Мақал-мәтелдер

Мақал — нақыл сөз. Ол өмірдегі түрлі құбылысты жинақтап, түйіп, ықшамдап беріп, бір не екі тармақтан тұратын, алдыңғы жолдарында пайымдап, соңғы жолдарында қорытылған ой айтатын халықтық бейнелі поэтикалық жанрдың бір түрі, ғасырлардан екшеліп жеткен терең мазмұнды, тақырып аясы кең сөз мәйегі. Мақалдар көбіне өлең үлгісінде кейде қара сөзбен де айтылады. Ұйқасқа (“Қайраңы жоқ көлден без, қайырымы жоқ ерден без”), аллитерацияға (“Етігін шешпей ер шыңаймас”), ассонансқа (“Қатты жерге қақ тұрар, Қайратты ерге бақ тұрар”) құрылады. Мақалдар тура және ауыспалы мағынада қолданылады. Ауыспалы мағынадағы сөздер ішкі астары бар, тұтас бір ойды білдіреді (“Бір жеңнен қол шығар, бір жағадан бас шығар”), (“Ырысқа қарай ұл өсер, Қонысқа қарай мал өсер”), (“Ел — ырыстың орманы, ер — ырыстың қорғаны”), (“Ер жігіт үш ақ үй тігеді, үш қара үй тігеді”).

Мәтел — өзінің негізгі түйіндеуін кесіп айтпайтын, бір-бірімен кереғар шендестіруі жоқ, қорытындысы тұспалды, қысқа да нұсқа нақыл сөз. Мақалға өте жақын. Мәтел сыңар тармақ болып келеді. Сөз үстемелене келіп, мақалға айналады. Мысалы, “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке” — мәтел. “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке жолығасың” — мақал. Мәтел тура, ауыспалы, астарлы мағынада қолданылады. Мәтел адамның айтқан пікіріне ой қосады, сезімін әсерлі де айшықты жеткізеді. Ақын-жазушылардың ұтымды сөздерінің біразы Мақал-Мәтелге айналған: (“Ұылымды іздеп, дүниені көздеп” — Абай), (“Жалғанды жалпағынан басып өтіп” — Жамбыл, т.б.).

Мағынасы бар мақал-мәтелдер мында

Өсек

Жамандауға шебер болғанша,
Мамандауға шебер бол.

Тілін тісіне жаниды.

Әзілде кек жоқ, өсекте шек жоқ.

Өгіз оғы, бұзау боғы.

Өсектің уыты уақытында.

Тырнақ астынан кір іздеген.
Мақал-мәтелдер
Толық

Ұры, ұрлық

Ұры - қарының серігі.

Ұры - қасық, ел - теңіз.

Ұры - бір түнде бай, бір түнде кедей.

Ұрыға мал қүтаймас.

Ұрының қатыны өзіне лайық.

Мақал-мәтелдер
Толық

Көңіл-күй

Көңіл - қазы, көз - таразы.

Көңіл - дария, көз - найза.

Көңіл - нәзік, сөз - батыр.

Көңіл табу - көргенділік.
Мақал-мәтелдер
Толық

Ит

Ит - ырыс.

Ит - адамның құлағы.

Ит - опа, қатын - жапа.

Ит ұяласын аңсайды.

Ит ұяласынан қорықпайды.
Мақал-мәтелдер
Толық

Өсиет

Көп тыңда, аз сөйле.

Көрпеңе қарай көсіл.

Жаманға жалынба, адамға табынба.

Жат үйінде жатық бол.

Бүлінгеннен бүлдіргі алма.
Мақал-мәтелдер
Толық

Өтірік

Өтірік - қаңбақ, шын - салмақ.

Өтірік өрге баспайды.

Өтірікші мен өсекші егіз.

Өтірік айтқан жерде көп тұрма.

Өтірікшінің шын сөзі зая кетеді.
Мақал-мәтелдер
Толық

Пендешілік, күнәхарлық, пенделік

Түйе қараған мылжың,
Қатыны өлген мылжың.

Екі мылжың кездессе, әңгіме ұзарады,
Екі тентек кездессе, шеке қызарады.

Төрешілдің ертеңі таусылмайды,
Мылжыңның «ертеңгісі» таусылмайды.
Мақал-мәтелдер
Толық