Балғынбек Имашев: Қыздардың Баянға еліктегенін көргенде жүрегім ауырып, қиналамын

Балғынбек Имашев: Қыздардың Баянға еліктегенін көргенде жүрегім ауырып, қиналамын

Айтыскер ақын Балғынбек Имашев қазіргі қыздардың еліктейтін тұлғаларын көріп, жүрегі ауыратынын айтты. Instagram парақшасындағы жазбасында ол заман талғамына сай қазақ қыздарының да үлгі алатын жандары өзгергенін жазып, өкінішін білдірді, деп хабарлайды NUR.KZ.

"Кино деген идеалогия екен ғой. Шіркін-ай! Қыздарымыз Қыз Жібектің рөліндегі Меруерт Өтекешоваға, ұлдарымыз Төлегеннің рөліндегі Құман Тастанбековке еліктесе - ол керемет қой. Бірақ қазір заман басқа...

Көп қыздарымыз сұлу, іскер, табысты болғысы келеді. Қызғалдақтай қырмызы қыздарымыздың Қозы Көрпештің Баян сұлуына емес, "Көзі көрместің" Баянына еліктегенін көргенде жүрегім ауырып, қан қысымым көтеріледі.

Маған бұрын "Ұят болмасындағы" Айгүл Иманбаеваның келіндік образы қатты ұнайтын... Немесе Алтынай Жорабаеваның бейнесі... Ал қазір, "Қазақтың қыздары кімге еліктеуі керек?" деп сұрай қалса, ойланбастан: Қарақатқа! - дер едім. Біреудің "қойнындағысына" сұқтанғаным емес, өз қызымның, қарындастарымның Қарақаттан үлгі алуын қалаймын",- деп жазды ол.

"Ол ең алдымен, қазақы тәрбиемен өскен нағыз даланың аруы. Дәстүрлі әншілігін былай қойғанда, салт-дәстүрдің жілігін шағып, майын ішкен Арқаның (дәлірек айтсам, Жаңаарқаның) нағыз қарапайым, қабілетті, қасиетті қара қызы!", - деген Балғынбек оның ұстаздығы мен шешендігін сөз етті.

Ал желі қолданушылары болса, Балғынбектің сөзінің жаны бар екенін айтты.

Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру