Қазақстандықтар доллар мен рубльді сатып алуда
2013 жылдың шілдесінде Қазақстанның ақша айырбастау пунктерінде 2520 млн доллар және 6105 млн рубль сатылды.
Былтырғы жылы бұл сандар сәйкесінше 1842 млн және 3651 млн-ды құраған еді, деп хабарлады BNews.kz ҚР Ұлттық банкінің ресми мәліметтеріне сілтеме жасай отырып.
Мәселен, Алматының ақша айырбастау пунктері өткен айда 1097 қолма-қол америкалық валютаны және 1125 млн ресейлік рубльді, ал Астананың ақша айырбастау орындары 274 млн доллар және 496 млн рубльді сатты.
Еуро сатылымына келетін болсақ, Қазақстанның ақша айырбастау пунктері ағымдағы жылдың шілде айында 150 млн-ды (Алматы – 84 млн, Астана – 23 млн), 2012 жылдың сәйкес мерзімінде ол 145 млн-ды құрады.
Ақша айырбастау пунктері сол кезеңде 699 млн доллар, 50 млн еуро, 2991 млн рубль сатып алды, делінген ақпаратта. Ұлттық банктің 20 тамыздағы мәліметтері бойынша, 1 АҚШ доллары - 152.54 теңге және 1 еуро - 203,32 теңгені құрайды деп жазады BNews.kz.
Қарап көріңіз 👇
kz | Жаңалықтар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: Қазақстандықтар доллар мен рубльді сатып алуда, казакша жаналык Қазақстандықтар доллар мен рубльді сатып алуда, свежие новости на казахском Қазақстандықтар доллар мен рубльді сатып алуда, Қазақстандықтар доллар мен рубльді сатып алуда ақша туралы жаңалық