Есімдер мағынасы

Әрбір ата-ана өмірге келген сәбиге әдемі, көркем есім таңдауға тырысады. Бүгінде елімізде қазақы аттардан бөлек, басқа тілдерден енген, көпшілік арасында кең таралған заманауи есімдер жиі қойылады.

Қазақша қыз есімдері. Қызыңызға қандай есім таңдадыңыз?


Есімдер үш топқа бөлінеді. Алғашқысы – адам өзі қатты жақсы көретін, мақтанышпен айтатын есімдер. Екіншілері – ауыстыруды талап ететін, адамның мінез - құлқына сай келмейтін түрі. Үшіншілері – иесінің болмысына қарама - қайшы келмейтін, тым жақсы болмаса да, шыдап бағуға болатын түрі.
Есімдер мағынасы
Толық

Қазақ ер азамат, жігіт, баланың қазақша есімдері мен мағыналары


Табар...... Тілеміс
ТАБАР – қазақ сөзіне тап + ар есімше жұрнағы жалғанып жаңалған сөз, яғни бала білімді болып дүниенің сырын ашсын, жаңалық тапсын деген тілекпен қойылған есім.
ТАБЫЛҒАН - баласы өлген үйде дүниеге жаңадан келген сәбиге жоғалғаны табылды деп осылайша ат берілген. Кейде табылған да деп қоя береді.
ТАҒАЙ - араб тілінен - нағашы; бұл есімнің синонимдері — Нағашыбек, Нағашыбай.
Есімдер мағынасы
Толық

Әдемі, ерекше ұл бала есімдері мағынасы (Ұ әрпі бойынша ат қою)

ҰЗАҚ - бұл есім баланың өмір жасы ұзақ болсын, көп жасасын деген мақсатпен қойылған. Біріккен тұлғалы есімдер — Жасұзақ, Өмірзақ, Байұзақ, Мыңжасар, Көпжасар.

ҰЙЫҚБАЙ - бұл есімнің бірінші сыңарындағы уйық сөзі жерұйық деген сез тіркесінде ғана кездеседі. Мағынасы — жердің жақсысы, ең шұрайлысы + баи.

ҰЛАН - түркі тілдерінің көбінде бар есім. Бірақ әр түрлі мағынада айтылады. Ұлан — сәби, бала; жауынгер, жігіт, азамат, жасақшы.

ҰЛАС - жалғас, селбес.

ҰЛЫҚБЕК - ұлы, зор + бек.
Есімдер мағынасы
Толық