Темір жол саласы | Темір жол көлігінде жүктерді тасымалдау талдау есебіндегі АЖ

 Темір жол саласы | Темір жол көлігінде жүктерді тасымалдау талдау есебіндегі АЖ

Мазмұны
КІРІСПЕ……………………………………3
І. Қазақстандағы көліктік кешеннің даму негіздері................................4
1.1. Қазақстан Республикасындағы көлікті-коммуникациялық кешеннің рөлі................................4
1.2. Көлік саласын дамыту мәселелері.................................................. 8
ІІ. Темір жол саласының қазіргі жағдайы мен даму перспективалары.........................11
2.1. Темір жол көлігінің қалыптасу негіздер............................................11
2.2. Темір жол көлігін дамытудың жемдік тәжірибелерін талдау..........16
2.3. Темір жол саласын дамыту бағыттары...............................................18
Темір жол көлігінде жүктерді тасымалдау талдау есебіндегі АЖ мысалының Borland Delphi тіліндегі программалар жинағы.........22
Темір жол көлігінде жүктерді тасымалдау талдау есебіндегі АЖ мысалының Borland Delphi ортасындағы формалар жинағы..............31
Темір жол көлігінде жүктерді тасымалдау талдау есебіндегі АЖ мысалының Borland Delphi ортасындағы DatabaseDesktop программасы көмегімен құрылған Мәліметтер қоры кестелері.................37
ҚОРЫТЫНДЫ.............................................................................................39
Қолданылған әдебиеттер тізімі.................................................................. 40

КІРІСПЕ
Халықаралық еңбек бөлінісінде көліктік салаға ерекше көңіл бөлінеді, себебі кез-келген елдің халықаралық экономикаға интеграциялану мүмкіндігі және мерзімі осы көлік жұмысына тікелей байланысты. Өзінің “Transprotation” атты еңбегінде американдық экономист Джон Койл былай деп жазады: “Көлік өркениетті адамзат үшін әлемдік хаосты ретке келтіру құралы болып табылады. Адам өмірі күрделенген сайып көліктік қызметке деген қажеттілік өсе түседі”. Көлік экономикалық қатынастың барлық түрлеріне қызмет көрсетеді.
Елдер арасындағы халықаралық экономикалық байланыстардың одан әрі дамуы халықаралық саудадағы жүк ағымы қозғалысын ұйымдастыруды жетілдіру мәселесін алға қояды. Евразия континентінің орталығында және Европа, Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азия нарықтары арасында орналасқан Қазақстан экономикасы мемлекеттік жоғары потенциалдық-транзиттік мүмкіндіктерді тиімді қолданумен байланысты.
Қазіргі шаруашылық әрекет жағдайы көліктік қызмет түрлеріне жаңа талаптар қояды. Ырғақтылық, реттілік, үздіксіздік, сенімділік, өнімді өндіріс орынынан тұтыну пунктеріне жоғары жылдамдықпен, әрі минималды жоғалтумен жеткізу – экономикалық байланыстарды тиімді және сапалы көмікпен қамтамасыз етудің басты шарттары болып саналады.
Қазақстан Республикасы Президентінің “Қазақстан-2030” стратегиясында шет елдік инвестиция мен ішкі жинақтаудың жоғары деңгейімен сипатталатын ашық нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу басты басымдылықтардың бірі ретінде анықталған. Осыған орай ұлттық өндірістің бәсекелестік қабілетін арттыру және техникалық қайта жабдықтау арқылы республикасының әлемдік деңгейдегі позициясын бекіту маңызды болып табылады.
І. Қазақстандағы көліктік кешеннің даму негізі
1.1. Қазақстан Республикасындағы көліктік-коммуникациялық кешеннің рөлі
Көліктік кешен темір жол, автомобиль, су, құбыр көлігін қамтитын экономикалық салалар инфрақұрылымын қалыптастырушы болыптабылады. Көлікте қалыптасқан жағдай халық шаруашылығындағы салалық кешендердің дамуымен тікелей байланысты. Республикадағы транспорттың қарқынды дамуы өткен ғасырдың 70-80 жылдары орын алды. ТМД елдеріндегі 1990 жылдан басталатын экономикалық құлдырау барлықкөлік түрлеріндегі тасымалдау көлемінің төмендеуіне алып келді.
Қазақстан Республикасы статистикалық Агенттігінің мәліметтеріне сәйкес 2002 жылы жүк тасымалдау бойынша барлық көлік түрлеріндегі темір жол көлігінің үлесі 56,9-ті құрады, ал құбыр көлігі - 27 , автомобиль көлігі - 16 , әуе көлігі – 0,02 және су көлігі – 0,02 -ті қамтыды. Осылайша 2002 жылы жалпы ішкі өнімдегі көліктің үлесі 10,1 -ке тең болды.
Қазақстандағы құбыр көлігі 6695,8 км тең мұнай құбырын және 10138 км тең газ құбырын қамтиды. Болашақта Қазақстанда мұнай өндіру көлемін 60 млн. тоннаға дейін арттыру көзделуде , яғни 2000 жылғы өндіру көлемінен 2 есеге артық. Ал 2010 жылға қарай Каспий мұнай шельфін игерумен байланысты Қазақстандағы мұнай өндіру көлемін 120-140 млн тоннаға жеткізу болжамдалуда.
Бұл өсу Теңгіз және Қарашығанақ, Өзен мұнай кен орындарындағы өндіруді арттырумен де тікелей байланысты. Атырау-Самара бағытындағы мұнай құбырының тасымалдау қуаттылығын арттыру көзделуде.
Қазақстан мен Қытай арасындағы мұнай құбырының жобасы қарқынды түрде талқылануда. Қазақстандағы мұнай экспортының тиімді маршруты Транскавказдық дәліздегі Ақтау – Баку – Батуми мұнай құбырының желісі болып табылады. Бүгінгі таңда осы бағыт бойынша Қазақстан мұнайының 2 млн. тонна көлемі тасымалданады. Қазақстан мен Азербайджан арасындағы үкімен аралық келісімдер толық бекітілген жағдайда бұл маршрут бойынша жылына 10 млн. тонна мұнай экспорттауға мүмкіндік туады. Бұл аталған жобалар Қазақстан мұнайын ТМД елдеріне, Балтық нарығына, Оңтүстік-Шығыс Азияға экспорттауға мүмкіндік береді.
Ішкі тасымалдауды жүзеге асыруда, нарықтық инфрақұрылымды дамытуда, ішкі және сыртқы сауданы кеңейтуде автомобиль көлігі маңызды рөл атқарады. Қазақстан территориясының кеңдігі, халықтың сирек орналасуы республикадағы автомобиль көлігінің қажеттілігін арттыра түседі. Кейбір жекелеген аймақтар үшін автомобиль көлігі жүк және жолаушылар тасымалдаудың жалғыз құралы болып табылады. Еліміздегі жалпы қолданыстағы автомобиль жолының ұзақтығы 88,4 мың км. тең.
Автомобиль көлігі үшін келесідей ерекшеліктер тән:
- жүк тасымалдаудағы жоғары жылдамдық және икемділік;
- жіберу орынынан алушы пунктке жүктерді тікелей жеткізу;
- темір жол көлігіне қарағанда шағын қашықтықта жолаушылар мен жүктасымалдауда аз капитал салымын қажет етеді.
1995 жылы Бангкоктегі БҰҰ-ң ЭСКАТО мәжілісінде Қазақстанның автомобиль жолдары Азиялық тас жолдар құрамына кіргізілді.
Республикадағы автожолдар құрамындағы мемлекет аралық байланыстарды жүзеге асыруда маңызды орын алатын және евро-азиялық кеңістіктегі жүк айналымын қамтамасыз ететін алты негізгі бағыттағы автокөлік дәліздерін атап көрсетуге болады:
1. Ташкент-Шымкент-Тараз-Бішкек-Алматы-Хоргос;
2. Шымкент-Қызылорда-Ақтөбе-Орал-Самара;
3. Алматы-Қарағанды-Астана-Петропавл;
4. Астрахан-Атырау-Ақтау-Түркіменстан шекарасы;
5. Омск-Қостанай-Семей-Майқапшағай;
6. Астана-Қостанай-Челябинск.
Қазіргі таңда Қазақстандағы сыртқы экономикалық байланыстардың дамуына сәйкес халықаралық кеңістікте жүк тасымалдауды жүзеге асыруда 2, 3, 6 коридорлар ерекше мәнге ие.
Еліміздегі көліктік қызметте өзен көлігі аз үлес алады. 2002 жылы су көлігімен 546,4 тонна жүк және 57,6 мың жолаушылар тасымалданған, яғни 2001 жылмен салыстырғанда 10,2 және 84,6-ке артық.
Жүк тасымалдауда әуе көлігінің де үлесі біршама аз деңгейде, 2002 жылы 15,9 мың тоннаны құрады. 2001 жылмен салыстырғанда жүк тасымалдаудың көлемі 68,8, жолаушылар тасымалдау 17,1-ке өсті. Жоғары жылдамдық және жүк пен жолаушыларды тиісті орындарға аз мерзімде жеткізу әуе көлігінің басты тиімділігі болып табылады. Әуе көлігі арқылы жүк тасымалдаудың өзіндік құны жоғары болып саналады, сонымен қатар табиғат жағдайларына тәуелділігін, тиелетін жүк көлемінің шектеулілігін бұл саланың кемшіліктеріне жатқызуға болады.
Қазақстанның көлік жүйесінде темір жол басты орын алады. Үлкен қашықтардағы тасымалдауды жүзеге асыру, жолаушылар және жүк тасымалдаудағы төмен тариф деңгейі бұл салаға деген тұтынушылар сұранысын арттырады.
Қазақстанның қазіргі көлік желісі 14,5 мың км. қамтиды. Темір жол магистралдарының тығызды 1000 км территорияға 5,2 км-ден келеді. Еліміздегі ірі темір жол құрылысы совет одағының алғашқы жылдарында, әсіресі соғысқа дейінгі бесжылдықтарда қарқынды түрде жүргізілді.
Қазіргі Қазақстандағы темір жол желісін мериалды және ендік бағыттағы бірнеше ірі магистралдар құрайды. Мериалды бағыттағы магистральдарға Транс-Қазақстандық (Петропавл-Қарағанды-Мойынты-Шу), Түрксіб (Арыс-Алматы-Семей) және Оренбург-Қызылорда-Ташкент магистралдары, ал ендік бағыттағы магистралға Транссібір, Орта-Сібір (Троицк-Қостанай-Көкшетау-Қарасұқ) және Оңтүстік-Сібір (Магнитогорск-Ақмола-Павлодар-Барнаул)магистральдары жатады.Темір жол көлігінің рөлі бірнеше жағдайлармен анықталады:
- темір жолдағы негізгі тасымалданатын өнімдерге астық, көмір, мұнай, минералды тыңайтқыштар және тағы басқа да заттар жатады. Ал бұл өнімдерді басқа транспорт түрлерімен тасымалдау біршама қалайсыз;
- Қазақстанның географиялық жағдайы, территорияның кеңдігі, жүк тасымалдау қашықтығының ұзақтығы бұл транспорт түрінің маңызын арттыра түседі;
- Қазақстан Евразия континентінде орналаса отырып, жоғары транзиттік потенциалға ие, мұнда темір жол магистралдары арқылы шет елдермен экономикалық байланысқа түседі.
Барлық көлік түрлерінің ішінде темір жол көлігі жүк айналымының 60-тен астамын қамтиды. Жалпы ұлттық өнім құрылымындағы және Қазақстан Республикасының жалпы мемлекеттік табыс көлеміндегі темір жол көлігінің үлесі жоғары деңгейде. Темір жол саласын басқару көліктік-коммуникациялық кешенді мемлекеттік басқарудың негізгі бөліміне кіреді.
Көліктік-коммуникациялық кешенде заң шегіндегі басшылықты, салааралық координацияны Қазақстан Республикасының Көлік және Коммуникациялар министрлігі мен темір жол көлігі жөнендегі комитет жүзеге асырады.
Темір жол көлігіндегі басты ұйым ЖАҚ Ұлттық компания «Қазақстан темір жолы». ЖАҚ Ұлттық компания «ҚТЖ өз қызметін жүзеге асыру барысында Қазақстан Республикасы заңдарын, Президент, Үкімет, Парламент, Көлік және Коммуникациялар Министрлігінің, темір жол көлігі комитетінің заңдық актілерін және де басқа да темір жол көлігі қызметін реттеуші нормативтік-құқықтық актілерді және ЖАҚ ҰК ҚТЖ жарғысын басшылыққа алады. Бұл ұйым табиғи монополия субъектісі болғанымен оның баға тағайындау және негізігі құралдарды пайдалану барысындағы қызметі Қазақстан Республикасының табиғи монополияны реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттікпен реттелінеді.
Мемлекет тарапынан темір жол кешеніндегі мүлік иесі Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің мемлекеттік мүлік және жекешелендіру жөніндегі Комитеті болып саналады. Бұл Комитет билік ету саласындағы мемлекеттік меншік объектілерін пайдалануды бақылаушы-қадағалаушы функциясын атқарады.
Мемлекет аралық байланыстарды нығайту мен жетілдіру – Қазақстан экономикасын тұрақтандыру мен дамытудың басты шарты болып табылады. Ал бұл міндеттерді атқаруда темір жол көлігінің тасымалдау потенциалына ерекше көңіл бөлінеді.
Мемлекетаралық байланыстарды жүзеге асыруда Павлодар, Қарағанды, Қостанай, тараз және Шығыс Қазақстан өңірі басты темір жолдағы сыртқы жүк айналымындағы республикадан шығарылатын жүктің 85-ті және әкелінетін жүктің жартысына жуығы осы аймақтардың үлесіне тиеді. Сурет 1-де халықаралық темір жол тасымалдауындағы елдер үлесі келтірілген:
Халықаралық қауымдастықтағы темір жол тасымалдауының құрылымы
Республиканың алыс және жақын шет елдермен мемлекетаралық тасымалдауы шікізат бағытында қалыптасқан және көршілес елдердің шекаралық пункттері арқылы жүзеге асырылады.
Қазақстандағы мемлекет аралық тасымалдаулар 12 пункт арқылы жүзеге асырылады және мұндағы негізгі пункттер Тобыл, Пресногорьковск, 7 Блок-пост (Петропавл) және Құлынды. Осы бекеттер арқылы 80 экспорттық және 45 импорттық тасымалдау өтеді. Соңғы кездері Достық шекаралық пунктінің тасымалдау потенциалы жедел қарқынмен өсуде. Бұл пункт Қазақстанның алыс шет елдермен қалыптасқан экспорттық тасымалдауының 25-тін қамтиды.
Соңғы кездері республикадағы тасымалдау жүйесін қамтамасыз етуде Ақтау теңіз портының рөлі артуда. Бұл пункттегі халықаралық жүк тасымалдауы аралас негізде, яғни темір жол және теңіз кеңістігі арқылы орындалады. Мұндағы атқарылатын қызметтің жалпы тасымалдау көлеміндегі үлесі шамамен 2 млн. тонна экспорттық жүкті құрайды (жалпы экспорт көлемінің 1-не жуық).
Соңғы жылдары Қазақстан темір жол желілеріндегі транзиттік тасымалдау көлемі кесте 1-де келтірілген.
Кесте 1
Жүк тасымалдау көлемі және олардың орташа қашықтығы
Көрсеткіштер Жылдар
2001 ж
002 ж
003 ж
ауытқу өсу қарқыны 
Жүк тасымалдау көлемі, мың.т 183771 178661 183438 4777 102,67
Тасымалдаудың орташа қашықтығы, км
738
745
730,1
14,9
98
Тарифтік жүк айналымы млн т. км
135653
133088
133924
836
100,63
1.2. Көлік саласын дамыту мәселелері
«Қазақстан-2030» стратегиясының шегінде отандық көлік кешенінің бәсекелестік қабілеттілігін көтеру қарастырылған. Республикадағы экономикалық дамудың маңызды компоненті транзиттік потенциалды одан әрі көтеру, сонымен қатар халықаралық көлік-коммуникациялық кешенге интеграциялану. Қазақстан әлемдік көліктік байланыстарға қатысу негізінде көліктік факторларды тиімді пайдалануға мүмкіндік алады.
Көліктік шығындарды төмендеткен жағдайда ғана ел экономикасы тиімді деп саналады. Көйлектік шығындарға өнеркәсіптік кәсіп-орындар, құрылыс, жабдықтау - өткізу, дайындау, сауда және тауарды тасымалдау жөніндегі өзге де ұйымдардың барлық шығындары кіреді. Аталған шығындарға тарифтік төлемдер және көліктік жиналымдар мен қатар кәсіпорынның жүкті жеткізу, тлеу-түсіру және көліктік-экспедициалық жұмыстар, жол жөндеу шығындары кіреді. Осыған орай көліктік коммуникациялық кешенді басқару жүйесін қалыптастыру өзекті мәселеге айналады. Жапонияда көлік және көліктік қызмет нарығы дамыған, ол толықтай көлік министрлігі арқылы мемлекетпен реттелінеді. Көліктік және тасымалдау қызметі темір жол, теңіз, әуе көлігі, қойма жұмыстары саласындағы кәсіпкерлік туралы заңдармен реттелінеді. Үкімет тарапынан басқарылатын көлік нарығы еркін кәсіпкерлік процесс болып табылады.
Көлік өзін-өзі толықтырушы жекелей элементтерден тұратын тұтас кешен ретінде қарастырылуы тиіс. Темір жол көлігі ТМД мемлекеттерінде тариф деңгейін төмендетуді көздейтін кәсіпкерлер, ірі компаниялар және аймақтық ұйымдар тарапынан қатты сынға алынады. Темір жол көлігі көрсетілген қызметтің өзіндік құнын төмендетуді және бәсекелестік қабілеттілігін арттыруды көздейді. Өзге нарықтардағы секілді көлік нарығында да сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігі орындалуы қажет. Көлік қызметі нарығындағы ұсыныс барлық көлік түрлерінің өндірістік потенциалымен аныңталады. Нарықтағы сұраныс пен ұсыныс қатынасы көлік қызметіне деген тариф деңгейін анықтайды.
БСҰ (ВТО) кіру әлемдік шаруашылық байланыстарға сай келетін ұлттық жүйені қалыптастыруды қажет етеді. Қазақстан өзінің ұлттық мүддесін қамтамасыз ете отырып, келесідей тиімді қанысқа сай мемлекеттік саясат элементтерін енгізуі керек:
- сауда – экономикалық байланыстарда және көліктік-коммуникациялық кешенде сыртқы экономикалық қызметтің бірлік жүйесін қалыптастыру;
- интенсивті экономикалық өсуге және елдің тасымалдау, транзиттік потенциалын көтеруге әсер ететін сыртқы және ішкі факторлардың әсерін реттеу мүмкіндіктерін қолдану;
- көліктік және ақпараттық-коммуникация кешенін жетілдіру негізінде көпжақты сауда – экономикалық және өндірістік-техникалық байланыстарды дамыту.
Сыртқы экономикалық қызметті реттеу мен халықаралық тасымалдауды ұйымдастыруда келесідей негізгі принциптер қалыптасады:
- Қазақстанның сыртқы экономикалық саясатының бөлімі ретіндегі көліктік және сыртқы экономикалық қызметтің рөлін арттыру;
- көліктік саясат пен сыртқы экономикалық қызметті мемлекеттік реттеудің бірлігі;
- халықаралық тасымалдау мен Қазақстан Республикасының кеден саясатын дамытуға қол жеткізу;
- көліктік-коммуникациялық даму мен сыртқы экономикалық қызметті реттеудегі экономикалық шаралар басымдылығы;
- көліктік жүйе мүддесін, халықаралық қызметке қатысушылар құқығы мен мүддесін, халықаралық қызметке қатысушылар құқығы мен мүддесін қорғау;
- мемлекет пен оның органдарының халықаралық тасымалдау процесі мен сыртқы экономикалық қызметке шектен тыс араласуын болдырмау.
Халықаралық тасымалдау мен сыртқы экономикалық қызметті нормативтік-құқықтық қамтамасыз етуді жетілдіру елдің транзиттік потенциалын тиімді қолдануға бағытталуы тиіс..........
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру