file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Ұрланған бақыт

Ұрланған бақыт

Кеш батты. Өзімнің мазам болмай тұрған еді. Әпкем маған «сен ұйықтай бер сағат 2-де өзім оятамын» деді. Оянсам таң атып қалыпты. Әпкем үйде жоқ. Жүрегім бір шикілікті сезді. Жігітіме қоңырау шалып онымен сөйлестім. Сөйтсем түнде жігітім мені алып қашуға келгенде, әпкем менін киімдерімді киіп менің орныма кетіп қалған екен (әпкем екеуміздің түр-әлпетіміз, денене бітіміміз ұқсас еді). Жігітім келіншек мен емес әпкем екенін тек бет- ашардан кейін ғана біліпті. Той-томалақтың бұзуға дәті бармапты. Жүрегім қан жылады, қатты қиналдым. Әпкем менің бақытымды ұрлап кетті. Сол күннен бастап өмірге деген қызығушылығым жоғалды.
Міне арада 8 жыл өтті. Осы уақыт ішінде әпкем Нағимамен де, Бұрынғы сүйіктім Ердаулетпен де бір сөз алмаспадым. Ол екеуі бір шаңырақтын астында 5 жыл өмір сүрді. Ортақ 1 ұл, 1 қызы бар. Бірақ олар айырылысып кеткен. Әпкем одан кейін басқа кісіге тұрмысқа шықты. Ал мен әлі жалғыз басты қызбын. Басқа жігіттермен араласуға да ниетім жоқ.
Түсінгенім, қанша тырысқанмен қанша талпынғанмен маңдайға жазғаннан артық ештеңе болмайды екен.

Жадыра 30 жас

Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру