file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Халықтың зейнетақы қорындағы ақшасы жайлы Ұлттық банк төрағасы жақ ашпады

Халықтың зейнетақы қорындағы ақшасы жайлы Ұлттық банк төрағасы жақ ашпады

Зейнетақы қорындағы халықтың қасықтап жинаған ақшасының тағдыры жайлы бүкіл ел шулап жатса да, бір аптадан бері жақ ашпаған Ұлттық банк төрағасы кеше журналистерден әрең құтылғандай болды. Үкімет отырысынан шыққан Данияр Ақышев тілшілерді Алматыда өтетін баспасөз мәслихатына шақырумен ғана шектелді деп хабарлайды NUR.KZ, 31 арнаға сілтеме жасап.

"Ертең Алматыда арнайы баспасөз жиынын өткіземіз, сол кезде барлық сұрақтарға жауап береміз. БЖЗҚ-на қатысты мәселе бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Ақпаратты алдымен үкімет, премьер-министр, мемлекет басшысына жеткіземіз. Содан кейін шешім қабылдап, Ұлттық банк оны жариялайды", - деген ұлттық банк төрағасынан қаумалаған тілшілер Әзірбайжан банкіне салынған 71 миллиард теңгенің тағдыры жайлы ақпарат алуға барынша тырысты.

Лифтіге әрең кірген Данияр Ақышев бұл дауға қатысты бір ауыз да пікір білдірмеді.

Айта кетейік, зейнетақы қорындағы салымшылардың 71 миллиард теңгесі Әзірбайжанның банкрот болған банкіне құйылғаны жақында анықталған болатын. Экономистер мен депутаттар қаржылық ахуалы мүшкіл банктен халықтың ай сайын аузынан жырып жинаған миллиардтары қайтпайды деп дабыл қағуда.

Мәжілісмендер ұлттық банк төрағасына сауал жолдап, ақшаны желге ұшырғандарды жазалауды талап еткен. Бүкіл елді алаңдатқан сауалдарға Данияр Ақышев ертең өтетін жиында жауап беретін сияқты.

Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру