file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Жан Ахмадиев өзгенің отбасын бұзған әйелге арнап кезекті шулы клипін жария етті (+18)

Жан Ахмадиев өзгенің отбасын бұзған әйелге арнап кезекті шулы клипін жария етті (+18)

Елге "заманауи жырау" ретінде танымал белгілі рэпер Жан Ахмадиев кезекті шулы клипін жария етті. "Темір қатын" деп аталатын бұл жаңа туынды отбасын бұзған әйелдерге арналып жазылған деп хабарлайды NUR.KZ.

Жан Ахмадиев жаңа клипінде біреудің отбасын бұзып, өзінің де шаңырағын шайқалтқан әйелдер туралы сөз қозғаған.

Әннің мәтінінде "қоғамда орын алып жатқан түрлі әлеуметтік мәселелерден гөрі адасқан әйелдердің тағдыры" елді көбірек алаңдатады деген сөздер кездеседі.

Сонымен бірге, "Темір қатын интернеттің таусылмайтын жыры болды" деген ол мұндай әйелдерге елдің пікірімен санасуға кеңес берді.

Бұл клипін ол өзінің YouTube желісіндегі парақшасына жариялай отырып, өз туындысын әйелдердің құрбаны болған барлық еркектерге арнағанын жазған.

Еске салсақ, Жан Ахмадиев бұған дейін соққыға жығылған Әліби Жұмағұловқа қатысты шулы клип жариялап, артынша кешірім сұраған болатын.

Ескерту: Видеода бейәдеп сөздер кездеседі (+18)


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру