Саясаттану | Шанхай ынтымақтастық ұйымының қызметін және ондағы Қазақстанның рөлі
Мазмұны
Кіріспе..................................................................................
І-Тарау.Шанхай ынтымақтастық ұйымының құрылуының алғы шарттары............................
ІІ-Тарау. Қазақстанның Шанхай ынтымақтастық ұйымындағы орны мен рөлі................................................
ІІІ-Тарау. Шанхай ынтымақтастық ұйымға қатысу – қазақ мемлекеттілігін бекемдеу факторларының бірі...........
Қорытынды..........................................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі....................................................................
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Шанхай ынтымақтастық ұйымының құрылу тарихы мен оның даму барысы және мұнда Қазақстан Республикасының мүше болуы егменді еліміздің дипломатиялық тарихындағы ең маңызды мәселерлердің бірі болып отыр.
Шанхай ынтымақтастық ұйымы тұрақты ұйым ретінде 2001 жылы 15 маусымда Шанхай қаласында Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан мемлекеттерінің өзара келісімімен құрылды. Оған мүше елдердің жер аумағы Еуразия кеңістігінің бестен үш бөлігін құрайды. Халқының саны- 1 миллиард 455 миллион адам. Яғни, жер шарын мекендеген адамзат қауымының тәрттен бір бөлігін қамтиды.
Ұйым құрамында БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне мүше екі бірдей алып мемелекеттің, яғни Қытай мен Ресейдің болуы оның халықаралық деңгейде үлкен саяси беделге ие болуына және өңірдегі осы державалар мен АҚШ мүдделерін теңестіре ұстауға мүмкіндік беруде. Сыртқы қатынаста ШЫҰ қызметі ешбір елге қарсы бағытталмаған және ашық жағдайда жұмыс істеуге бағытталған.
Қазақстан тәуелсіздігіне қол жеткізген алғашқы жылдардан бастап ұзақ мерзімді Ұлттық мүддені қамтамасыз етуге бағытталған көп қырлы сыртқы саясатты белсенді жүргізіп келеді. Бұл арада Қазақстанның ШЫҰ-ға қатысуы маңызды аспектілердің бірі болып табылады.
Тұтастай алғанда, Қазақстанның ШЫҰ-ға қатысуы Қытаймен және Ресеймен, сондай-ақ ұйымға мүше басқа да елдермен ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған сыртқы саяси бағытқа толық көлемінде жауап береді.
ШЫҰ өзін әлемдік қауымдастықта алдына қойылған міндетін сәтті жүзеге асырушы мығым да болашағы бар ұйым ретінде дәлелдеуде. Күрделі геосаяси кеңістікте салмағын арттырып, тиімді халықаралық байланыстар аясын кеңейтіп келеді. ШЫҰ беделінің өскендігі оның БҰҰ Бас Ассамблеясының қасындағы байқаушы мәртебесін алғандығынан, АСЕАН мен ТМД хатшылықтарымен әріптестік байланыстар орнатқандығынан танылады.
Тариханамасы. Шанхай ынтымақтастық ұйымының құруылуна көп уақыт өтпеген болсада, бұл ұйымның құрылуының алғы шарттары мен қызметіне, ұйым қабылдаған ресми құжаттарға, оларды талдауға байланысты көптеген көптеген саясатшылар мен тарихшылардың, публицистердің мақалалары мен еңбектері жарық көруде. Бұл мәселеге байланысты еңбектерді үш топқа бөліп қараумызға болады. Бірінші топқа - жалпы халықаралық ұйымдардың ерекшелігі мен дамуы заңдылықтарын зеттеген еңбектерді жатқызуға болады. Оларға- Дж.Бхагват, Ч.Оман, А.Борман, М.Казакпаев, Ж.Купман, А.Иванов т.б. [1]
Екінші топқа - В.Абатуров, А.Корнееев, Г.Логвинов, А.Лукин., Т.Трофимов т.б ғылыми еңбектері Шанхай ынытымақтастық ұйымының құрылу проблемаларына және оның дүниежүзілік саяси процестерге әсері мен аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселеріне арналған.[2]
Үшінші топқа - жататын ғылыми еңбектер Шанхай ынытымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің өзара қарым-қатынастарын, олардың саяси-экономикалық, мәдени және қауіпсіздікті қамтамсыз ету процестерін кең ауқымда қарастырады. Мұнда И.П. Азовский, Н.А.Шербинин, В.В.Карлусов, А.С.Шейнгауз, М.Л. Титаренко, Д.Н.Шаринов Цюй Вэя еңбектерін атаумызға болады. [3]
Сонымен қатар С. Бабурин, М.Братерский, Л.Бакаев, М.Гусейнова, Д.Қадирбекұлы, А.Дугин, И.Ильин т.б. еңбектерінде Евразия кеңестігіндегі «ұлы державалар» қарым-қатынасын аша түседі.[4]
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері. Зерттеу жұмысының негізгі мақсаты Шанхай ынтымақтастық ұйымының қызметін және ондағы Қазақстанның рөлін көрсету. Осы мақсатқа жету үшін зерттеу жұмысында мынандай міндеттер алға қойылды:
- аумақта қауіпсіздікті тұрақтандыру мен дамыту проблемаларын жаңа тенденциялар және геосаяси өзгерістер контекстінде ашу;
- ШЫҰ-ның пайда болуының саяси және әлеуметтік-экономикалық алғашқы шарттарын көрсету;
- ШЫҰ-ғы Қазақстанның қызметі мен ролін және оның ұйымдағы мүше мемлекеттерімен өзара әсерін ашу;
-лаңкестік мен экстремизмге, заңсыз миграция мен есірткі таралымына, басқа да трансшекаралық қылымыстық істерге тосқауыл қоюдағы ШЫҰ-ның қызметін көрсету;
- экономикалық ынтымақтастық пен өзара сауда ұйымының стандарттарына біртіндеп жақындату мәселерін талдау;
Диплом жұмысының құрылымы кіріспеден, үш тарау мен қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І-Тарау. Шанхай ынтымақтастық ұйымының құрылуының алғы шарттары.
Еуразиялық экономикалық қауымдастықтан "Шанхай бестігіне" көпір тастауға болады. Ал бұл шетсіз-шексіз рыногы, жедел дамып келе жатқан әулеті бар Қытай. "Шанхай бестігі" аясындағы интеграцияға Үндістан мемлекеті үлкен қызығушылық білдіріп отыр. Осыдан Ресей үшін ұлан-ғасыр - көкжиегі бар мүлдем жаңа геосаяси кескін айқындалуда. Ресей Қытаймен бірге ғаламдық интеграциялық одақтың локомотиві сынды бола алар еді, сонда күш - жігерді біріктіру арқылы, осы елдердің экономикаларына өзіне жеткілікті дерлік болуға мүмкіндік беретін модельді құра біліп, Батыстан өзімізде жоқ технологияларды ғана алуымызға қол жете алар еді.
Қазақстан Республикасы халықаралық құқықтық дербес тұлғасы ретінде өмір сүрген алғашқы күннен бастап, елдің басшылығы ұлы көрші Қытай Халық Республикасымен ұзақ мерзімді, тұрақты тату көршілік, достық және өзара ынтымақтастық қатынастарын қуаттап, өрістете беру ұлттық мүддемізге сай келетінін айқындады. Қазақстан президенті Н.Назарбаев былай деп атап көрсетті: "Меніңше, адамзаттың XXI ғасырдағы дамуы көбіне-көп Қытаймен байланысты болады. Көптеген елдер Қытаймен арақатынасты өз саясатының негізгі өзегі деп түсінеді. Ал Қазақстан үшін осынау болашағы зор, экономикасы қарышты қадаммен дамып келе жатқан мемлекетпен ойдағыдай қарым-қатынас орнату айрықша маңызға ие"/5 /.
1996 жылғы 26 сәуірде Шанхайда Қазақстан Республикасы, Қытай Халық Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы және Тәжікстан Республикасы арасында "Шекара аудаңындағы әскери саладағы сенімді нығайту туралы" келісімге қол қойылды. Бұл рәсімде Н.Ә.Назарбаев бес мемлекет басшылары жаңа ғана қол қойған шекара ауданындағы әскери саладағы сенімді нығайту жөніндегі келісімге қол қойылуы Азия-Тынық мұхит аймағындағы осындай әскери-саяси деңгейдегі және географиялық ауқымдағы алғашқы құжат болып табылатынын мәлімдеді /6/. Осындай бірегей келісімнің әрекет ету аясына орасан зор әскери әулетті өзара бақылау, ал кейіннен оны қысқарту көзделіп отыр. Осындай келісім Азия- Тынық мұхит аймағында және жалпы алғанда Жер шарында бейбітшілік пен тұрақтылықты қолдап, одан әрі нығайтуға ықпал ететіні сөзсіз.
Шанхай бестігіне кіретін мемлекеттер басшыларының кездесуі аймақтық және жаһандық саясаттың айқын факторына айналды. Екі мүшесі (Ресей, Қытай) Бірікқен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшесі болып табылатын "Шанхай бестігінің" экономикалық және адами әулеті, қатысушылардың ұйым қызметіне жаңа өлшемдер түрғысынан қарауы оның өміршендігіне кепіл болып, келешекте ірі аймақтық ұйымға айналатынын көрсетті.
2001 жылғы 28 сәуірде Мәскеуде өткен сыртқы істер Министрлер Кеңесінде терроризммен, сепаратизммен, экстремизммен күрес туралы Шанхай Конвенциясының жобасы алдын-ала талқыланып, негізінен қолдау тапқан болатын. 2001 жылғы 15 маусымда Шанхайда Қытай Халық Республикасы Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан президенттері Шанхай ынтымақтастық ұйымын құру туралы Декларация, терроризммен, сепаратизммен және экстремизммен күрес туралы Конвенция қабылдады /7/, ұйымның орталығы Бішкек қаласы болып бекітілді. "Шанхай бестігіне" алтыншы ел болып Өзбекстанның қосылуына байланысты оны ендігі жерде "Шанхай ынтымақтастық ұйымы" деген жаңа атаумен ұйғарылды.
Шанхай саммитінде ұйымның ұлттық үйлестірушілерінің кеңесі туралы ереже бекітілді, ол құжатқа сыртқы істер министрлері қол қойды. Осында өз шешімін тапқан күрделі мәселенің тағы бірі - Қазақстан, Қырғызстан, (Өзбекстан Республикалары арасындағы мемлекеттік шекараларды түйісер нүктесі жөніндегі келісім. Мұнда үш ел арасындағы делимитация ісін 2001 жылы аяқтау жоспарланды.
Қазақстан президенті Н.Назарбаев саммитте сөйлеген сөзінде "Шанхай бестігінің" арқа сүйеп келген қағидаттары жаңа құрылып жатқан "Шанхай ынтымақтастығы ұйымының" алдағы қызметіне де негіз етіп алынғаны жөн болатыны, елдер арасындағы ынтымақстастықтың негізгі мақсаты шекарадағы жағдайды қалыпқа түсіру екендігін ерекше атап қөрсетті /8/. Ел басы келесі саммитке дейін "Шанхай ынтымақтастық ұйымының хартиясын" дайындау, онда елдердің бір-бірінің қауіпсіздігіне кепілдік беру қағидаларын көздеу жөнінде ойларын ортаға салды. Қазіргі әлемдегі қауіпсіздікті тек әскери-саяси тұрғыдан ғана қарастыруға болмайды, ғаламдасу дәурінде қауіпсіздіктің экологиялық, технологиялық жақтары бар.
2001 жылғы 15 маусымындағы саммитте Ресей Президенті В.Путин "Қауіпсіздікті ынтымақтастык, - арқылы" жүзеге асыру идеясын ұсына отырып, келесі жылғы Санкт-Петербургте өтетін ШЫҰ-ның саммитінде оның жарғылық-құжаттарын айқындау қажеттігін атап көрсетті. Өзбекстан Президенті И.Каримов жаңа ұйымдағы Өзбекстанның рөліне аса жоғары баға бере келіп, ШЫҰ-ның міндеттері Өзбекстанның қатысуынсыз толық шешіле алмайды дегенді айтты. Қырғызстан Президенті А.Ақаев, "Шанхай форумы" уақыт сынына төтеп бергенін, ал жаңадан кол қойылған конвенция құқық қорғау мекемелерінің және арнаулы қызмет орындарының қажетті құқыкгық негізін құрайтындығын, Бішкекте құрылған терроризмге қарсы орталық идеясын жүзеге асыру қажеттігін, болашақта олұлтаралық ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрестің бірыңғай мекемесі бола алатынын баса көрсетті. Тәжікстан Президенті Э.Рахманов ШЫҰ - жаңа мемлекетаралық қатынастардың үлгісі болатынын атап көрсетті.
2001 жылғы 14 қыркүйекте Алматыда Шанхай ынтымақтастық ұйымына қатысушы үкімет басшыларының бірінші кездесуі болды . Онда олар жарияланған мәлімдемесінде былай деп атап көрсетті: "2001 жылғы 11 қыркүйекте АҚШ-та жүзеге асырылып, ешқандай кінәсі жоқ мыңдаған адамдардың опат болуына соқтырғын бұрын-сонды болмаған террорлық акт біздің қатты ашу-ызамызды туғызуда. Біз осынау тағылық акцияны адамзат өркениятының іргелі негіздеріне, қоғамның тұрақтылығы мен мемлекеттердің қауіпсіздігіне, адамның өмір сүру құқығын қоса алғанда негізгі құқықтарына қарсылық ретінде қарастырамыз. Халықаралық терроризм бүкіл адамзат үшін ереуілі қатерге айналды. АҚШ-тағы қайғылы оқиғалар олар .үшін ұлттық. та, ізгілік те шептер болмайтынын көрсетіп берді. Бұл- зұлымдықты барлық мемлекеттердің бірлескен күш-жігері арқылы ғана жеңуге болады. Шанхай ынтымақтастық ұйымына қатысушы мемлекеттер бұл бағытта белсенді жұмыс жүргізуде. Терроризгмге, экстремизм мен сепаратизмге қарсы іс-әрекет - біздің ұйымның аса маңызды міндеттерінің бірі. Оның аясында терроризмге, сепаратизм мен экстремизмге қарсы күрес туралы Шанхай конвенциясы қабылданды. Аймақтық антитеррорлық құрылым жасақтауды жеделдету жөнінде қадамдар жасалуда. Біз терроризмнен туындайтын ғаламдық қатерді жою жөніндегі ымырасыз күрес жүргізу мақсатында барлық мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен тығыз үйлесімді тиімді шаралар қабылдауға әзірміз" /9 /.
Сонымен қатар, Үкімет басшылары "Шанхай ынтымақтастық ұйымына қатысушы үкіметтерінің арасындағы аймақтық экономикалық ынтьдмақтастықтың негізгі мақсаттары мен бағыттары және сауда мен инвестиция саласында қолайлы жағдай жасау жөніндегі процесті іске қосу туралы меморандум" қабылдады. Онда 2001 жылғы 15 маусымда Шанхай мемлекет басшылары қол қойған "Шанхай ынтымақтастық ұйымын" құру тралы декларацияның қағидалары мен принциптерін басшылыққа ала отырып, үкімет басшылары толық теңдік, өзара құмет және өзара құрмет және өзара тиімділік, кезең-кезеңдік, ащықтық принциптерінің негізінде сауда- экономикалық ықпалдастықты қалыптастырып, дамыту ниеттерін білдірді.
Дүниежүзілік сауда ұйымының нормалары мен ережелерін ескере отырып, үкімет басшылары," ШЫҰ-на қатысушы мемлекеттердің аймақтық-экономикалық ынтымақтастығын дамытудың негізгі мақсаттарын атап көрсетті. Олар - қатысушы мемлекеттер экономикасын жаппай дамытуға жәрдемдесу; сауда мен инвестиция ауқымын ұлғайту; бірлескен өндірісті дамыту; тауарлардың, технологиялардың еркін қозғалысын жүзеге асыру; көлік және коммуникация саласындағы қазіргі бар инфрақұрылымды тиімді пайдалану; транзиттік әлуетті одан өрі дамыту; табиғаттың ұтымды пайдаланылуын қамтамасыз ету; бірлескен экологиялық бағдарламалар мен жобаларды жүзеге асыру; энергетика, көлік, телекоммуникация, ауыл шаруашылығы, туризм, кредит-банк саласы, су шаруашылығы және табиғат қорғау саласы секілді бағыттарда күш-жігерді шоғырландыру; шағын және орташа бизнес арасындағы тікелей байланыстарға жәрдемдесу.
Президент Н.Назарбаев "Елдегі жағдай және 2002 жылғы ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары туралы" атты Қазақстан халқына жолдауында "Шанхай ынтымақтастық ұйымы" көлемінде ынтымақтастықты қеңейтудің еліміздің қауіпсіздігін нығайтудағы маңызын атап көрсетті.
Сонымен, "Шанхай ынтымақтастық ұйымы" қазіргі кезде өзінің саяси, қауіпсіздік және экономикалық күш-куаты жағынан Азияда ғана емес, әлемдегі ең беделді ұйымдардың біріне айналып отыр.
Еуразиялық экономикалық қауымдастық өмірге келгелі бері қауымдастық ішіндегі елдер арасында тауар айналымының артуы 38% болды/10/. Қауымдастыққа қатысушы елдер экономикасындағы құрылымдық өзгерістер бөлігінде бір-бірінен қатты ерекшеленетінін ескеретін болсақ, бұл өте жоғары көрсеткіш деп айтуға болады. Бұл бағытта Қазақстан, Ресей мен Қырғызстан республикалары бәрінен ілгері жылжуда. Белоруссия реформалар жүргізуге әліде болса асығушылық танытып отырған жоқ. Тәжікстан экономикасы соғыстан кейінгі жағдайдағы: мемлекет осындай күрделі жағдайлардың өзінде атқарылған істер аз емес.
2001 жылдың шілде айынан бастап қауымдастық елдерінде ҚҚС тауар айналатын орындар бойынша алына бастады. Тарифтердің- 80%-ы келісілген. Алайда әліде болса темір жол тарифтері келісілген- жоқ, бұл алдағы уақыттың өзекті мәселесі деп қарастырады қауымдастық мүшелері. Ресей Президенті В.Путин бұл мәселеде сындарлы позиция ұстанып отыр. Транзиттік ауқымы ұлан-асыр Ресей алғашқы кезде тарифтерден ұтылатын болды. Қазақстанда дәл солай. Егерде тарифтерді бірдейлестіру Қазақстан териториялары арқылы өткізілетін жүк көлемін шұғыл ұлғайтуға - мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев пен Ресей Федерациясының Президенті В.Путиннің кездесуінде Путин интеграция процестерін шынайы жақтаушы екенін, ол мұны Ресей үшін тиімді деп санайтынын көрсетті. Бұл жалғыз Ресейдің мүддесіне ғана емес, Қазақстан мүддесі үшін де тиімді. Алайда Ресейде бұл тұрғыда әрқилы пікірлер бар. Саяси элитаның бір бөлігі жақын шетел - Ресей қосымша жүк, интеграция қажет емес, Ресейдің өзі барлық дағдарыстан шығуға қабілетті деп санайды. Бұл таңқаларлық жағдай. Он жылда Достастық елдері бір-бірінен елеулі түрде алшақтады. Бұл Достастық елдері арасында әлдеқашаннан-ақ түрліше экономика, қаржы жүйелері, бюджет, ішкі және сыртқы саясат орныққан. Бүгінде кеңестік кеңістік мемлекеттері экономикалық интеграцияның қажеттігін сезініп, осыған ерік жігер білдіріп отыр.
2002 жылы 8 сәуірде Алматыда "Еуразиялық экономикалық саммит-2002" атты Еуразиялық экономикалық қауымдастыққа мүше елдердің екінші саммиті болып өтті /11/. Ол "Тұрақсыздық кезендерінде тұрақты өсуді қамтамасыз ету" тақырыбына арналды. Қазақстан Республикасының президенті Н.Назарбаев бұл форум Орталық Азия аймағында назар аударарлықтай геосаяси өзгерістер жүріп жатқан кезде өтіп жатқанын атап өтті. Қазір бір-бірімізді бұрынғыдан жақсырақ түсіне бастады, өркениетке төнген халықаралық терроризммен күресте күш-жігерді біріктіру кезек күттірмейтін қажеттілік екенін түсінетін көрсетуде. Сонымен бірге мемлекеттердің бір-біріне жақындай түсуі Орталық Азия халықтарының әл-ауқатын арттыру мақсатында ынтымақтастықтың бұрынғыдан да ауқымды салаларын қамтуы тиіс. Халықаралық терроризммен күрес деген әскери акциялармен тынып қалмайтын іс. Өкінішке орай, қыруар әлеуметтік проблемалардың қордалануы да терроризм үшін құнарлы топырақ болып отыр. Азияның кіндігі мүдделер қақтығысының майдаңына айналып кетпеуі үшін, біздің елдеріміздің халықтары геосаяси ойындардың аманатқа алынған адамдар кейпіне түсіп қалмауы үшін айрықша жауапкершілік жүктеледі.
Бұл, орайда саясаткерлердің алдында мынандай міндеттер қойылуы керек. Біріншіден Орталық Азияда, тұтастай Азия құрлығында қауіпсіздіктің тиімді жүйесін жасау жөнінде күш-жігерді жұмсауды жалғастыра беру керек. Өткен жылы Қазақстанды, Қырғызстанды, Ресейді, Тәжікстан мен Өзбекстанды біріктіретін Шанхай ынтымақтастық ұйымы қүрылғандығын жоғарады айтып өттік. ШЫҰ-ның аясында әскери саладағы сенім мен өзара іс қимыл тетіктері сыннан өткізіліп үлгерілді. Сауда-экономикалық, гуманитарлық салада, терроризм мен экстремизм қатеріне қарсы түру ісінде ынтымақтастықты дамыта түсу көзделген. Бұл бағытта алдағы кезде де тиімді жұмыс істей беру керек. Бүгінгі танда Азиядағы өзара іс-қимыл мен сенім шаралары процесіне қатысушы елдердің мемлекет және үкімет басшыларының саммитін өткізу бұрынғыдан да көкейтесті сипат алып отыр. Қазіргі геосаяси жағдайда қауіпсіздік проблемаларына, ойың ішінде ең алдымен Орталық Азиядағы қауіпсіздікке қатысты пікірлер мен көзқарастарды баяндау үшін Азиядағы өзара іс-қимыл мен сенім жөніндегі кеңестің мінберін пайдалану өте-мөте маңызды болып отыр.
Екіншіден. Каспий аймағына төнуі мүмкін жойқын апаттардың алдын алу үшін қолдан келетін шаруаның барлығына ерекше назар аудару керек. Каспий - Еуразияның маңызды стартегиялық аймағы, көмірсутектерінің бай қоймасы. Оның мұнай қорын игеру ісіне әлемнің аса іргелі компаниялары қатысуда. Каспий теңізі бүкіләлемдік қауымдастықтың мүддесі үшін бейбіт ықпалдасу мен экономикалық ынтымақтастық аймағына айналуға тиіс.
Саяси лидерлердің алдында тұрған аса маңызды міндет жаһандық және аймақтық ядролық қауіпсіздікті нығайту мәселелерімен байланысты. Орталық Азия бүгінде қаруға ие және соның "табалдырығында тұрған елдер" деп аталатын мемлекеттің қоршауында жатқан ядролық қарусыз алаң болып отыр. Осынау мазасыз геосаяси нақтылық қаруды таратпау режимін одан әрі табанды түрде күшейту қажеттігін алға тартады.
Ұйым төмендегідей мақстаттар бойынша жұмыс жүргізеді.
Әскери-стратегиялық қауіпсіздікті дамыту мен сенім шараларын нығайту;
лаңкестік мен экстремизмге, заңсыз миграция мен есірткі таралымына, басқа да трансшекаралық қылымыстық істерге тосқауыл қою;
экономикалық ынтымақтастық пен өзара сауда ұйымының стандарттарына біртіндеп жақындату;
табиғи және техногендік төтенше жағдайлардан бірлесіп сақтану және олардың алдын алу;
мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту.
Ұйымның ең жоғары органы- оған мүше мемлекеттер басшыларының кеңесі. Сондай-ақ үкіметтер басшылары мен сыртқы істер министрлері деңгейідегі кеңестер де жұмыс істейді. Тұрақты хатшылығы, Өңірлік антитеррорлық құрылым (ӨАТҚ ) бар. (Орталығы Ташкент қаласы) Оның жұмысын жандандыра түсуге ықпалы бар басқа да салалас құрылымдар құру ісі мүмкіндік пен уақыт талабы шегінде бірте-бірте қолға алынуда.
Бүгінгі күні ШЫҰ-ны Біріккен Ұлттар Ұйымынан бастап көптеген халықаралық, өңірлік ұйымдар танып отыр. Мемлекеттер тарапынан оның құрамына өту жөніндегі ықылыастың күшейе түсуі аз жылдың ішінде халықаралық деңгейдегі беделге ие болғандығын дәлелдейді./12/........

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: курстык жумыс Шанхай ынтымақтастық ұйымының қызметін және ондағы Қазақстанның рөлі курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар саясаттану жобалар курстық жұмыстар