йорк төрінде ілінетін болды (фото)

Димаштың суреті Нью-Йорк төрінде ілінетін болды (фото)

Димаш Құдайберген Қытайдың Sina сайтына берген сұхбаты 4 сағаттың ішінде 1,8 миллион көрілім жинаған. Ал, бүгін әншінің барша жанкүйерлері тағы да жақсы жаңалықтарымен бөлісті деп хабарлайды Massaget.kz.

Қытайдың weibo сайты өткізген жанкүйерлер жарысында Димаштың жанкүйерлері жеңіске жетті. Байқау шарты бойынша жанкүйерлер Димаштың суретіне лүпіл басу керек. Жеңіс көрілім саны бойынша есептеледі. Нәтижесінде, Димаштың суреті 60 миллион көрілім жинап, жеңімпаз атанды.

Димаштың суреті Нью-Йорк төрінде ілінетін болды (фото)

Енді осы жеңістің құрметіне Димаштың суреті Шанхай ((Shanghai Bund) және Нью-Йорк қалаларындағы (Times Square) LED экранға шығатын болды. Біз де ғаламторда белсенділік танытқан әр жақтағы барша Димаштың жанкүйерлерін жеңістерімен құттықтаймыз! Естеріңізге сала кетейік, бүгін "I am singer" ән байқауының 9-кезеңі көрсетіледі. Димаш Селин Дионның All by myself әнін орындап, 2-орынды иеленді.




Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру