Азаматтық құқық | Мұрагерлік құқық қатынастары
Мазмұны
КІРІСПЕ ..............................................................................................
I тарау. Мұраланудың жалпы ережелері .........................................................
1.1. Мұраланудың түсінігі .....................................................................
1.2. Мұраның ашылуы............................................................................
1.3. Мұраның ашылу уақыты.................................................................
1.4. Мұраның ашылу орны ....................................................................
II тарау. Заң бойынша мұрагерлік....................................................................
2.1. Заң бойынша мұрагерлер кезектері және оларды мұрагерлікке шақыру тәртібі..............................................
2.2. Ұсыну құқығы бойынша мұрагерлік................................................
2.3. Қажетті мұрагерлер............................................................................
III тарау. Мұрагерлікті жүзеге асыру .............................................................
3.1. Мұраны алу........................................................................................
3.2. Мұраны қорғау...................................................................................
3.3. Мұрагерлікті рәсімдеу......................................................................
Қорытынды......................................................................................................
Библиография .................................................................................................
Кіріспе
Мұрагерлік - өте ертеден келе жатқан көне институттардың бірі. Мұрагерлік тарихына көз жіберсек, оның адамзат қоғамымен бірге жасап, бірге дамып отырғанын байқаймыз. Алайда, алғашқы қауымдық қоғам кезеңінде, адамдардың қазіргі заманмен салыстырғанда өте қарапайым болып және оны қанағаттандыру құралдарының жетімсіздігі әсерінен болар, ол кезеңдерде әлі мұрагерлік деген түсінік қалыптаспаған еді. Мүмкін, оны мұраға қалдыратын мүліктердің жоқтығымен де түсіндіруге болар. Әрине, ол заманда да аңшылық, балық аулау құралдары, жабайы терілер, үйді ұстауға жабдықтар, т.б. адам өміріне қажетті құралдар әкеден балаға, рудан-руға қалып отырған. Сонымен, мұндай жағдайда туындайтын қатынастар құқық нормаларымен емес, ғасырлар бойы дәстүрлермен реттелетін еді. Соған сәйкес, бұл қатынастарды жүзеге асыру қазіргідей мемелекеттік мәжбүрлеу шарасымен емес, қоғамдық пікір, ру, тайпа беделі сияқты шаралармен жүзеге асырылатын.
Әдет – ғұрып, дәстүрді орындамаған адамға рудан (тайпадан) шығару қаупі туындады. Ал тайпадан (рудан) шығарылу нәтижесі ашық өлімге әкелетін еді. Ол адам сол кезде ең қорқынышты жаза деп танылатын құдайлар қарғысына ұшырады деп есептелінетін еді.
Кейінірек шаруашылық мүліктері дамыған сайын, адамдардың қатынастары күрделене келе, тайпалық қатынастар әлсіреген кезде қайтыс болған адамдардың мүлкі кімге қалады, оған кім ие болады деген заңды сұрақ әркімнің көкейінде тұратын болады. Осылайша қоғам әлеуметтік топтарға бөліне келе, жеке меншік қалыптаса түсіп, осылармен бірге мұрагерлік те пайда болып, дами берді.
Жеке меншіктің дамуы, оның таптық жолдан арылуы мұрагерлік қабылдаушылықтың объектісі бола алмайтын тұлғанын өзін қоспағанда, адамдардың әртүрлі қажеттіліктерін қанағаттандыруды қамтамасыз ететін, түсім әкелуге қабілетті барлық нәрсе біртіндеп мұрагерлік пәніне айнала бастады. Бұл үшін адамзатқа мыңдаған жылдар қажет болады.
Кейін келе мемлекеттің пайда болуына орай, әлеуметтік жіктелістің айқындала түсуі меншіктің алуан түрлілігін тудырады. Оның айқын көрінісі, саяси биліктің ең жоғарғы нысаны саналатын мемлекеттік тақ мұрагерлігінің пайда болуы дер едік. Тақ мұрагерлігі әр елде, әр түрлі тарихи кезеңдерде әр түрлі аталғанмен сипаты жағынан бәрі де монархиялық (әкеден балаға, ағадан ініге) дара билеуге саяды.
Ал, түбі бір түркі халықтарының, соның ішінде қазақ халқының тарихында ерте заманнан бері мұрагерліктің әскери, әкімшілік, тайпалық, мүліктік және рухани дәстүрлі жалғастығы немесе мұрагерлігі қалыптасқан болатын. Біздің ата – бабаларымыз құрып, қалыптастырған үлкенді – кішілі мемелекеттерде мемлекет – халық - әскер күшінің бірлігі бұлжымас салттық дәстүрмен біте қайнасқан. Ру, тайпаның әрбір мүшесі мемелекеттік қорғауға, оның амандығын сақтауға міндетті болуымен бірге, өзін сол мемлекеттің толық құқықты мүшесі әрі «мұрагері» деп кәміл сенетін. Мәселен, біздің этникалық тегіміз, прототүрік хұндар (біздің санауымызға дейінгі III ғасырдың екінші жартсымен біздің заманымыздың I ғасырына дейін өмір сүрген) империясының дәуірінде қалыптасқан мұрагерлік үрдісінен бір мысал келтірсек. Хұн тәңірқұты Тұманның жарлығы бойынша соғыс майданында қаза болған сарбаздың сүйегін далада қалдырмай, оз еліне алып келген әскерге марқұмның бала – шағасына, мал – мүлкіне иелік ету құқығы берілгендігі Қытайдың «тарихнама» атты жазбасында атап көрсетілген.
Демек, біз бұдан мұрагерлік дәстүрінің мыңдаған жылдық тарихы бар екенін аңғарамыз. Мұндағы назар аударалық екі жағдайды атап өтелік: бірінші, елден шалғайдан, жат жерде жорықта жүрген кез – келген сарбаз ажал жетіп қаза болса, сүйегі далада қалып, ит – құсқа жем болмайтынына, туған жерден топырақ бұйыратынына нық сенімде болады. Екіншіден, майданда мерт болған боздақтың артында қалған бала – шағасы бас иесіз қалмай, қамқоршысы болатынына сеніммен жүре алады. Сөйтіп, әскер мен халық және мемлекетте біртұтас өмір сүруге кепілдік берілгенін көреміз. Бұл жағдай қазақ халқының өмірінде де күні кешеге дейін түрлі көріністе өз жалғасын тауып келгендігі белгілі.
Мұрагерліктен туындайтын қатынастар адам өміріне етене жақын болғандықтан, қай дәуірде де өз жалғастығын тауып келген. Мысалы, қазақтың көне халықтық тәжірбиесінде мұраны бөлу жөнінде ертеден келе жатқан мынадай бір аңыз бар.
Бір адам үш баласына 17 жылқыны мұраға қалдырып, дүние салады. Тұнғышына жартысын, ортасына үштен бірін, кенжесіне тоғыздан бірін өсиет еткен. Бұлар үлестерін бөлісе алмай, дағдарып отырғанда арық атты жолаушы кездеседі. Жолаушы өз атын әлгі жылқыларға қосып, «Енді үлестерінді ала беріңдер», - дейді, 18 жылқыдан тұңғыш баласы 9, ортаншысы 6, кенжесі 2 жылқы алып, бітіседі. Сөйтіп, жолаушының арық аты артық қалады.
Мұнан көретініміз, өте ертеде – ақ мұра жағдайы, оны бөлісу сияқты мәселелер қазақ халқына да кездесіп, қал – қадірінше шешіліп отырған.
Иә, үй қожасы болғанда, оның мал – мүлкін талан – тараждан сақтау үшін, бала шағасына, әйеліне, туыстарына әділ және дұрыс бөліп беру үшін мұндай есептеулер кажет – ақ болған. Мұндай есептеулер сол кезде қабылданған ережелер арқылы жүргізіліп отырған. Ондай ережелер Қазан төңкерісіне дейінгі Қазақстанда да әрекет еткені белгілі. Төңкеріліске дейінгі қазақ халқында барымта, мұраға таласу, жер және жесір даулары осындай ережелермен шешіліп отырған. Оған мысал ретінде, 1985 жылғы Семей облысының қазақтары үшін қабылданған Қарамолдағы ережені айтуға болды. Бұл ереженің соңында Абайдың да қолы бар.
Ол осы ережені жасаушыларға ақыл – кеңес беріп отырған сыңайлы. Мінеки, осы «Қарамола ережесінде» мұрагерлікке қатысты мынадай қағидалар бар: «Егер ері өлген әйел, баласы бар болса да, жоқ болса да екінші күйеуге тимей отырса, ерінен қалған барлық мал мен мүлікке өзі ие болады.
Қалыңдық өлгенде балдызы жездесіне тимесе, қыз әкесі алған қалың малын күйеуге қайтарады».
Осылайша, мұрагерліктен туындайтын қатынастар дәстүр ерекшеліктерін сақтай отырып, кеңес жылдарына дейін жалғасып келеді. Келесі, кеңестік жылдардағы мұрагерлік құқық, сол кеңестік жылдардағы мұрагерлік құқық, сол кеңестік өкіметтің бағыт – дағдарына тәуелді болып, даму мүмкіндігі тежелеген салалардың біріне айналады. Көненің бәрін теркі еткен большевиктік солақай саясат қандай күшпен болса да, жеке меншікті жоямыз деген ұранын дүрілдетіп тұрды. Ал, мұраның негізінің өзі жеке меншікке бағышталатындығы белгілі.
Сөйтіп, жеке меншікті жою мақсатында бірнеше заңдар қабылданды. Мысалы, 1917 жылдың 26 қазанында «Жер туралы», 1917 жылдың 14 желтоқсанында «Банктерді ұштастыру туралы» деректер қабылданды. Жеке меншіктің мұрагерлік жолымен берілуін жою мақсатында 1918 жылдың 27 сәуірінде «Об отмене наследования» декреті жарияланды. Осы декреттің 1 – бабына сәкес, заң бойынша да, өсиет бойынша да мұрагерлік мүлдем алынып тасталды. Яғни, мүлік иесі қайтыс болғаннан кейін оған тиісті (жылжитын, жылжымайтын) барлық мүліктері мемлекеттің, дәлірек айтқанда РСФСР – дің қарауына (меншігіне) өтетін болды. Осылай қалыптасқан жағдай жаңа экономикалық саясаттың келуімен, біршама шектеулермен болса да, мұрагерлік құқығын қайта дамытуға өз үлесін қосты. Сәл кейінірек, 1922 жылдың 22 мамырында қабылданған «Об основных частных имущественных правах, признаваемых РСФСР» деген декретте, егер мұраның жалпы құны 10 000 алтын рубльден аспайтын болса, мұраны жұбайының және тікелей ұрпақтарының заң бойынша мүрагерлік жолымен алу құқығы бекітіліп, әрі осы декрет негізінді Азаматтық кодексті мұрагерлік құқық бөлімінің іргесі қаланған болатын.
Жоғарыда атап өткеніміздей, солақай саясат дамуын шектеп келген мұрагерлік институты, тек 1945 жылы ғана кеңірек тыныстауға мүмкіндік алды. Осы жылдың 14 наурызында қабылданған ССР Жоғары Кеңес Президиумының «О наследниках по закону и по завещанию» деген Жарлығымен заң бойынша және өсиет бойынша мұрагерлердің құқығы едәуір кеңіді. Мұндағы демократиялық қағидалар кейінірек Азаматтық кодексте өз көрінісін тапты.
Осындай небір бұралаң жолдардан өткен мұрагерлік құқығы тәуелсіз Қазақстан заңдарында өзіне лайықты орынын алды деп есептейміз. Еліміздің құқық үйесінде мұрагерлік құқығы азаматтық құқықтың үлкен бір бөлімі ретінде бекітілген. Әрі, іздің республикадағы әрекеттегі заңға сәйкес, мұраның көлеміне шектеу жоқ.
Мұрагерлік құқық қатынастарының пайда болуынаң негізі мұра. Мұраның бірден – бір критерийі меншік. Еліміздің Ата заңы, Конституциямыздың 26 – бабының, 1 – тармағында «Қазақстан Республикасының азаматтары заңды түрде алған қандай да болсын мүлкін жеке меншігінде ұстай алады» деп мүлікке жеке меншік нысаны заңмен бекіткен. Осы аталған баптың 2 – тармағында «меншік, оның ішінде мұрагерлік құқығына заңмен кепілдік беріледі» деп көрсетілген. Сонда, қазіргідей адамзат қоғамы белгілі бір рухани, экономикалық даму кезеңіне жеткен дәуірде мұрагерлік адамзатқа ен берді, оның маңызы неде деген заңды сұрақ туындайды. Иә, мұрагерлік институты өмірде мүліктік құқықтар мен міндеттер жиынтығы бар кезде үлкен маңызға ие болары белгілі. Сөйтіп, мұрагерлік құқығы адамның болашағының кепілі ретінде көрінеді. Қоғамның кез келген мұшесі өз өмірінде жинаған барлық материалдық және рухани құндылықтарының өмірден өткеннен кейін ұрпақтарына қалуын қалаған сезімде өмір сүретіндігі белгілі, әрі сол үшін қызмет етеді.
Бүгінгі таңда, еліміздің мұрагерлік құқығына мұраны қалдырудың заңда бекітілген екі түрі бар. Олар: заң бойынша мұрагерлік және өсиет негізіндегі мұрагерлік.
Әрине, жылжитын, жылжымайтын мүліктер және т.б. мүліктік құқықтар игілігі молайған мына нарық заманында мұрагерлік құқығына тиісті дәрежеде көңіл бөлінгені қажет – ақ. Себебі, заң базасының тұрақты әрі мықты болуы Қазақстан азаматтарының өз ертеңіне деген сенімін арттырып, болашаққа деген үмітін жайландыра түспек.
Біздің елімізде азаматтардың ұлғайып келе жатқан материалдық және мәдени қажеттіліктерін қанағаттандыру әлеуметтік қызмет көрсетудің жалпы нысандарын дамыту жолымен ғана емес, азаматтардың тұтыну құралдарына жеке меншікті айыру жолымен де жүзеге асырылады.
Мұрагерлік – бұл қайтыс болған тұлға – мұра қалдырушының құқықтары мен міндеттерінің оның мұрагерлеріне мұрагерлік құқық нормаларына сәйкес өту. Азаматтың азаматтық құқықтары мен міндеттерінің ол қайтыс болғаннан кейін басқа тұлғаға өтуі мына белгілермен сипатталады:
1) мұраға өтудің негізі – мұрагерлік құқық нормаларында көрсетілетін күрделік фактілік құрам;
2) берілген құқықтар мен міндеттер мұра деп аталатын белгілі бір бірлікті құрайды;
3) мұндай құқықтар мен міндеттерге ие болатын тұлға, қайтыс болған азаматтың жалпы (әмбебап) құқық қабылдаушысы болып келеді.
Мұрагерлік түсінігін анықтай отырып, мына екі жағдайды айта кету керек: біріншіден, мұра қалдырушының құқықтары мен міндеттері мұрагерлерге құқық мирасқорлығы негізінде, яғни егер АҚ ережелерінде өзгеше көзделмесе бір уақытта тұтастай бірлік ретінде өтеді, екіншіден, АК-пен және басқа да заңдармен мұрагерлікпен берілуге тиым салынған немесе сол құқықтар мен міндеттердің құқықтық табиғатына қайшы келетіндері қоспағанда, мұра қалдырушының барлық құқықтары мен міндеттері кіреді.
Мұрагерлік екі негіз бойынша жүзеге асырылады:
1) заң бойынша мұрагерлік;
2) өсиет бойынша мұрагерлік.
Заң бойынша мұрагерлік егер ол өсиетпен өзгеше өзгертілмесе ғана болады.
Заң бойынша мұрагерлік өсиет болмаса, не өсиет жарамсыз деп танылса, өсиет ойынша мұрагер мұрадан өсиет бойынша мұрагерлердің пайдасына емес бас тартса, не өсиет бойынша барлық мұрагерлер лайықсыз мұрагер ретінде мұрадан шеттетілсе, мүліктік өсиет етілмей қалған бөлігі болса туындайды.
Заң бойынша мұрагерлікке мұра қалдырушының барлық құқықтары мен міндеттерінің мұраға өту шарттары мен тәртібі заңның өзінде көрсетіледі. Мұнда мұра қалдырушының мүлігі көрсетілген тұлғалар арасында және кезекке сәйкес теңдей үлеспен бөлінеді.
Мұрагерлік құқықтың жүзеге асырылуының заңдық кепілдігі мұрагерлік және оны құрайтын мұрагерлік құқығын реттейтін нормалармен көрсетілген. Мұрагерлік қатынастар АК – тарауымен, ҚР «Нотарит туралы» Заңымен, ҚР Жоғарғы Сот Пленумының «Мұрагерлік жөніндегі заңдарды соттардың қолдануындағы кейбір мәселелер туралы» қаулысымен, ҚР нотариустарының нотариаттық іс - әрекеттерді жасау тәртібі туралы нұсқаулықпен және тағы басқа да нормативтік құқықтық актілерменен мұрагерлік қатынастар туындаған жағдайда реттеліп отырады.
Заң бойынша мұралану үшін ең болмағанда заңмен қарастырылған екі заңды факт болуы керек. Олар: біріншіден, мұраға шықырылатын тұлға заң бойынша мұрагерлердің қатарына кірулері қажет; екіншіден, мұраның ашылуы қажет. Мұра қалдырушы мұрагерлік құқығында ең бір ортаңғы шеңбердегі фигуралардың бірі болып табылады. Бірақ мен мұра қалдырушыны мұрагерлік құқықтық қатынастардың субъектісі болады деген пікір айтып отырғаным жоқ. Егер мен мұра қалдырушыны мұрагерлік құқықтық қатынастың субъектісі деп санайтын болсам ақылға сыйымсыздық болар еді. Оған себеп: мұра қалдырушы дегеніміз қайтыс болған тұлға. Ал қайтыс болған адамдар қандай да болсын құқықтық қатынастың субъектісі бола алмайды.
I – тарау. Мұраланудың жалпы ережелері.
Біздің елімізде азаматтардың ұлғайып келе жатқан материалдық және мәдени қажеттіліктерін қанағаттандыру әлеуметтік қызмет көрсетудің жалпы нысандарын дамыту жолымен ғана емес, азаматтардың тұтыну құралдарына жеке меншікті айыру жолымен де жүзеге асады.
Мұрагерлік – бұл қайтыс болған тұлға мұра қалдырушының құқықтары мен міндеттерінің оның мұрагерлеріне мұрагерлік құқық нормаларына сәйкес өтуі. Азаматтың азаматтық құқықтары мен міндеттерінің ол қайтыс болғаннан кейін басқа тұлғаға өтуі мына белгілермен сипатталады:
Мұраға өтудің негізі - мұрагерлік құқық нормаларында көрсетілген күрделі фактілік құрам;
Берілген құқықтар мен міндеттер мұра деп аталатын белгілі бір бірлікті құрайды; Мұндай құқықтар мен міндеттерге ие болатын тұлға, қайтыс болған азаматтың жалпы (әмбебап) құқық қабылдаушысы болып келеді.
Мұрагерлік түсінігін анықтай отырып, мына екі жағдайды айта кету керек: біріншіден, мұра қалдырушының құқықтары мен міндеттері мұрагерлерге құқық мирасқорлығы негізінде, яғни егер АК ережелерінде өзгеше көзделмесе бір уақытта тұтастай бірлік ретінде өтеді, екіншіден АК- пен және басқа да заңдармен
мұрагерлікпен берілуге тиым салынған немесе сол құқықтар мен міндеттердің құқықтық табиғатына қайшы келетіндерді қоспағанда, мұра қалдырушының барлық құқықтары мен міндеттері кіреді.
Мұрагерлік екі негіз бойынша жүзеге асырылады: Заң бойынша мұрагерлік; өсиет бойынша мұрагерлік.
Мұралықтың негізі өсиет болған жағдайда мұрагерлер арасында Құқықтар мен міндеттерді бөлу және мұрагерлерді белгілеу өсиет қалдырушының еркіне байланысты.
Заң бойынша мұрагерлік егер ол өсиетпен өзгеше өзгертілмесе ғана болады. Заң бойынша мұрагерлік өсиет болмаса, не өсиет жарамсыз деп танылса, өсиет бойынша мұрагер мұрадан өсиет бойынша барлық мұрагерлер лайықсыз мұрагер ретінде мұрадан шеттетілсе, мүліктің өсиет етілмей қалған бөлігі болса туындайды.
Заң бойынша мұрагерлікке мұра қалдырушының барлық құқықтар мен міндеттерінің мұраға өту шарттары мен тәртібі заңның өзінде көрсетіледі. Мұнда мұра қалдырушының мүлігі көрсетілген тұлғалар арасында және кезекке сәйкес теңдей үлеспен бөлінеді.
Мұрагерлік негіздері (өсиет бойынша, заң бойынша) келісімнің пәні бола алмайды.
Мұрагерлік құқықтың жүзеге асырылуының заңдық кепілдігі мұрагерлік және оны құрайтын мұрагерлік құқығын реттейтін нормалармен көрсетілген. Мұрагерлік қатынастар АК – тараумен, ҚР «Нотариат туралы» Заңымен, ҚР Жоғарғы Соты Пленумының «Мұрагерлік жөніндегі заңдарды соттардың қолдануындағы кейбір мәселелері туралы» қаулысымен, ҚР нотариустарының нотариаттық іс - әрекеттерді жасау тәртібі туралы нұсқаулықпен және т.б. да нормативтік құқықтық актілермен мұрагерлік қатынастар туындаған жағдайда реттеліп отырады.
Заң бойынша мұралану үшін ең болмағанда заңмен қарастырылған екі заңды факт болуы керек. Олар: біріншіден, мұраға шақырылатын тұлға заң бойынша мұрагерлердің қатарына кірулері қажет; екіншіден, мұраның ашылуы қажет. Мұра қалдырушы мұрагерлік құқығына ең бір ортаңғы шеңбердегі фигуралардың бірі болып табылады. Бірақ мен мұра қалдырушыны мұрагерлік құқықтық субъектісі болады деген пікір айтып отырғаным жоқ. Егер мен мұра қалдырушыны мұрагерлік құқықтық қатынастың субъектісі деп санайтын болсам
ақылға сыйымсыз болар еді. Оған себеп: мұра қалдырушы дегеніміз қайтыс болған
тұлға. Ал қайтыс болған адамдар қандай да болсын құқықтық қатынастың субъектісі бола алмайды.
Мұра қалдырушылар болып тек жеке тұлғалар болып табылады. Мұраның ашылуы бұл мұрагерлік құқықтар мен міндеттердің пайда болуына жағдай туғызатын фактілердің пайда болуы. Мұра ашылған кезден бастап нақты тұлғаның
мұраны қабылдауы немесе мұрадан бас тартуы деген сияқты мүмкін болатын болжамдар жүзеге асады.
ҚРАҚ 1042 – бабының 1 – тармағына сәйкес мұраны ашуға әкеліп соғатын екі факт бар. Бұл:
1) азаматтың қайтыс болуы;
2) хабар – ошарсыз кеткен адамды өлді деп жариялау.
АК – тің 1042 – бабының 2 – тармағына сәйкес мұраның ашылған уақыты болып мұра қалдырушының қайтыс болған күні, ал хабар – ошарсыз кеткен адамды ҚРАIЖК – нің 32 – тарауының ережелеріне сәйкес азамат қайтыс болды деп жарияланған жағдайда, хабар – ошарсыз кеткен мұра қалдырушыны қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімінің заңды күшіне еңгені танылады.
Мүдделі тұлғалар азаматты қайтыс болды деп жариялау туралы арызды осы тұлғаның аты – жөнін, әкесінің атын, туған жылын, туған жерін;
Мүдделі тұлғаларға белгілі ол тұлғаның соңғы тұрғылықты жерін және жұмыс орнын;
Тұлғаны өлді деп жариялау қандай мақсатқа (мысалы, мұраны алу үшін) қажет кенін көрсетулері қажет. Фактіні бекіту мақсатында арыздың иесі, яғни мүдделі тұлғалар сот отырысында жауап алынуы тиіс куәларды көрсетеді және сонымен қатар хабар – ошарсыз кетудің өзге де дәлелдемелерін ұсынады. Өлім уақыты адам ағзасындағы өзгерістердің қайтарымсыздығын дәлелдейтін медико – биологиялық мәліметтер негізінде бекітіледі. Егер ағзаның өмірге қабілеттілігі жасанды тыныс алу, қан айналым аппараттары көмегімен ұсталып тұрса, онда өлім әлі туған жоқ. Осы аппараттар ажыратылғаннан кейін және адам өмірі мағынасыз болатын.............

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: курстык жумыс Мұрагерлік құқық қатынастары курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар азаматтық құқық жобалар курстық жұмыстар