Қазақ әдебиеті | Ы.Алтынсарин ұлы - Педагог, Ағартушы

 Қазақ әдебиеті | Ы.Алтынсарин ұлы - Педагог, Ағартушы

Мазмұны
Кіріспе_ _ _ _ _ _ _ _ __ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _3-5
І тарау ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН – ҰЛЫ ПЕДАГОГ, АҒАРТУШЫ, ЖАЗУШЫ
1.1. Ағартушының өнегелі өмірі мен өрісі биік таланты_ _ _ _ _ _ _ _6 - 12
1.2. Ыбырай Алтынсарин мұраларының зерттелуі және ағартушылық – педагогикалық, аудармашылық қызметтері_ _ __ _ _13 - 20
ІІ тарау ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН ШЫҒАРМАЛАРЫН ОҚЫТУ АРҚЫЛЫ БЕРІЛЕТІН ТӘРБИЕ
2.1. Ыбырай Алтынсарин – ақын, жазушы, балалар әдебиетінің атасы _ __ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 21 -30
2.2. Бастауыш сыныпта оқылатын Ыбырай Алтынсарин шығармаларын оқыту арқылы берілетін тәрбие._ _ _ _ _ __31 - 54
Қорытынды_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 55 - 56
Пайдаланылған әдебиеттер_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ __ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 57 - 58

КІРІСПЕ
Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауында «Біз Қазақстанның барлық азаматтарының отаншылдық сезім мен өз еліне деген сүйіспеншілігін, адамгершілік сезімдерін дамытуға тиіспіз», - деп атап көрсеткен. Елбасының осындай міндеттерін орындау үшін мектеп табалдырығынан аттаған оқушылардың бойына имандылық, еліне, жеріне деген сүйіспеншілік сезімдерімен бірге сабырлылыққа, қайырымдылыққа, талаптылыққа, терең ойлылыққа т.б. қасиеттерге сабақта, сабақтан тыс кезде көркем шығармаларды оқыту арқылы оқушы бойына дарытуымыз керек.
Көркем әдебиеттегі кейіпкерлердің іс - әрекеті, бейнелері, оқиғалары баланы санқилы сезімге түсіріп ойландырады, қуантады, кейбіреуінен аулақ болуға жетелейді. Сондықтан диплом жұмысымды жазуда педагог, жазушы, балалар әдебиетінің атасы – Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен алдына қойған мақсаттары жайлы, сол мақсатты орындау жолындағы қыруар еңбектерін оқушы қауымға түсіндіруді мақсат еттім. Ыбырай шығармаларын бастауыш сыныптан бастап оқыту арқылы оқушыларды еңбек сүюшілікке, оқу, өнерге ұмтылушылыққа, Отанын, елін сүюшілік, талаптылық, жігерлілік, іздемпаздық, кішіпейілділік, махаббат, қайырымдылық, адамгершілік, жинақтылық т.б. жақсы мінез – құлықтарға тәрбиелеуді алдыма мақсат етіп қойдым.
Диплом жұмысының мақсаты
Бастауыш мектептің әліппе, ана тілі, қазақ тілі оқулықтарында бағдарлама бойынша педагог, жазушы, балалар әдебиетінің атасы – Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармалары, аудармашылық еңбектері жайлы сынып ерекшеліктеріне қарай берілген.
Ыбырай Алтынсарин шығармаларын оқыта отырып, оқушылар бойына жақсы қасиеттерді дарытуды алдыма мақсат етіп қойдым. Міне осы мақсатты жүзеге асыру үшін:
- бастауыш сыныптан бастап ақын – жазушылардың өмір жолымен
танысу;
- көркем шығармаларды оқып, мазмұнын ұғыну;
- көркем шығармалардың жазылу ерекшеліктерін, кейіпкерлер бейнесін талдай білу;
- көркем шығармаға, ондағы бейнелерге баға беріп, пікір айтуға үйренуді бастауыш сыныптың ана тілі сабағындағы әрбір тақырыпты өткен кезде алдына мақсат етіп қою керек. Диплом жұмысымды жазуда Ыбырай Алтынсариннің шығармашылдық өмірі мен творчествосын оқытуда осы мақсатты негізге алдым.
Диплом жұмысының міндеті
Міндетті жүзеге асыру үшін:
- шығарма авторы жайлы сынып ерекшеліктеріне қарай түсінік беруді негізге алу;
- бастауыш сыныпта оқылатын Ыбырай Алтынсарин шығармалары жайлы жүйелі түсініктер беру;
- әдеби жанр ерекшеліктерін таныту;
- шығарма кейіпкерлерін тануға, талдауға үйрету;
Диплом жұмысының зерттеу әдістері
Диплом жұмысын жазуда:
- лекциялық, сұрақ – жауап әдісі;
- талдау – жинақтау әдісі;
- бақылау, зерттеу әдістерінен үзінділер пайдаландым.
Зерттеу пәні
- Озат мұғалімдердің іс – тәжірибелері;
- Ыбырай Алтынсарин шығармаларын оқытуға байланысты ғылыми –
- теориялық және әдістемелік еңбектер;
- өзімнің іс – тәжірибе кезінде алған тәжірибелерім.
Зерттеу нысанасы
- Бастауыш мектеп оқушыларын ана тілі және қазақ тілі пәніне оқыту процесін жетілдіру;
- тіл байлығын арттыру;
- шығармашылыққа баулу;
Диплом жұмысының ғылыми болжамы
- Ыбырай Алтынсарин өмірі мен шығармаларын оқыту арқылы оқушылардың ана тілі және қазақ тілі пәндерінен терең де тиянақты білім алуына қол жеткізіледі;
- әртүрлі жақсы қасиеттерден үлгі алады;
- жақсы азаматтық, адам деген ардақты есімді ақтай алатын кісі болуға тырысады;
- Ыбырай Алтынсариннің оқытушылық, жазушылық, аудармашылық жұмыстарын оқып үйренеді;
Диплом жұмысының теориялық қолданылымы
- Бастауыш сыныптар мен мектептерде ана тілі пәнін оқытуда;
- пәндерді байланыстыра оқыту әдістемесін жетілдіруде;
- бастауыш оқу педагогикасы мен әдістемесі факультетінде ана тілін оқыту әдістемесі пәні мен арнайы курстарда әдістемелік құрал ретінде пайдалануға болады.
Практикалық қолданылымы
Диплом жұмысының нәтижесін:
- Бастауыш мектеп мұғалімдері;
- 0315 «Педагогика және бастауыш мектепте оқыту әдістемесі» мамандығының студенттері;
- Ыбырай Алтынсарин шығармасын зерттеуші авторлар пайдалана алады;
І тарау ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН – ҰЛЫ
ПЕДАГОГ, АҒАРТУШЫ, ЖАЗУШЫ
1.1. Ағартушының өнегелі өмірі мен өрісі биік таланты.
Әр халықтың болашаққа бет алған тарихи даму жолында жарық жұлдыздай болып бағыт – бағдар сілтеген, сөйтіп, сол ұлттың, халықтың тарихында есімдері ерекше аталатын зор тұлғалар болатыны айқын. Есімдері мен еңбегі баршаға қымбатты, халқымыздың тұңғыш энциклопедист ғалымы Шоқан Уәлиханов, ұлы кемеңгер ақын Абай Құнанбаев осындай жұлдызды есімдер. Аталған екі ұлы есімді өзінің халқы үшін кешкен азаматтық ғұмыры, атқарған жарқын істерімен бір – біріне жалғастырып тұрған сахараның және бір данышпан перзенті бар, ол – тұңғыш ағартушы, педагог – жазушы Ыбырай Алтынсарин.
Ыбырай Алтынсарин – аса көрнекті ағартушы, этнограф ғалым, қазақ әдеби және жазба әдеби тілінің негізін қалаушы ақын әрі жазушы, орыс графикасы негізінде қазақ алфавитін жасаушы жаңашыл педагог болған адам. Ол тарихтың қиын да күрделі кезеңінде, қазақ қоғамының құрылымында да, әлеуметтік экономикалық өмірінде де аса бір қиын шақта дүниеге келді. Бұл қазақтардың Орта және Кіші жүздерінің Ресейге қосылуы аяқталып, олардың патша империясының отарына айналған тұсы еді.
Ұлы жүз әлі Қоқан хандығының қол астында болатын.
Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы қазанның жиырмасыншы жұлдызында Орта жүздің қыпшақ руында дүниеге келген. Әкесі 1844 жылы Кенесары шапқыншылығы кезінде қаза табады да, жас Ыбырайды атасы, белгілі би Балғожа Жаңбыршыұлы тәрбиелейді. 1844 жылы патша өкіметі Орынбор Шекаралық комиссиясының жанынан қазақ балаларын оқытып песірлер мен тілмаштар дайындайтын арнаулы мектеп ашу туралы шешім қабылдайды.
1846 жылы наурыздың бесінші жұлдызында Балғожа Жаңбыршыұлы ашылмақ мектепке немересі Ыбырайды оқушы етіп қабылдау жөнінде Орынбор Шекаралық комиссиясының председателі генерал – майор М.В.Ладыженскийге өтініш жасайды. Орынбор шекаралық комиссиясының сол жылғы наурыздың бесінші жұлдызындағы журналдағы қарары бойынша Ыбырай Алтынсарин жаңадан ашылмақ мектепке оқушы болып қабылданады. 1850 жылы жиырма екінші тамыз күні Орынбор қаласында ашылған мектепке отыз баланың бірі тоғыз жасар Ыбырай болды.
Ыбырай бұл мектепті жеті жыл оқып, 1857 жылы бітірді. Ыбырай ерекше зерек, дарынды болған.
Ыбырай қазақ арасынан көптеп мектеп ашуды аңсады: «Сірә, қазақ даласынан көптеп мектеп ашатын мезгіл қашан болар екен?» - дейді. Ол өнер – білімді, мәдениетті дәріптеп, халықты соған шақырып өлең, әңгіме, мақала жазды. Бұл жөнінде, басқаны былай қойғанда, оның «Өнер – білім бар жұрттар» деген өлеңі айқын дәлел.
Әуел бастан – ақ Ыбырайдың бар ынтасы халық ағарту жұмысы болады. «Ыбырай ылғи оқу жұмысымен айналысуды, қазақ халқын ағарту жұмысына ат салысуды көксейтін. Бұл оған бақыт, рахат сияқты көрінетін» - дейді Ильминский. Сол үшін Ыбырай халық ағарту жұмысына өзі сұранып, соған ақыры 1864 жылы ауысады, 1869 жылы бірінші қыркүйекте Торғай облысының оқу инспекторы болып тағайындалады, өмірінің соңына дейін осы қызметте болады.
Педагог – жазушының ізденіске, күреске толы өмірінің баршамыз үшін, әсіресе өмір босағасынан енді аттаған жастар үшін ғұмырын халыққа арнаудың өшпес өнегесін танытты. Ол өзіне дейін толғағы әбден жеткен, бірақ шешімін таппаған бірсыпыра әлеуметтік мәселелерді бірінші болып қолға алып, алғаш іске асырады. Қазақ даласында бірінші болып мектеп ашып, білім шырағын жағу, ана тілінде оқыту секілді халық өмірінде бұрын – соңды болмаған зор әлеуметтік мақсаттарды орындау Ыбырай Алтынсаринге, әрине, ол кезде оңайға түскен жоқ.
Оның алдында жалпы өнер – білімге, жаңалыққа, орысша оқуға барынша қарсы ғасырлар бойы қалыптасқан екі салт – сана, надандық ұғым тұрды. Әйтсе де, халқын сүйген, сүйген де оның жарқын болашағына шексіз сенген патриот, жігерлі күрескер Ыбырай Алтынсарин: «Ал енді құдай басыма не салса да, мен күшімнің жеткенінше туған еліме пайдалы адам болайын деген негізгі ойымнан, талабымнан еш уақытта қайтпаймын», - деп Н.И.Ильминскийге (1884 жылдың он төртінші сентябрі) сеніммен жазғандай, сан – сала қиындақтармен табанды күресе жүріп әрі орыс достарының, әріптестерінің көмегін, ақыл – кеңесін де пайдалана отырып, алдына қойған негізгі мақсатын орындады. Ыбырайдың осындай қажырлы еңбегі, күресі арқасында 1864 жылы қазақ сахарасының төрінде бұрын құлаққа шалынбаған жаңа әуен – балаларды білімге, өнерге шақырған қоңырау үні тұңғыш рет естілді. Бұл ұлы мақсатқа ғұмырын арнаған жас ағартушының осы жолдағы алғашқы жеңісі, ал қазақ халқының өміріндегі әлеуметтік маңызды тарихи оқиға болатын. Сондықтан да болар, Ыбырай Алтынсарин бұл қуанышын (дұрысы жеңісін) Н.И.Ильминскийге жазған хатында: «Осы жылы (яғни 1864 жылы) январьдың сегізі күні менің көптен күткен ісім орнына келіп, мектеп ашылды, оған он төрт қазақ баласы кірді, бәрі де жақсы, есті балалар», - деп айрықша мақтаныш сезіммен жазды.
Тұңғыш білім отауының босағасын алғаш аттаған он төрт баланың есімдері бізге беймәлім болғанымен, олардың жұдырықтай жүрегін билеген сезімдері соншалықты таныс, ыстық.
Міне, сөйтіп, Ыбырай Алтынсарин Шоқан Уәлихановтай аяулы азаматтың халқым оқыса, өнер – білімді игерсе деген арманын іске асырушы болды.
Ыбырай Алтынсарин – «Қазақ хрестоматиясы» (1879 жыл) деп аталатын ана тіліміздегі тұңғыш оқулықтың авторы. Ағартушы оқулықты жазудағы мақсатын хрестоматияның алғы сөзінде: «Бұл кітапты құрастырғанда мен, біріншіден, осы біздің ана тілімізде тұңғыш рет шыққалы
8
отырған жалғыз кітаптың орыс - қазақ мектептерінде тәрбиеленіп жүрген қазақ балаларына оқу кітабы бола алу жағын, сонымен қабат, жалпы халықтың оқуына жарайтын кітап бола алу жағын көздедім...» - деп тұжырымдаған. Хрестоматия бұл екі міндетті де толығынан атқарды. Оқулықтың революцияға дейінгі мерзімде бірнеше мәрте (4 рет) қайталап жарық көруі, оның өз кезеңінде ғана емес, одан кейінгі ұзақ жылдар бойында да талай жас ұрпақ үшін білім, өнеге көзі, рухани қазына бастауы болып келгендігін көрсетеді. Хрестоматияға Ыбырай Алтынсарин өзінің педагогтық мақсатына лайықты жазған тәрбиелік мәні жоғары көптеген шағын әңгімелерін, өлеңдері мен ауыз әдебиеті үлгілерін, сондай - ақ, орыс педагогтері мен айтулы орыс қаламгерлерінен аударған шығармаларды енгізген болатын. Бұл шығармалардың тақырыптық – идеялық мазмұнынан біз Ыбырайдың ұстаз – тәрбиеші ретінде алдына мақсат етіп қойған адамгершілік мәселелерін көреміз. Олар жас жеткіншектерді адал еңбекке тәрбиелеу, белгілі бір кәсіпке, өнерге баулу, адам бойындағы адалдық, достық, мейірімділік секілді асыл қасиеттерді ардақтау, үлкенді, ата – ананы қадірлеу, өнер – білімді байлық – дәулеттен жоғары қою тағы басқалар.
Баршамызға бастауыш сыныптардан етене таныс, әрі ыстық
«Кел, балалар, оқылық!» - «Қазақ хрестоматиясының» беташар өлеңі. Жазылғанына бір ғасырдан астам уақыт өтсе де, жас жеткіншектерді білімге, өнерге шақырған бұл өлеңнің маңызы, бір кезде Ыбырай армандаған «өнер – білімі бар жұртқа» - терезесі тең, шаңырағы биік, мәдениеті озық елге айналып отырған бүгінгі заманда да еш төмендемек емес. Қайта халқымен бірге жасасып, ұлы ағартушының арман – сәлемін жақсы күндерге жеткізген бұл тарихи туындының жаңа мәнге ие болып, бүгін де бұдан бір ғасыр бұрынғыдай:
Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық! –
деп өзінің тот баспас, мәңгі тозбас озық халықтық идеясымен бүлдіршіндерді білім бағына шақыра бермек.
Ұлы ағартушы туған халқының тамаша болашағына сенді.
Ыбырай Алтынсарин ер балалармен қатар қазақ қыздарын да білімге тарту, оларға түрлі кәсіптік мамандық беру жөніндегі жұмыстарды алғаш ұйымдастырушы болғанын білеміз. Ер балалардың өзін оқытуға қырын қараған қытымыр заманда оның қыз балаларды оқыту, оларға арнап мектеп, интернаттар ашу қажеттігі туралы мәселе көтеріп, бұл ойын айтыса – тартыса жүріп дәлелдеуі, біртіндеп іске асыруы шын мәніндегі азаматтық ерліктің, гуманизмнің үлгісі болды.
Ыбырай Алтынсариннің айрықша атап айтар тарихи еңбегінің бірі – оның қазақ балалар әдебиетінің негізін қалауы. «Қазақ хрестоматиясына» енген алуан жанрдағы шығармалар.
Ол төл туындыларын жазғанда да, орыс және Европа халықтары әдебиетінен аудармалар жасағанда да бір мақсатты қатты ұстанды, ең алдымен ол туындылардың балалар ұғымына сай, олардың қиял – ойын шарықтататындай тағлымды да қызықты болуына баса назар аударады. Сондықтан оның әңгімелерінен балалар әдебиетіне қойылатын негізгі талаптардың барлығы да атап айтқанда, туындының көлемінің шағындығы мен құрылысының қарапайымдығы, тілінің таза, түсінікті әрі шұрайлылығы, тәрбиелік – танымдық мәннің жоғарылығы, оқиғалардың балалар ұғымы мен жасына сай, көркем әрі қызықты баяндалуы, балаларға тән мінез, әрекет, ой – қиялдың табиғи түрде жазылуы.
Мұның бәрі Ыбырай Алтынсариннің қазақ мәдениеті мен әдебиетінің тарихындағы қадірлі орнын көрсетеді.
Ыбырайдың артында қалдырған рухани мұрасы аса бай және алуан жанрлы. Бұл мұра оқушыларға мектеп оқулықтарынан, сондай – ақ «Жалын», «Мектеп» баспаларынан әр кезде жарық көрген ағартушы шығармаларының жинақтарынан жақсы таныс.
Ыбырай әңгімелері кітапта «Төл әңгімелер», «Аударма сипатты әңгімелер» деп жеке екі бөлімге бөліп берілді. Сондай – ақ «Ыбырай Алтынсарин жинаған ауыз әдебиеті үлгілерінен» және «Ыбырай Алтынсарин туралы естеліктер» деген бөлімдер де бұрынғы басылымдарда болмаған тың материалдарды қамтиды.
Кітап алты бөлімнен тұрады. Бірінші бөлім – «Өлеңдері». Бұған Ыбырай Алтынсариннің көпшілікке кеңінен мәлім өлеңдері мен И.А.Крыловтан аударған үш мысалы енді.
Екінші бөлім – «Төл әңгімелері» - деп аталды да, бұған жазушының хрестоматия – оқулыққа арнап жазған төл туындылары жинақталды.
Үшінші бөлім – «Аударма сипатты әңгімелері». Бұл бөлімде ағартушының орыс педагогтарының оқулықтарынан, орыс жазушыларының балаларға арналған туындыларынан, сондай – ақ орыс және Европа халықтары әдебиеті мен фольклорынан өзінше әңгімеленген шағын әңгіме, мысалдары жинақталып берілді. Ыбырай Алтынсариннің орыс авторларынан алған әңгіме, көркем шығармаларын қазақшалауында ерекшеліктері бар. Ол әңгімелерді аударғанда Ыбырай Алтынсарин барлық жерде түп нұсқасын бұлжытпай, сол күйі аударуды мақсат етіп қойған. Кейде тақырыбын, кейде сюжетін, кейде баяндау әдәсін өзгертіп, қайткен күнде де қазақ өміріне жақындатып, қазақ балаларына түсінікті баяндауды негізге алған.
«Ауыз әдебиеті үлгілерінен жинағандары» - деп аталатын төртінші бөлім оның ел аузынан жинап, сұрыптап, алғаш рет «Қазақ хрестоматиясында» жариялаған мақал – мәтелдер, жұмбақтар, ертегілер, аңыз - әңгімелер орын алды.
Бесінші бөлім – «Оқу – ағарту мәселелері жайында жазбалары» деп аталынып, бұған Ыбырай Алтынсариннің қазақ даласындағы оқу – ағарту жайы мен оны өркендетуге қатысты жазбалары жаңа материалдармен толықтырылып енгізілген.
Алтыншы бөлім – «Хаттар». Мұнда Ыбырайдың қызмет бабына және тағы басқа жағдайларға байланысты Н.И.Ильминскийге, В.В.Катаринскийге, А.А.Бобровниковке, орыс – қазақ мектептерінің оқушылары, өзінің әріптестері А.А.Мозохинге, Ф.Д.Соколовқа жазған хаттары іріктеліп берілді. Ыбырай Алтынсариннің бұл хаттары ол қайтыс болғаннан кейін профессор Н.И.Ильминский құрастырып, 1891 жылы Қазан қаласында бастырып шығарған. «Воспоминания об И.А.Алтынсарине» - деген естелік кітапта алғаш жарияланған болатын.
Кітап соңында Ыбырай Алтынсарин туралы естеліктер берілді. Бұған енгізілген материалдар да жинақ үшін арнайы аударылды. Мұнда педагог – жазушы, қоғам – қайраткері Ыбырай Алтынсариннің қайтыс болуы туралы некрологтан және Н.И.Ильминскийдің, әріптестері Ф.Д.Соколов пен
А.А. Мозохиннің ол туралы естеліктерінен үзінділер берілді.
Жан – жақты талант иесі Ыбырайдың есімі қашанда уақыт сынынан мүдірмей өтіп, өз халқымен бірге жасасып келеді. Оның өмірі өз Отанын шексіз сүйіп, оған бүкіл жан – тәнімен қызмет етудің тамаша үлгілерінің бірі болып табылады. Ағартушының өнегелі өмірі мен өрісі биік таланты бір кезде қандай жарқын да жанды қасиеттерімен көрініп, қазақ мәдениетінің тарихында айқын іздерін қалдырса, қазір де сол асыл да абзал ерекшеліктерін өз бойында толық сақтауда. Мұның өзі заңды да еді. Өйткені ол әрбір ұлы адамзатпен бірге жасайтын мәңгі өшпес, ескірмес идеяларды көтерген еді. Сондықтан олар арада бірнеше ұрпақтың өткеніне қарамастан әрбір жаңа ұрпақ, жас қауымға алыстан қол созып, «жол болсын» айтып тұрғандай болады, уақыт өткен сайын биіктей, мән – маңызы мен қадір – қасиеті арта түседі. Мәдениетіміздің тарихында Ыбырай Алтынсарин дәл осындай, үркердей санаулы саңлақтардың бірі болған еді. Ол өзінің бүкіл шығармашылық өмірін бір ұлы мақсатқа арнады. Ол мақсат қазақ халқын ғасырлар бойы езіп келген надандық пен қараңғылықтың шырмауынан босатып, өнер – білімді, мәдениетті елдердің қатарына қосу еді. Сол арманына күрес арқылы, өрісі биік таланты арқылы жетті.
1.2. Ыбырай Алтынсарин мұраларының зерттелуі және ағартушылық – педагогикалық, аудармашылық қызметтері.
Қазақ сахарасында мәдениет пен оқу – ағартудың туын көтеріп, халыққа білім беру, мектеп ашу, оқулық жазу, мұғалім даярлау ісінде үлкен өнеге көрсеткен Ыбырай Алтынсариннің мұралары отызыншы жылдарға дейін арнайы зерттелмеген. Ол тек қырқыншы жылдардан бастап қана қолға алынады. Орта мектептерге арналған Қ.Жұмалиев пен С.Мұқанов,..........
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру