Тарих | Шыңғыс ханның жаулап алуы
Мазмұны
Кіріспе...................................................................................4
Негізгі бөлім
1. Монғол мемлекетінің құрылуы..............................................................9
2. Найман, керейіт мемлекеттерін Шыңғыс ханның жаулап алуы....................................16
3. Шыңғыс ханның Қытайды жаулап алуы...........................................21
4. Шыңғыс ханның Орта Азияға жорығы.............................................25
5. Монғолдардың Солтүстік-Шығыс және Оңтүстік Руське шабуылы..........................29
Қорытынды..........................................................................................................35
Сілтеме ..................................................................................................................37
Пайдаланған әдебиеттер...................................................................................38
Кіріспе
Монғолдардың әлем тарихында алатын орны зор. Монғол шапқыншылығы қазақ халқының орта ғасырлық мәдениетін қалаларының дамуын тежейді. Бұл жорықтар нәтижесінде қазақ халқының дамуы ІІІ ғасырға дейін тоқтады. Орта Азияда Монғолдарға қарсы қарсылық көрсеткендердің ішінде Отырардың билеушісі Қайырханды атап көрсетуімізге болады. Ол Отырар қаласын Монғолдардан алты ай қорғады.
Монғол әскерінің күшті болуына Шыңғыс ханның «Яссы» атты заңдар жинағы және оған қоса жауынгерлерінің құдіретті болуы әсер етті. Олардың атты әскері күшті болды. Олар Солтүстік Қытайды жаулап алған кездегі өздеріне қажетті қарулар алуы да көмектесті.
Монғолдардың билеушісі Шыңғыс хан өзінің алдына қойған мақсатында әлемді билеу болатын. Шыңғыс хан өзі Орта Азия мен Солтүстік Қытайға жорықтар жасады. Монғолдардың Батысқа жорығын Шыңғысханның немересі (Үлкен ұлы Жошының баласы) Бату басқарды. Солтүстік Русь жеріндегі жорықтары Новгородқа дейін жетті. Новгородты неліктен жаулап алмағаны әлі де белгісіз. Новгородтан кейін олар жорықтарын Оңтүстікке бағыттады. Оңтүстік жорықтары Араб жеріне дейін жетті. Бұл кездері олар Оңтүстік Қытайға да жорықтар жүргізген болатын. Оңтүстік Қытайға жүргізген жорықтары қазіргі Ветьнам жеріне дейін жетті.
Жұмыстың мақсаты:
Шыңғыс ханның жорықтарының мәнін ашып көрсету.
Жұмыстың мақсатына қарай төмендегі міндеттер алға қойылады:
- Монғол империясының құрылуына талдау жасау.
- Шыңғыс ханның ішкі және сыртқы саясатының әлеуметтік жағдайына тоқталу.
- Шыңғыс ханның күрестеріне, жорықтарына, қозғалыстарымен соғыстарына сипаттама беру.
- Шыңғыс ханның өлімін ашып көрсету.
Жұмыстың өзектілігі
Тарихымызда хан атанған Шыңғыс ханның саяси қызметі мен оның шығарған заңдары биіктен көрінді. Деректерден Шыңғыс ханның қабілеті тым күшті, талапты да батыл қолбасшы екенін көреміз. Оған діәлел бірде дипломатиялық жолмен, бірде әскери күш тактикасын қолданғаны еді.
Шыңғыс ханның 1200 жыл шамасында өмірге келген Ұлы Жосық заңдар жинағы бар. Ол екі юөлімнен құралған, білік яғни таным, екіншісі жосық – заң.
Шыңғыс ханның Отырарды жаулап алуы, тарих сахнасында үлкен орын алуда. Оның құйтұрқы саясатпен астасқан стратегиялық және тактикалық өнері қандас тайпалардың бірігуінде, сондай ақ басқа елдерді жаулап алуда табысқа жетідің басты факторларының бірі болып табылады.
Қазақ халқының Шыңғыс хан шапқыншылығына жиырма жыл қажырлы күресі жеңіліспен аяқталды. Елі мен жерін қорғау үшін шапқыншылыққа қарсы күрескен Тоқтабек, Бұйрық, Тұғырыл, Күшлік,
Таяндар қан майданда қаза тапты. Шыңғыс хан олардың бытырандылығы мен алауыздығын пайдаланып жеке-жеке талқандады. Ол қарсыласқандарға садақ, тізе бүккендерге табақ тартты.
Шыңғыс хан сол замандағы - жан теңелмес қолбасшы, аса ірі саяси қайраткері, әкімі болды.
Жұмыстың зерттелу дәрежесі.
Шыңғыс хан жайлы деректер көптеген тарихшыларды қызықтыруы сөзсіз.
«Ертеде күллі Шығысты бай кітапханалармен әйгілі ғалымдармен және ақындармен тәнті еткен, Түркістандағы әйгілі Отырар қаласын Шыңғыс ханның қодбасшыларының жермен жексен қылуы Түркі халықтарының есінен көшпек емес» - деп, Шыңғыс Айтматов атамыз айтқан.
Хиуа ханы, шығыс әдебиеті мен мәдениетінің білгірі Әбілғазының еңбегінің ролі өте зор. Ол Шыңғыс ханның дүниеге келгенінен бастап, ұрпақтарынан болған хандардың өмінде баяндаған.
Ілияс Есенберлиннің шығармаларында сол жылдардағы болған жағдайлар, алыстағы өткен шақтың қызықты деректері, Шыңғыс ханның жаулап алу сооғыстарының сұмдықтары мен талқандаулары, оның тағдырының ұлылығы мен қасыреті бейнеленген.
Көрнекті тарихшы Рашидиннің жазған еңбектерінде Шыңғыс ханды батыл да айтқанынан қайтпайтын, айтқанын бұлжытпай орындайтын әділ қолбасшы ретінде бейнеленген.
Түйін.
Айтылған мәліметтер мен бірге деректерді тұжырымдай келе Шыңғыс ханның шапқыншылығы жайлап алған елдерге ауыр апат әкелді. Ол өз әскерлеріне және ұлдарына арқа сүйей отырып, көптеген халықтардың мәдени прогресін, олардың саяси, әлеуметтік және этникалық дамуын ұзақ уақытқа тежеді.
Монғолдар шапқыншылығында адамдар көп қырылды. Өркендеп тұрған қалалар қиратылып, ғасырлар бойғы мәдени қазыналар өртеліп, жойылып кетті. Небір тамаша шеберлер мен қолөнершілер құлға айналды. Ел ішінде түрлі ауру, індеттер таралып, жаппай жоқшылық басталды. Орасан зор аймақтың шаруашылығы құлдырап кетті.
Жергілікті халықтың қарсылығын басу үшін Шыңғыс хан жаппай қырып, - жою тәсілін қолданды. Өлкелер қаңырап бос қалды. Егістік танаптары құрғап қалды. Ешбір жерде ешқандай да маңызды іс ілгері басып, тиянақты болған жоқ. Ұрыстар мен шайқастарда жауласқан екі жақта көптеген жерлерінен, әскерлерінен айырылды, қазыналары қаңырап, адамдар болса оларды тастап, босқынға айналды.
Жұмыстың құрылымы:
Кіріспе, 5 тарау, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі .
1. Монғол мемлекетінің құрылуы
ХІІІ ғ. дүниені дүр сілкіндірген мемлекет – Монғолия болды. Монғолияның даңқын бүкіл әлемге шығарған Шыңғыс хан мен оның балалары, немерелері болды.
ХІ ғ. басында қазіргі Монғолия монғол тілінде сөйлейтін тайпалардың мекеніне айналды. Онда бұрын тұрған түркі тілдес халықтар немесе қоныс аударды, немесе монғолдарға сіңіп кетті. Монғолдар Байқал көлінен Ұлы Қытай қабырғалары, Енесай өзені мен Ертіс өзендері арасында орналасқан. Монғол халқының негізін кереит, меркіт, найман, тайшыжүт, татар тайпалық одақтары құрады.
Солтүстігіндегі монғолдар тоғайларда, ал оңтүстігіндегі – ашық далада тұрды. Тоғайлардағы монғолдар аң, балық аулаумен шұғылданса, оңтүстігіндегілер – мал бағып, көшпелі өмір сүрді. Әлеуметтік-экономикалық және мәдени даму деңгейі жағынан солтүстіктегі монғолдар оңтүстіктегі монғолдардан артта қалып қойған еді. Олар алғашқы қауымдық қоғамнан таптық қоғамға енді-енді өте бастаған болатын. Олардың үйлері ағаштан жасалды, киімдері аң терілерінен жасалатын. Бірте-бірте солтүстіктегі монғолдар мал бағумен де айналыса бастады. Мал басының көбеюі оларды тоғайдан шығуға мәжбүр етті. (1)
ХІІ ғ. тоғайлық монғолдардың көпшілігі жартылай аң аулаушылар, жартылай мал бағушылар болды. Далада тұратын монғолдар ірі қара, жылқы, қой өсірді. Түйе ол кезде Монғолияда аз болды. Олар тез жиналып, тез қайта құрылатын дөңгелек киіз үйлерде тұрды. Әр рудың өзіне тиісті, бекітілген жайлау, қыстаулары болды. Монғолдар негізінен мал етімен, сүтімен қоректенді. Мал монғолдардың өздерінде жоқ егінге, қолөнер бұйымдарына айырбастайтын ақша орнына да жүрді. Қолөнер нашар дамыды. Олар жүннен киіз басты, арқан есіп, жіп иірді, мата мен темірден жасалған бұйымдарды Қытайдан алып отырды. Теріден қайыс-таспа, мес, қоржын, киім тікті. Ағаштан ертоқым, ыдыс-аяқ, садақ жасады. Аз пайдалынылытын темірден ара, балта, пышақ, садақ оғын... жасады. Монғолиядағы сауда Орта Азиядан, Шығыс Түркістаннан шыққан ұйғыр және мұсылман көпестерінің қолында болды.
Жалпы мәдениет деңгейі өте төмен болды: олар календарь дегенді білмеді. Қытай саяхатшысы Мэн Хун былай деп жазды: «Жылды шөптің өсуімен есептейді, біреуінен қанша жастасың деп сұрасаң: 20 шөп, 30 шөп деп жауап береді. Олар күзді көктемнен ажыратпайды, айдың күндерін білмейді». (2)
Кейбір монғол руларының мәдениетіне батыста тұратын түркі тілдес ұйғыр халқы айтарлықтай ықпал етті. ХІІІ ғ. дейін монғолдардың өз жазуы болған жоқ. Монғол тайпаларының ішіндегі ең мәдениеттісі – наймандар ұйғыр жазуын қолданды. Дегенмен барлық монғол халқына, оның мәдениетіне Азияның сол кездегі ең озат елі – Қытай көп үлес қосты.
ХІІІ ғ. дейін монғол халқының көпшілігі шамандық дінді ұстанды. Басты құдай деп «мәңгілік көк аспан» саналды. Монғолдар жер құдайын да, рухты да мойындап, аруақтарды пір тұтып, сыйынды. Кереит тайпасының ірі ақсүйектері ХІ ғ. басында несториандық бағыттағы христиан дінін қабылдады. Наймандар арасында буддизм мен христиандық та тарады. Бұл діндер Монғолияға ұйғырлар арқылы тараған еді. (3)
ХІІ ғ. аяғына қарай монғол қоғамының таптық сипаты айқын көріне бастады. Әрбір рудың өзнің «батыр», «мерген» атанған басшылары байларға айналып, өзінің кедей туыстарын қанай бастады. Мұндай ру басшылары «нояндар» деп аталды. Рудың меншігіндегі жерлерді біртіндеп осы нояндар өз қолдарына ала бастады. Олар мал жайлымдарын, жазғы, қысқы қоныстарды бөліп, өздеріне көбірек жақсы жерлерді қалдырып отырды. Монғол және қытай дерекнамалары бұл мәселе бойынша көптеген нақтылы мысалдар қалдырған..........

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: курстык жумыс Шыңғыс ханның жаулап алуы курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар тарих жобалар курстық жұмыстар