Күтпеген Махаббатым

Күтпеген Махаббатым

Мен директорды күтіп тұрғанымда жаныма екі ұл жақындады. Оларға аса мән бергенім жоқ, әдеттегідей, жаңа оқушы бәріне қызық. Олармен сөйлесе келе анықталғаны, олардың бірі менің немере әпкем Анардың ұлы екен. Ал жанындағы оның досы болып шықты.
Мектеп-интернаттағы бірінші апта кезінде мен үйге асықтым, ал кейін үйден интернетқа асығатын болдым.
Сабақтардан кейін біз интернаттың оқу залында жиналатынбыз. ҰБТ жақындап келе жатты. Бәріміз бірге отырып дайындалушы едік. Мен жаңа сыныптастырыма қатты бауыр басып қалдым. Мені, Мақсат, Манас, Бабыр, Жәналі, Нұрғазыны іздеген адамдар бірінші кезекте оқу залына келетін. Біз ол жерден тек түнде ұйқымыз келіп, шаршағанда ғана шығатынбыз.
Қысқы демалыс уақытысында мен оларды қатты сағындым. Әсіресе немере ағамның досын))). Біз онымен оқу залында әрқашан бірге отыратынбыз, арамызда достық сезімнен басқа тағы бір, мүлдем басқа, түсініксіз сезімдер пайда болған сияқты болатын.
Мектептен келе асығып тамақтанып алып оқу залына ұшатынмын. 5-10минуттан кейін ол да келетін. Сол келгеннен, біз түнгі екіге дейін бірге отыратын едік. Көңілімде қуанышпен бірге қандай да бір ауыр сезім болатын. Ештеңеге қарамастан мен бақытты болдым.
ҰБТ ға дейінгі бір ай. Біздің дайындығымыз түнгі төртке дейін созылатын болды. Жұлдыздарға толы түнгі аспан, сыдырылдап аққан бұлақ, ауылда орнағын үнсіздік және тест сұрақтары. Романтика ;-)
Соңғы қоңырау, біз қоштасу вальсін бірге биледік. Біздің армандарымыз шыңы тәрізді Қазығұрт тауының басына шықтық. Сонда не болса да, қандай жағдай болмаса да бір-бірімізді жоғалтып алмаймыз деп шештік...
Бірақ...Мен Астанаға түссем, ол Шымкентте қалды.
Студенттік өмір. Университет. Мен оны қатты сағынып жүрдім. Күнде сөйлесетінбіз. Уақыт өтіп жатты, біз ұрысып, қайта жарасып, осылайша жалғасып жатты. Кейде бір айдай ренжісіп, сөйлеспей қалатынбыз.
Бір күні бірге болмайтынымызды түсініп, мен оған соғуды доғардым. Номерімді ауыстырып тастадым.
Жасағандарым ақымақтық та болар...Білмеймін не үшін, бірақ оны ұмытқым келді. Махаббатым деген барлық сезімдерімді мен жай ғана оған үйреніп қалғанмын дегенмен теңестіргім келді.
Мен өз-өзіме: Біз бір сыныпта оқыдық, бірге мектепке бардық, бірге қайттық, бірге тамақтандық, бірге дайындалдық, күніміздің 16сағатында бірге болдық, уақыт өте келе мен оған бауыр басып қалдым, басқа ештеме емес,- деп айтумен болдым.
Соғуды қойғаннан кейінгі жарты жыл мен үшін өте ауыр болды, күнде оны ойлайтынмын. Оны ұмытуға тырыстым.
Бір күні интернатта оқу залында отырған кезімізде ол менен:
- Ғашықтық пен жақсы көрудің айырмашылығы бар ма? -, деп сұрады.
- Менің ойымша екеуі бір зат секілді. Мен солай ойлаймын -, деп жауап бердім.
Ал оның ойланып тұрып:
- Ғашықтық бұл адамды алғаш көргенде немесе қайта-қайта көргеде, ол саған ұнайды. Ғашықтық жария етуді талап етпейді.Ол жайлы айтпауға да болады. Уақыт өте келе ашық болған адамың тәтті бір қиял секілді алыстан қол бұлғап қала береді. Адам бір өмірінде бірнеше рет ғашық болуы мүмкін.
Ал шын жақсы көру басқаша. Сен оны күнде көріп жүрсен де онсыз бір минут өткізсең сол мезет оны көргің келеді. Ол үшін барлығына да дайын тұрасың. Жақсы көруді ішке сақтауға болмайды, айтпасаң сені күнде ішіңнен кемірумен болады. Оны міндетті түрде айту керек. Жақсы көру адам өмірінде тек бір рет қана мәңгілікке болады. Ол әрқашан сенің есіңде, жүрегіңде - , деп айтқаны есімнен кетпейді.
Бірінші курсты бітірген жылы жазда біз сыныптастармен кездестік. Ол да болды. Бірақ арамыз алшақтап кеткендей, сәлемдесіп, қоштасқаннан басқа бір-бірімізже ештеме деп сөйлескен жоқпыз.Қазір де біз сөйлеспейміз. Немере ағамнан оның қалы қалай екекін сұрап тұрамын.
Қадамымды қате басқан кездерім көп болар, бірақ та мен оны ешқашан ұмытпаймын.

Р.С. Кейде өзіне соғып, қалын сұрағым келеді. Бірақ оның жүрегін тағы да ауыртып қоямын ба деп қорқамын...

Кәмшат

Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру