Экономика | Экспортталатын шикi мұнайға, газ конденсатына салынатын рента салығы

 Экономика | Экспортталатын шикi мұнайға, газ конденсатына салынатын рента салығы

Мазмұны
Кіріспе.
I Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын өндіруге және экспорттауға салынатын салықтардың экономикалық мәні
1.1 Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын өндіруге және экспорттауға салынатын салықтардың экономикалық мәні.
1.2 Жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу ерекшеліктері.
II Экспортталатын шикi мұнайға, газ конденсатына салынатын рента салығын есептеу және төлеу тәртібі
2.1 Экспортталатын шикi мұнайға, газ конденсатына салынатын рента салығының субъектілері мен объектілері.
2.2 Экспортталатын шикi мұнайға, газ конденсатына салынатын рента салығының ставкалары мен төлеу тәртібі ..
2.3 Экспортталатын шикi мұнайға, газ конденсатына салынатын рента салығын есептеу әдісі....
Қорытынды ...
Қолданылған әдебиеттер..........

Кіріспе
Жақын келешекте ауыр өнеркәсіп, көлік, ауыл шаруашылығы және халық шаруашылығының басқада салаларының үздіксіз дамуы отын мен жағар майларды қарқынды өндірудің қажеттілігіне әкеліп соқтырады, демек көмірсутек шикізаты – газ тәрізді және сұйық мұнай өнімдері ресурстарының өсуіне алып келеді. Мұнай өнімдеріне деген сұраныстың өсуін қанағаттандыру үшін жыл сайын үлкен қуаты бар мұнайды алғашқы айдау қондырғыларын жаңадан іскеқосу керек болады.
Мұнайды алғашқы айдау қондырғылары мұнай өңдеу зауыттарында үлкен роль атқарады. Газды бөлу, каткренинг, кокстеу, тазарту және басқа да процестердің тиімділігі осы қондырғының жұмыс көрсеткіштеріне байланысты. Сондықтан мұнай өңдеу өндірісінің жұмысшылары, ғылыми зерттеу және жобалау - конструкциялық ұйымдардың қызметкерлері қондырғылардың технологиясын оның өнімділігін ұлғайтуға және алынған өнімдердің сапасын жоғарлатуға ұмтылуы керек. Еңбек өнімдігін жоғарылату, тауардың өзіндік құнын кеміту энергия шығындарын қысқарту, металл шығындарын және басқа шығындарды қысқарту а/ы ісіне асатын қондырғының (көрсеткіштерінің) технико – экономикалық көрсеткіштерін жақсартудың үлкен мәні бар.
1950 жылға дейін мұнайды алғашты айдаудың инновациялық әлеуметі қалыптасады. Осыған байланысты адамның біәлім – білік капиталына қатысты экономиканы өрістеу мәселесі туындайды. Бұл орайда инновациялық экономика білім - өндіріс саласын басымдығы ретінде айқындай түсті. Бүгінгі өркениет білім программасын өзгертуді талап етуі. Әрқашан қолдау мен көмекті қажет ететін білімнің орнына ауқымды да инновациялық білім келуі тиіс. Бір ескерер жайт етіп, ғылыми білім қоғам мүшелері қызметінің әлеуметтік жағдайына қарай қарастырылады. Мұны халқымыз «Еңбегіне қарай - өнбегі деген нақылға сыйдырған. Сонда инновациялық білімнің мақсаты болашақ жасампас қызметін болмыс – бітімін қалыптастыру болып шығады. Қазақстанның бәсекеге қабіліеттігін қамтамасыз ететін білім реформасы да елбасы пайымына сай келді.
Әлбетте, білім мен ғылым – бірін – бірі толықтыратын, бірін – бірі өрістете беретін салалар. Бұл ретте жолдаудағы ең жоғарғы халықаралық стандарттарға сай келетін академиялық орталықтар мен оқу орындарын құру» деген Президенттің тапсымасы елдік дамуымыздың дәл осы кезеңінде аса көкейкесті деп білеміз.
Қазір жахандық тоқыралардың нышаны байқалып отырған уақытта адамның жаңа дүние танымдық бағдарын іздеу зәрулігі күн тәртібіне шығып отыр. Осыған байланысты ғылымның мән мағынасы да, оның қоғам өміріндегі орны туралы түсінік те қайта байпталып жатыр. Ендігі жерде құндылықтар жүйесіндегі ғылымның қадір қасиеті оның технологиялық қарқынымен өлшенетін айқын. Осы орайда Президентіміз «Қазақстанда халықаралық ұйымдардың қатысуымен осы замагнғы ғылыми орталықтар мен технологиялық парктер құру мен дамыту, технологиялардың игеру үрдісіне қолдау көрсету мен кадырлардың білігіне бағдарлаудың икемді жүйесін қалыптастыруымыз керек – дейді. Бұл да -тың ой - әрі тың бастама. Ғылымды жан – жақты дамытуға бағыттау - уақыт талабы Қазақстан ғылымнан керіде дей алмаймыз. Елімізде 10 мыңға жуық ғылыми қызметкер мен ғылыми мамандар жұмыс істейді.
Қазақстан Республикасының Конституциясымен жер қойнауы тек мемлекеттің меншігінде болатыны белгіленген. Конституцияның осы нормасын ескеріп және Қазақстан Республикасы Президентінің «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 1996 жылғы 26 қаңтардағы №2828 Жарлығының 10-бабына сәйкес Қазақстан Республикасында уақытша және төлемді жер қойнауын пайдалану көзделген.
I Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын өндіруге және экспорттауға салынатын салықтардың экономикалық мәні
1.1 Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын өндіруге және экспорттауға салынатын салықтардың экономикалық мәні
Қазақстан Республикасының Конституциясымен жер қойнауы тек мемлекеттің меншігінде болатыны белгіленген. Конституцияның осы нормасын ескеріп және Қазақстан Республикасы Президентінің «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 1996 жылғы 26 қаңтардағы №2828 Жарлығының 10-бабына сәйкес Қазақстан Республикасында уақытша және төлемді жер қойнауын пайдалану көзделген.
Жер қойнауын пайдалану құқығы мынадай операцияларды жүргізу үшін беріледі:
1. жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу;
2. барлау;
3. өндіру;
4. барлаумен және (немесе) өндірумен байланысты емес жер асты ғимараттарының құрылыстары және пайдалану.
Жер қойнауын пайдалану құқығы тұрақты немесе уақытша, шеттетілетін не шеттетілмейтін, өтемді немесе өтеусіз болуы мүмкін.
Тұрақты және өтемсіз жер қойнауын пайдалану құқығында жеке меншік немесе тұрақты жер пайдалану құқығындағы жер қойнауын пайдаланушыға тиісті жер учаскелерінде өз мұқтаждары үшін жалпы таралған пайдалы қазбаларды өндіру жүзеге асырылады.
Жер қойнауын пайдалану құқығының субъектілері қазақстандық және шетелдік жеке және де заңды тұлғалар болуы мүмкін.
Тұрақты жер қойнауын пайдаланушылар- жер қойнауын пайдалану құқығы мерзімсіз сипаттағы тұлғалар.
Уақытша жер қойнауын пайдаланушылар- жер қойнауын пайдалану құқығы белгілі мерзіммен шектелген тұлғалар.
Жер қойнауын пайдалану құқығы мынадай жолмен туындайды:
1. жер қойнауын пайдалану құқығын ұсыну;
2. жер қойнауын пайдалану құқығын беру;
3. әмбебап құқық иелігі тәртібіндегі жер құқығын пайдалану құқығына көшу.
Жер қойнауын пайдалану құқығын ұсыну мемлекеттің тікелей жер қойнауын пайдалану құқығын тұлғаға ұсынуын білдіреді.
Жер қойнауын пайдалану құқығын беру басқа жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдалану құқығын тұлғаға беруін білдіреді.
Әмбебап құқық мирасқорлығы тәртібіндегі жер қойнауын пайдалануқұқығына көшу заңды тұлғаны қайта құру кезіңде құқық мирасқорлығында жер қойнауы құқығының туындауын білдіреді.
Барлауға, өндіруге, бірлескен барлау мен өндіруге, сондай-ақ барлау мен (немесе) өндірумен байлданысты жер асты ғимараттарының құрылысы мен пайдалануға жер қойнауын пайдалану құқығын ұсыну келісім-шартты жасау жолымен жүргізіледі.
Коммерциялық мақсаттағы жалпы таралған пайдалы қазбаларды өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын ұсыну облыстық атқарушы органмен келісім-шарт жасау негізінде жүргізіледі.
Пайдалы қазбалардың аздағвн қорлары мен кен орнына жер қойнауын пайдалану құқығын ұсыну тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
Мемлекеттік сатып алулар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану мен қорғау бойвнша мемлекеттік органның әкімшілік актісі негізінде жүргізіледі.
Өз мұқтаждары үшін жалпы таралған пайдалы қазбаларды өндіру мен жер асты суларына жер қойнауын пайдалану құқығын ұсыну жалпы таралған пайдалы қазбалар мен жер асты сулары орналасқан жер учаскелерін бір уақытта жеке меншікке немесе келісім-шарт негізінде туындайтын міндеттемелер бойынша бірлескен ынтымақтастықта болады. Жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды өткізу үшін пайдалануға беру жүргізіледі. Уақытша жер пайдалануға жер учаскесін ұсыну кезінде өз мұқтаждары үшін жалпы таралған пайдалы қазбаларды және жер асты суларын пайдаланудың шарттары уақытша жер пайдалану туралы шартпен келісілуі тиіс.
Жер пайдалану құқығы бірнеше жер қойнауын пайдаланушыға ұсынылуы мүмкін. Осындай ұсынылу жағдайында осы жер қойнауын пайдаланушылар жер қойнауын пайдалану құқығының бірлескен иегерлері болып табылады. Осындай жер қойнауын пайдаланушылардың өзара құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ құзіретті органға қатысты құқықтары мен міндеттері келісім-шартта айқындалады. Жер пайдалану құқығының бірлескен иегерлері келісім-шарт негізінде туындайтын міндеттемелер бойынша бірлескен жауапкершілікте болады.
Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуге жер қойнауы келісім-шарттың мынадай түрлері:
• барлау бойынша жұмыстарды өткізуге;
• бірлескен барлау мен өндірі бойынша жұмыстарды өткізуге;
• өндіру бойынша жұмыстарды өткізуге;
• барлаумен және (немесе) өндірумен байланысты емес жер асты ғимараттарының құрылысы мен (не) пайдалануға қолданылады.
Жер қойнауын пайдалану мен басқа да жағдайлар бойынша нақты операциялардың қағидаларына қарамастан келісім- шарттардың құрамдастырылған және өзге де түрлеріне жол беріледі.
Кілісім-шарт жағдайы үлгілік келісім-шарттың ережелерін ескеріп тараптардың өзара келісімі бойынша айқындалады.
Келісім-шарт жағдайы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келуі керек. Келісім-шарт жасау сәтіне қолданылатын заңнамаға қайшы келетін келісім-шартт жағдайы оны жасау сәтінен бастап жарамсыө деп саналады.
Жұмыс бағдарламасын қоса бірлескен барлау мен өндіруге келісім-шарт бойынша өндіруді өткізуге жағдай мен тәртібі келісім-шартта айқындалатын тәртіпте жасалған келісім-шартқа қосымша ретінде қосымша рәсімдеуге жатады.
Жер қойнауын пайдаланушылардың үстеме пайдаға және арнайы төлемдерге салық төлеушілері техногендік миниралдық құрылымдардан пайдалы қазбаларды алуды қоса Қазақстан Республикасындағы жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалар болып табылады.
Жер пайдалануға келісім-шарт екі тараптын коммерциялық шарты болып табылады, яғни Құзіретті орган тұлғасындағы Қазақстан Республикасының Үкіметі және жер қойнауын пайдаланушы, оның ішінде жер қойнауын пайдаланушы және халықаралық шарт болып табылмайды.
Яғни, жер қойнауын пайдалану үшін белгіленетін салық режимі келісім-шартты жасау күніне қолданылатын заңды және жеке тұлғалардың салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуді реттейтін салық заңнамасының ережелеріне сәйкес келуі керек. Осындай жолмен, келісім-шарттың салық режиміне оған қол қою күніне қолданылатын Қазақстан Республикасының салық заңнамасына қайшы келмейтін ережелер енгізіледі.
Келісім-шартқа қол қою күніне дейін салық сараптамасын өткізу күнінен бастап салық заңнамасының өзгеруі жағдайында салық режимі қайтадан салық сараптамасын өткізумен осы өзгерістерге сәйкес келтірілуі керек.
Егер бір келісім-шарт бойынша жер қойнауын пайдалану келісім-шартта белгіленген салық режимі бірнеше салық төлеушілер жүзеге асырса олар үшін бірыңғай болып табылады. Бұл ретте :
1. салық салу мақсатында салық төлеушінің осы келісім-шарт шегінде жүзеге асырылатын қызметі бойынша бірыңғай тұтастандырылған есеп және келісім-шартта белгіленген барлық салықтар мен төлемдерді төлеуге міндетті;
2. келісім-шартпен белгіленген салықтарға қосымша бір келісім-шарт бойынша қызметін жүзеге асыратын резидент емес жер қойнауын пайдаланушылар Кодекстің «Халықаралық салық салуы» бөліміне сәйкес салық салуға жатады.
Келісім-шартпен көзделген салық режиміне сәйкес салықтарды төлеу осы келісім-шарттың шегінен шықпайтын қызмет бойынша салық міндеттемелерін төлеуден жер қойнауын төлеушілерді босатпайды.
Осы ереже жалпы таралған пайдалы қазбалар мен (немесе) жер асты суларын өндіру бойынша келісім-шарттарға таралмайды.
Келісім-шартта көрсетілмеген қосымша пайдалы қазбалардың коммерциялық мақсатта әзірлеу жағдайында жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген кесімді ставкалар бойынша олармен төлемдер жүргізеді.
Келісім-шарттың негізгі түрлерін ескеріп жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу екі үлгіге бөлінеді.
Салық режимінің бірінші үлгісі Кодекспен белгіленген салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің барлық түрлерін жер қойнауын пайдаланушылар төлеуді көздейді және олар үшін салық режимінің екінші үлгісі белгіленетін өнімді бөлу туралы келісім-шарттарда (келісімдерден) басқа барлық келісім-шарттарда белгіленеді.
Міндетті салық сараптамасынан өткен жер қойнауын пайдалануға келісім-шартпен белгіленген салық режимі келісім-шарт бойынша жер ............
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру