Есімдер мағынасы

Әрбір ата-ана өмірге келген сәбиге әдемі, көркем есім таңдауға тырысады. Бүгінде елімізде қазақы аттардан бөлек, басқа тілдерден енген, көпшілік арасында кең таралған заманауи есімдер жиі қойылады.

Әдемі, ерекше ұл бала есімдері мағынасы (М әрпі бойынша ат қою)

МАҒАЗ - араб тілінен алынған ма’азза — махаббат, сүйіспеншілік. Яғни қымбатты, сүйікті.

МАҒАУИЯ - араб тілінен - сау-саламат; құтылған.

МАҒЗҰМ – араб тілінен алынған ма’сум — талған; шақырылған; қонақ, мейман.

МАҒРУФ - араб тілінен алынған магруф — жалпыға мәлім; қолдау тапқан, жені түзу; жәрдем беру, қайырым жасау.

МАЙДАН - араб тілінен алынған мейдан — ашық алаң, соғыс алаңы; майдан. Бұл есім Ұлы Отан соғысы кезінде туған балаларға қойылған.

МАЙЛЫ - күйлі, қуатты, әлді.
Есімдер мағынасы
Толық

Әдемі, ерекше ұл бала есімдері мағынасы (У әрпі бойынша ат қою)

УАЙЫС - араб тілінен алынған — күш, жігер.

УАХАП - араб тілінен алынған уаһуп — мырза, жомарт, қайырымды.

УАХАТ - араб тілінен алынған уахит — жалғыз, жалқы, бірінші (бала).

УӘЛИ, УӘЛІ - араб тілінен — әкім, қожайын; үкімет басқарушы; туысқан, бауыр. Біріккен тұлғалы есімдер — Уәлиахмет, Уәлиолла, Уәлихан.
Есімдер мағынасы
Толық

Әдемі және ерекше қыздар есімдері мағынасы (О әрпі бойынша ат қою)

ОРАЗГҮЛ - көне түркі тілінен келген орыз — ырыс, құт, бақыт. Есімнің екінші сыңары иран тіліндегі гүл.

ӨМІРШЕ - араб тілінен алынған — өмір бақи, мәңгілік.

РАСИМА - араб тілінен — рәсім, әдетті берік ұстаушы.

ПАРАСАТ - араб тілінен — ақыл, сана.
Есімдер мағынасы
Толық

Әдемі және ерекше қыздар есімдері мағынасы (И әрпі бойынша ат қою)

ИНДИРА – үнді тілінен алынған — ай.

КАБИРА - араб тілінен алынған кабир — ұлы, зор, үлкен; маңызды, байыпты, салмақты.

ҚАЗЫНА - араб тілінен алынған хәзинә — байлық, қойма; қазына. Аса қымбатты деген мағына береді.
Есімдер мағынасы
Толық

Әдемі, ерекше ұл бала есімдері мағынасы (О әрпі бойынша ат қою)

ТЫНАЛЫ - тынышталды, көңіл орнына түсті, басылды.

ТЫНЫС - дем; үзіліс, дамыл, тыным.

ТЫНЫСТАН - дем алу, дамылдау.

ТЫНЫШТЫҚ - (қараңыз: Еламан).

ТЫНЫШТЫҚБЕК - (қараңыз: Бейбітбек).

ТІЛЕГЕН - тілеп, сұрап алған бала.
Есімдер мағынасы
Толық

Қазақша - арабша Алла тағаланың 99 көркем есімдері және мағынасы

Аллаһ - الله

Оның (Аллаһ тағаланың) бар екендігі және Оның иләһи сипаттарын білдіретін есім. Раббымыздың ең ұлық есімі. Кім Жаратушының осы әдемі есімін күніне 1000 рет қайталап зікір етсе, иманы берік болады.
Есімдер мағынасы
Толық