Қазақстанның оқушылары "фаст-фуд" жеуде алдына жан салмай келеді
Қазақстанның оқушылары дұрыс тамақтанудың маңызын біле тұра, "фаст-фуд" пен шоколад жеп тоқ басуды әдетке айналдырған.
Бұл туралы BNews.kz тілшісіне Danone компаниясының баспасөз қызметінен хабарлады. Danone компаниясы жүргізген зерттеу нәтижесіне сәйкес, Қазақстан мектептеріндегі барлық оқушылардың тек 26%-ы ғана тоқ басар ретінде жеміс-жидек пен көкөніс пайдаланатын көрінеді.
Сондай-ақ сауалнамаға қатысқан балалардың 80%-дан астамы олардың пайдасы жөнінде құлағдар. Сүт-айран өнімдеріне келетін болсақ, оларды оқушылардың тек 15-17%-ы ғана тұтынады. Бір өкініштісі, балалардың аңсары көп жағдайды шоколад (53%) мен "фаст-фудқа" (43%) ауып тұрады екен.
Осы орайда, сауалнамаға 50 мемлекеттік мектептің оқушылары қатысқанын айта кету керек.
Қарап көріңіз 👇
kz | Жаңалықтар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: Қазақстанның оқушылары фаст-фуд жеуде алдына жан салмай келеді казакша жаналык, қазақша жаңалық Қазақстанның оқушылары фаст-фуд жеуде алдына жан салмай келеді, новости свежие Қазақстанның оқушылары фаст-фуд жеуде алдына жан салмай келеді