Балғынбек Имашев әйелдерді қалай жазалау керектігін айтып берді
Танымал айтыскер ақын Балғынбек Имашев екінші әйел алу туралы пікірін өлеңмен жеткізіп, желі қолданушыларын өзара қырқыстырып қойды деп хабарлайды NUR.KZ.
Ол Instagram желісіндегі парақшасында екінші әйел алғызбайтын әйелдерге арнап өлең шығарды.
Ол ел аузында жүрген мысалды негізге ала отырып жазған өлеңін жариялады.
"Мына мысал келіп еді, Whatsapp арқылы. Оқып алып ұялдым, сосын өлеңмен өрнектедім", - деп жазды ол.
Жаратқан жұп-жұбымен тәмам затты,
Таратқан ер-әйелден адамзатты.
Бір күні ашуланған еркек байғұс,
Таяқпен өз қатынын сабап жатты.
Болса да әйел заты сәл кінәлі,
Көргендер жөн көрмеді дәл мынаны.
Бір ғалым ақыл айтты: "Ей, бауырым,
Таяқпен адамды емес, малды ұрады.
Болса да кейбір сөзі запыран, у?
Қатын сабау - сауаптан қапы қалу.
Әйелді түзейтұғын жақсы соққы -
Үстінен тағы да бір қатын алу".
Жадырап жаны бірден жабырқаған,
Айнымай ақша беті ақ ұлпадан:
Не дейсіз? Сөзіңізді ұқпадым, - деп,
Әлгі еркек жүз танытты таңырқаған.
Құтылу жолын іздеп одан оңай,
Жауапты әйел тапты соған орай:
Сөзін тыңдап қайтесің ақымақтың,
Сабай бер, - деді еріне, - мені аямай.
Шығатын бұл қиссадан қорытынды:
Болады жақсылықтың жолы түрлі.
Үйлену шама жетсе төрт әйелге -
Бақыттың төте жолы ең ұтымды.
Ерлердің бір әйелмен көбі жүдеп,
Күнәға селт етпейді өлі жүрек.
Алайда иманы әлсіз әйелдерге,
Жан берген бай бергеннен жеңілірек.
Бұл өлеңді оқыған желі қолданушылары ақынды сынның астына алды.
""Иманы әлсіз" әйелдер деп көпке топырақ шашпаңыз. Иманды еркектер көп емес. Зинаны жасап үйіне дым болмағандай барып, әйелге қол көтеретін еркектерге не дейсіз? Әйел дейтін өзіңіздің анаңыз, әйеліңіз, қызыңыз, қарындасыңыз емес пе? Сізді мен түсінбедім", "Сіздің өлең жолдарыңыз орынсыз. Әйелді неге ұрады еркек? Шариғатта да айтылған ғой "әйелдерге қол көтермеңдер деп. Сосын әйел еркектің қабырғасынан жаратылған, оны түзеймін деп ұрып, болмаса тоқал алып, бәйбішені тәрбиелеймін дейсіз ба? Одан да сол ғалымды сабырға шақырғаныңыз дұрыс болар еді. "Әйелдер әлсіз жандар, оларға қол көтермеңдер" деп өлең шумақтарын шығармайсыз ба?", - деп наразы болды олар.

Қарап көріңіз 👇
kz | Жаңалықтар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: еркек, әлсіз, дейсіз, өлеңмен, әйелдерге, екінші, Таяқпен, Танымал, туралы, Әйелді, әйелге, Имашев, көтермеңдер, айтыскер, Балғынбек, ұрады, Болса, өзара, қойды, қолданушыларын, Балғынбек Имашев, әйел қалай жазалау керек