Өндіріс | «Тамшыбұлақ» шаруа қожалығы-ның басқару тиімділігін жетілдіру

 Өндіріс | «Тамшыбұлақ» шаруа қожалығы-ның басқару тиімділігін жетілдіру

Мазмұны
Кіріспе
1. Өндірісті басқаруды ұйымдастырудың теориялық негіздері
1.1. Ұйымның басқару құрылымын бір жүйеге келтіру – басқару тиімділігін арттыру кепілі
1.2. Басқару тиімділігін арттыруда нарықтық механизмнің ролі
2. «Тамшыбұлақ» шаруа қожалығының қазіргі жағдайдағы басқару және даму деңгейі
2.1. Шаруашылықта ресурстарды пайдалануды басқару
2.2. Шаруа қожалығының өндірістік-экономикалық жағдайын талдау.
3. «Тамшыбұлақ» шаруа қожалығын басқару тиімділігін жетілдіру
3.1. Шаруашылық өндірісінің экономикалық тиімділігін арттыру жолдары
3.2 Шағын бизнесті дамытудағы шет ел тәжірибелері
3.3. Шаруа қожалығының болашақта даму бағыты
Қорытындылар
Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе
Өндіріс ресурстарын ұтымды пайдалану мен оның тиімді жұмыс істеуі өндірісті басқаруды ұйымдастыру дәрежесіне тәуелді.
Басқару тиімділігі өндірістің технологиялық деңгейіне сонымен бірге кадрлар сапасына да байланысты. Кәсіпорынды басқарудың негізгі мақсаты - өндірісті қажетті ресурстармен қамтамасыз ету және тауарлар мен қызметтерді өткізу, кәсіпорынның негізгі іс-әрекеттерін тиімді түрде жүзеге асыру. Кез келген кәсіпорынның жұмысының тиімділігін арттыру үшін, өндіріс құралдарын толық пайдалануы, сыртқы ортамен байланыста болуы, еңбек бөлінісі тәртібін қатаң сақтауы тиіс. Сонымен бірге тиімді басқару арқылы сапалы өнім шығарып, оны ұтымды жолдармен өткізу, яғни өткізуді басқару керек.
Басқару тиімділігін жетілдіру жолында мынандай нақты қызметтер орындалуы тиіс.
 кәсіпорынның даму болашағын болжай білу және алдағы мақсатты дұрыс таңдай білу;
 ресурстарды даярлау және тауарлар өндіру мен қызметтер ұсынуды ұйымдастыру;
 кадрларды дұрыс іріктеу және орналастыру;
 билік жүргізу және басқа іс-әрекеттерді үйлестіру;
 кәсіпорын жоспарларының орындалуын бақылау.
Осы қызметтерді орындаумен бірге, ауыл шаруашылығының сала ретіндегі өзгешелігіне байланысты ауыл шаруашылығын басқарудың белгілі бір ерекшеліктері ескерілуі тиіс.
Ауыл шаруашылығын басқару тиімділігін арттыру арқылы аграрлық бизнестің нәтижелері жоғарылайды, яғни белгілі бір тауарға сұранысты қалыптастру, тұтынушылардың талап-тілектерінен шығу жүзеге асады. Сонымен бірге нарықтық қатынастарға лайықты басқарудағы соңғы әдіс-тәсілдерді қолдану, оның ішінде жаңарту негізінде басқару, тұтастай жаңа стратегиялар әзірлеу негізінде басқару және жедел шешімдер қабылдау негізінде басқару.
Өндірістің басқару тиімділігін арттыру мәселесі жөнінде көптеген шет елдік ғалым-экономистермен бірге, еліміздің ауыл шаруашылығы ғылымына мол үлес қосқан Р.Ю.Куватов, У.Ә.Әбділманов, С.Ә.Әбділдин, Л.Е.Әбділдина сияқты басқа да бірнеше ғалымдар кеңестік экономика кезінде және нарықтық экономика жағдайында да бірнеше ғылыми еңбектер дайындап ұсынуда. Бұдан байқайтынымыз, өндірісті басқару тиімділгін арттыру және оны уақыттың өзгеруіне байланысты жетілдіріп отыру жалпы Қазақстан Республикасының дамуы үшін, бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қосылу үшін де ең қажетті фактор болып табылады.
Ауыл шаруашылығы өндірісі еліміздің экономикасының аса маңызды табысты саласы болуы тиіс. Мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі ауыл шаруашылығы өндірісін басқару тиімділігін арттыру және үздіксіз жетілдіріп отыру ұлғаймалы ұдайы өндірісті ұтымды жүргізудің алғы шарты ретінде аса маңызды. Ол ресурстарды таңдау кезінде балама нұсқаларды анықтау үшін қолданатын сапалы бағалау көрсеткіші болып табылады.
Осы дипломдық жұмыста өндірісті басқару тиімділігін арттыру жолдары қарастырылады.
1. ¬ Өндірісті басқаруды ұйымдастырудың теориялық негіздері
1.1 Ұйымның басқару құрылымын бір жүйеге келтіру – басқару тиімділігін арттыру кепілі
Әрбір кәсіпорынның басқару тиімділігін арттыру көптеген аспектілерге байланысты. Басқару дегеніміз кәсіпорынның көздеген мақсатына жету үшін қолда бар мүмкіндіктер мен қалыптасқан жағдайларға байланысты шешім шығару, оны қабылдау және қабылданған шешімнің орындалуын бақылау. Басқару, ұйымдастыру іс-әрекеттерін орындау арқылы ғана жоғары нәтижеге жетуге болады. Қазіргі нарықтық экономика жағдайында басқару әдістерінің ауқымы өте кең, соған қарамастан осы күнге дейін басқару жайындағы Әбу Насыр Әл Фарабидың, Фредерик Уйнслоу Тейлордың, Анри Файоль сияқты басқа да менеджер-ғалымдардың теориялары басқарудың негізі болып табылады.
Сондықтан қандай кәсіпорын болмасын, оның басшысы көздеген мақсатына жету үшін еңбек бөлінісі тәртібін сақтау ережелеріне басты көңіл аударуы тиіс. Еңбек бөлінісі тәртібі сақталу үшін кәсіпорынның басқару құрылымын бір жүйеге келтіру қажет. Менеджменттегі жүйелік ықпал болмай, басқару тиімділігіне жету мүмкін емес, әрбір ұйымда, тіпті күрделі емес, ұйымдардың қызметкерлері де еңбек бөлінісі тәртібін сақтап, әрбір адам өз міндетіне жауапкершілікпен қаруаы керек, яғни басқарудың тиімді құрылымы ғана тиімді басқаруға мүмкіндік туғызады.
Кез келген кәсіпорын өз жұмысын нәтижелі орындап, көздеген мақсатына жету жолында басқару жүйесіндегі қызметкерлер белгілеген міндеттерін белгілі уақытта орындауы тиіс және ол жүйелік ықпал арқылы жүзеге асады.
Жүйелілік табиғат құбылысының жалпылама қасиеті, бүкіл табиғат жүйе арқылы дамиды. Сол сияқты қоғам, барлық ұйымдар – кәсіпорындар табысқа жету үшін белгілі бір жүйеге келтірілуі – заңдылық.
Жүйе дегеніміз күрделі бірлікті құрайтын, бір-бірімен байланыста, белгілі бір схемаға немесе жоспарға сәйкес реттеліп орналасқан бірнеше бөлімнен тұратын тұтастық. Әлеуметтік-экономикалық жүйе ең күрделі, динамикалы дамитын, әрі өзін-өзі басқаратын жүйе саласына жатады. Басқа жүйелер секілді, әлеуметтік-экономикалық жүйеге де өзінің белгілі бір қасиеттері мен ерекшеліктері тән. Ал мұның өзі олардың қалыптасуы, жұмыс істеуі, әрі дамуы үшін айрықша маңызы бар.
Басқаруды бір жүйеге келтіру үшін барлық ұйымда басқару құрылымы үш деңгейге бөлінеді. Мұнда әр деңгейдегі қызметкерлердің орны, ролі, міндеті, жауапкершілігі, өз орнына сай ерекшеленеді. Әрбір деңгейдегі қызметкерлер өз деңгейіне сай салалары, мамандықтарымен бөлінеді, ал деңгейлер бір-бірімен жауапкершіліктері мен лауазымы арқылы бөлінеді.
Басқару құрылымының үш деңгейі, басқару буындары деп аталады.
Мұндағы институционалды деңгейде - ұйымның бірінші басшысы мен сала бойынша орынбасарлары, басқарушылық деңгейде- бөлім басшылары, техникалық деңгейде - хатшы-референттер, цех шебері, звено жетекшісі, тағы басқалары қызмет етеді.
Ұйымның басқару құрылымын үш деңгейге (немесе буынға) бөлу арқылы басқаруды бір жүйеге, ретке келтіріп, көздеген мақсатқа жету жолында жұмыс атқаруға қолайлы мүмкіндік туады.
Жүйе дегеніміз ондағы элементтердің қарапайым жиынтығы емес, әрбір элементтің өзіне тән функционалдық мәні, өзіндік орны бар.
Жүйенің жалпы қасиеті иерархиялығы (төменнен жоғарыға бағыну тәртібі), яғни жүйе элементтері бір-біріне тәуелді және тығыз байланыста болады. Әр деңгей белгілі бір жүйеден тұрады, әр деңгейдегі жүйе өзінің белгілерімен, ерекшеліктерімен өзгешеленеді.
Басқару құрылымын схема түрінде былай көрсетуге болады:
Басқару буынының мақсаты жүйедегі жалпы түпкі нәтижеге жетуге бағытталады. Әлеуметтік-экономикалық жүйенің маңызды қасиеті – оның дербестігі және өзін-өзі басқаруы.
Жүйе әрбір өзгерістерге бейім болуы, жағдайлардың өзгеруіне ең қолайлы әдіспен жауап қайтаруы, сөйтіп көздеген мақсатқа жетуді қамтамасыз етуі тиіс.
Кез-келген ұйым екі жүйеден құралады: басқарушы жүйе (басқарушы субъект) және басқарылатын жүйе (басқарылатын объект). Әлеуметтік-экономикалық жүйе ашық жүйе арқылы дамиды, себебі ұйым барлық ресурстарды сыртқы ортадан алады. Мысалы, еңбек ресурстары, қаржы ресурстары, материалдық ресурстар ұйымға сырттан келеді. Тиімді басқару мен қолайлы технологияның көмегі арқылы ұйым шикізатты түрлендіріп, сыртқы ортаға (нарыққа) шығарады, яғни өнім өндіріп, түрлі тауарларды нарықта сатады немесе қызмет көрсетеді. Осының нәтижесінде ұйымға пайда түсіп, табысқа жетіп, ұйым өсіп, өркендейді.
Жоғары нәтижелерге жету, басқару жүйесін жетілдіріп, ұйымның белгілі бір жүйемен жұмыс орындауы арқылы жүзеге асады. Сондықтан нарықтық қатынастардың дамуы үшін, әлеуметтік жағдайды жақсартып, өркениетті елдер қатарына қосылу үшін басты мәселе басқару жүйесін жетілдіру арқылы басқару тиімділігін арттыру болып табылады.
Ауыл шаруашылығы – бұл тек өндіріс сферасы ғана емес. Ауыл шаруашылығы өндірісінің басқа салалардан айырмашылығы – ауыл шаруашылығы экономикасы және ауыл халқы бір-бірімен үзіліссіз байланыста. Ауыл шаруашылығы өндірісіндегі дағдарысы жалпы экономиканың әлсіреуіне ықпал етеді. Соңғы жылдары ауа райының жағымды болғанына қарамастан, аграрлық секторда өнім өндіру және өткізу тәуекелі жоғары және дақылдардың түсімі төмен болды.
Агротехнологиялардың және ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіретін технологиялардың деңгейінің төмен болуы жергілікті өнімнің ішкі және сыртқы нарықта бәсекеге қабілетсіздігінің негізгі себебі болып табылады, бұл жағдай аграрлық секторда мүмкін болатын табыстарды қысқартады.
Ауыл шаруашылығы комплексін дамытуға заң шығаратын базаны құру және нығайту бойынша үлкен жұмыстар атқарылуда. Жердің нақты иесі пайда болды, ол – шаруа. Жалпы ауыл шаруашылығының қалыптасуының 99 пайызға жуығы жеке меншік иелігінде. Бұл ауыл шаруашылығы инвестиция ағымын жоғарылатуға, өндірісті тұрақтандыруға және саланың қаржылық жағдайын нығайтуға мүмкіндік береді. Ауыл шаруашылығын дамытудағы мемлекеттік бағдарламаны іске асырудың алғашқы жылында республикалық бюджеттен 55 млрд. жуық теңге бөлінді. Ал, 2004 жылы 70 млрд. теңге бөлінді. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы жеңілдетілген салық салу түрінде жанама дотация алды. Ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігін арттыру үшін тұрақты түрде жоспар бойынша мемлекет тарапынан жеңілдіктер мен осындай көмектер беріліп тұруы қажет. Ауыл аймақтарын дамытуды мемлекеттік қолдаудың әлемдік тәжірибесі көптеген елдердің ауыл аймақтарын дамытуды мемлекеттік реттеу негізінде ауыл аймақтарының экономикасы мен тікелей байланысты табыс деңгейінің көрсеткіштері көрсетеді.
Еліміздің жалпы ішкі өнімінің 8,5 пайызын ауыл шаруашылығы құрайды, мұнай өнімі саласының көлемінің өсуімен, ішкі нарықтағы тұрақсыздығы мен, тасымалдау шығындарының жоғары болуы салдарынан Қазақстан өнімдерінің бәсекеге қабілетсіздігінен және агротехнология деңгейінің төмен болуы салдарынан нарықтық экономика жағдайында ауыл шаруашылығы айтарлықтай өзгермей тұр.
Тұрғындардың жеке шаруашылығы бүгінгі күні ауыл тұрғындары үшін азық-түлік өндірушілердің бірі және ауылдық жердегі табыс көзінің қайнар көзі. Нарықтық қатынас жағдайында ауыл шаруашылығының дамуы мемлекеттік реттеумен бірге жүргізілетін қаржы-несие саясатынсыз мүмкін емес. Ауыл шаруашылығы секторы дамуындағы қаржы -несие қатынасының нарықтық механизмінің қалыптасуы жаңа ғылыми әрекеттермен ұсыныстарды талап етеді. Ауыл шаруашылығы секторының көп қырлы жағдайында өндірістің дамуына әсер ететін қаржы қатынастарын жүзеге асыру қаржының тиімді жұмсалу тәсілдеріне негізделуі тиіс. Қаржы жүйесінің жүзеге асуын негізгі ынталандырушысы ұтымды ұйымдастырумен ауыл шаруашылығы секторы тиімділігіне әсер ететін қаржы әдістері болып табылады.
Нарықтық экономика жағдайындағы қаржы құралдары қызметінің өзгеруі - өндіріске әсер ету механизмі мен басқа да әсер ету күшінің өзгеруі. Қаржы құралдары мемлекет пен агронарықтағы субъектілердің қарым-қатынасын реттеуші болуы керек.
Мемлекеттік басқару жүйесін жаңа жолмен жетілдіру және өндірісті басқару тиімділігін арттыру жолындағы басты міндеттер ретінде мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы бюджетаралық қатынстар жүйесін жетілдіру мәселелері басты орын алады.
1.2 Басқару тиімділігін арттыру жолындағы нарықтық механизмнің ролі
Өндірістің тиімділігін арттыру үшін әрбір кәсіпорын ең алдымен өзінің қызметін коммерциялық есеп негізінде жүзеге асыруы, яғни түсетін ақшалай табысты өндіріске жұмсалған шығындармен салыстырып отыруы, сөйтіп рентабельді жұмыс істеуі тиіс. Кәсіпорынның қызметін бағалау үшін үнемі жан-жақты, әрі терең талдау жасап отыру қажет. Терең талдау жасау үшін аграрлық кәсіпорындардың басшылары коммерциялық есептің мынандай принциптерін ескеру қажет:
1. Өнім өндіруге жұмсалатын шығынның өтелуі және тауарлы өнімді өткізуден түскен табыс оның өзіндік құнынына асып түсуі үшін сату бағасының жоғары болуын қаматамысыз ету;
2. Кәсіпорынның басқа да өндірушілермен бәсекелестігі, өнімнің сапасы, бағасы қызмет пен өнімнің түрелері бойынша бәсекелестікке төтеп беріп, озып шығу;
3. Барлық қызметкерлердің, өндірісітің нәтижелі болуына ынталылығы үшін еңбекке негізгі ақы төлеу, қосымша ақы төлеу, сыйлық беру арқылы жүзеге асады, ал ондай әдістер рентабельді шаруашылықта ғана қолданылады.
4. Өндірістің нәтижелерін бақылау жүргізу ақшадай формада өлшеуге негізделген және оны басшы қызметкерлер жүзеге асырады.
Осы аталған принциптер орындалу үшін нарықтық механизм қалыптастру қажет. Нарықтық механизм қалыптастыру факторлары - өнім (тауар), бәсеке, баға және нарық, яғни бәсекеге қабілетті жоғары сапалы өнім өндіру, оны өзіндік құнынан жоғары бағаға нарықта сату.
Бәсеке күресінің жәрдемімен қоғамдық өндірісті тиімсіз шаруашылық бірліктерінен тазартады және керісінше олардың даму болашағы барларына тиімді жағдай жасайды. Біздің нарық терең монополияландырылған, сондықтан нарықтық ортаны қалыпты жағдайда ұстап тұру үшін біздің алдымызда бәсекелестер әлемін құру міндеті тұр. Бұл нарықтық қатынастардың табиғи болмысы, мұндай жағдайда тауар өндірушілер өнім өндіру мен сатуға байланысты кәсіпкерлікпен белсенді түрде айналысуға мүдделі болады.
Нарықтық экономика жағдайында ескеретін маңызды жәйт –ол өндіріс құрал- жабдықтарына жеке меншік және кәсіпкерліктің толық еркіндігін заң жүзінде бекіту. Онсыз шын мәніндегі нарықтық экономикаға сай экономикалық мәні болмайды. Нарық жағдайында бәсеке күресінің бірнеше түрлері болады:
а) таза бәсеке
б) монополиялық бәсеке
б) олигополиялық бәсеке
Нарықтық қатынастар дамыған елдерде жетілген бәсеке (ол нарықтық бағаға ешқайсысы да әсер ете алмайтын жағдайда болады) және жетілмеген бәсеке (ол егер белгілі бір тауардың негізгі массасын тек қана бірнеше ірі фирмалар өндіретін жағдайда болады) деп те бөлінеді. Енді жоғарыда көрсетілген бәсеке түрлеріне кеңірек тоқталайық.
Таза бәсеке нарығын бір- біріне ұқсас (бір-бірін ауыстыра алатын) тауарларды көптеген сатушалар және сатып алушылар құрайды, олардың бірде-..................
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру