Қазақстандықтардың 70 млрд зейнетақы жинағын шетелдік банк қайтармай қоюы мүмкін

Қазақстандықтардың 70 млрд зейнетақы жинағын шетелдік банк қайтармай қоюы мүмкін

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының топ-менеджерлері Әзірбайжан халықаралық банкіне қыруар қаржыны құйып тастады. Ал жақында аталмыш банк соттан өзін банкрот деп тануды өтінген. Енді қазақстандықтардың 70 млрд жинағы шетелден қайтпай қалуы мүмкін. Бұл туралы NUR.KZ порталы КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстандық депутаттар топ-менеджерлерді Әзірбайжан халықаралық банкіне құйылған инвестицияларды дер кезінде қорғауға алмағаны үшін айыптауда. Аталмыш банк халықаралық міндеттемелер бойынша төлемдерін тоқтатып, соттан өзін банкрот деп тануға өтініш берген.

БЖЗҚ-ның 70 миллиард теңгеден астам қаражатын енді кім қайтаратыны белгісіз.

"Басқарушы компаниялар табысты қамтамасыз еткен түгілі, жинақтың сақталуына жауап бере алмай отыр... Қаражат өте сәтсіз инвестицияланып жатыр", - дейді экономист Рақым Ошақбаев.

Ошақбаев БЖЗҚ қаражатының шамамен 20%-ы тиімсіз инвестицияланып жатқанын алға тартты. Енді мамандар парламентарийлерді тергеу керектігін айтуда. Себебі, топ-менеджерлердің зейнетақы жинағын дұрыс басқара алмай отырғаны алғашқы рет емес. Депутаттар бірден бұған қатысты пікір білдірді.

"Осымен нешінші рет қаражаттың сенімсіз құнды қағаздарға құйылып жатқаны күдік тудырады. Әзірбайжан банкіне қаражат құйлар кезде-ақ оның сәтсіздікке ұшырайтыны болжанып отырған еді", - дейді мәжіліс депутаты Азат Перуашев.

Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу
Пікірлер 1
  1. Амангелді Естай
    0 + 0 -
    Сенімсіз болса,осындай жағдайды біле тұрып,осыншама қаржыны неге азербайжан ағайындарға берген. Енді оны кім қайтарады?