Есімдер мағынасы

Әрбір ата-ана өмірге келген сәбиге әдемі, көркем есім таңдауға тырысады. Бүгінде елімізде қазақы аттардан бөлек, басқа тілдерден енген, көпшілік арасында кең таралған заманауи есімдер жиі қойылады.

Азамат

АЗАМАТ есімінің мағынасы – араб тілінен енген есім. Енгенде де қазақ арасына әбден сіңісті болып кеткен сөздердің бірі. Қазақ ішінде көп ұшырасқанымен, арабтар, жалпы, өзге түркілер мен мұсылман арасында мұндай ат кездеспейді. Араб тіліндегі нұсқасы – «аъзамат». Оны қазақша аударғанда «ұлы, дара, жоғары дәрежелі» деген мағынаны береді. «Ел аузында жүрер, халқына пана болар нағыз жігіт болсын» деген ниетпен қойылатын ныспы. Ел ішінде жиі кездеседі.

 
Есімдер мағынасы
Толық

Ажар

Ажар есімінің мағынасы - "Ажар" сөзі келбет, көрік, әдемі, тартымды сияқты ұғымдармен үндеседі. Қазақ халқы адамның сыртқы сұлулығын "ажарлы" деп те сипаттайды.

Есімдер мағынасы
Толық

Абылай

АБЫЛАЙ есімінің мағынасы - араб тілінен аударғанда "әбіл" сөзі әке деген мағынаны береді. Ай - планета, ол әдемілік пен адалдықты және мәңгілікті білдіреді. Тарихи есім - Абылай хан.
Есімдер мағынасы
Толық

Динара

Динара есімінің мағынасы - сөз негізі "динар" араб елдеріндегі ортағасырлық алтын ақша, құндылығы өте жоғары болған. Қыз бала есімі. Ата-ана Баласын сүйетінін, жақсы көріп қаншалықты қымбат, бағалы екенін білдіру үшін атын "Динара" деп қоятын болған.
Есімдер мағынасы
Толық

Алинұр

Алинұр есімінің мағынасы – "әли" араб тілінен аударғанда зор, заңғар, биік деген мағына береді. Ал нұр сөзі жарық, сәуле деген мағынада қолданылады.

 

Есімдер мағынасы
Толық

Шолпан

Шолпан есімінің мағынасы - қазақ тілінен алынған таңғы жарық жұлдыз.

Есімдер мағынасы
Толық

Даяна

Даяна есімінің мағынасы — латын тілінен алынған  Диана — пәктік пен ай құдайының аты.

Есімдер мағынасы
Толық

Жасмин

Жасмин есімнің мағынасы - Жасмин гүліне теңестіріліп қойылған.

Есімдер мағынасы
Толық

Ибраһим, Ыбырай

Ибраһим, Ыбырай есімінің мағынасы – халықтардың әкесі. Құранда аталатын Алла тағаланың пайғамбарларының бірі. "Алланың досы" деген лауазымға ие болушы, бір Аллаға бой ұсынушы. 

Есімдер мағынасы
Толық

Мансур

Мансур есімінің мағынасы – араб тілінен аударғанда жеңімпаз, жеңіске жетуші, екінші мағынасында құдіретті деген мағына береді.

 

Есімдер мағынасы
Толық